26) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жібереді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңартып отыру жөнінде ұсыныстарды жібереді;
28) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында жүргiзілетiн мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында өз қызметі туралы мәлiметтердi орналастырады;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;
31) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;
32) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды орналастырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға жібереді;
34) монополияға қарсы орган қабылдаған бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме береді;
35) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
37) нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігін белгілейді;
38) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
39) осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз береді;
39-1) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 39-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 39-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39-3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторингті жүзеге асырады;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
39-4) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған, экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне осы Кодекстің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 39-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
40) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 90-7-бап өзгертілді
90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануды реттеу және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған тұлғалар монополияға қарсы органға сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім уәжді өтініш алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етілуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
8-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
91-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұғымы
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені түсініледі.
92-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) шағын және орта кәсіпкерлік, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік;
2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) инновациялық қызмет;
4) сарнайы экономикалық аймақтар;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) индустриялық аймақтар;
5) инвестициялық қызмет;
6) отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің креативті индустриялар саласындағы қызметі;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) тұрғын үй құрылысы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) қалдықтармен жұмыс істеу;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) туристік қызмет.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де бағыттар бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
93-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:
1) қаржылық және мүліктік қолдау;
2) инфрақұрылымдық қолдау;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қаржылай емес қолдау.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін көздейді.
94-бап. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау
1. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
2) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
3) екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік және инвестициялық гранттар беру;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субсидиялау;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-2) «жасыл» облигациялар, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылғандар және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілгендер бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
7) шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы лизингіне ішінара кепілдік беру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша ішінара кепілдік беру;
9) лизинг;
10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдаудың өзге де шараларын беру арқылы жүзеге асырылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салалардағы уәкілетті органдар бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай және мүліктік қолдау тәртібін, нысандарын, мөлшерін және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
95-бап. Жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры (бұдан әрі - арнайы қор) жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдауды ұсыну арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті сапалы дамытуға жәрдемдесу арнайы қор қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Арнайы қордың негізгі міндеттері:
1) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер, микрокредиттер, лизинг алған кезде олардың міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін, сондай-ақ эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша кепілдік беру жүйесін құру;
3) қаржы лизингін дамыту;
4) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау мәселелері бойынша оқыту және консалтинг;
5) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қолдау;
6) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
8) жеке кәсіпкерлік идеясын насихаттау;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
10) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
2. Арнайы қордың міндеттерін іске асыру тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 96-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
96-бап. Қаржылай емес қолдау
1. Қаржылай емес қолдау жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың жұмыскерлерінің бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруына және еңбек өнімділігін арттыруына мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру, қолайлы және бәсекелес кәсіпкерлік орта құру, кәсіпкерлік бастама мен кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік және өзге де бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқу семинар-тренингтері мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
2) шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру;
3) жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы əдістемелік оқу құралдарын, ақпараттық бюллетеньдерді тарату;
4) кəсіби деңгейде түсіндірмелер, ұсынымдар жəне консультациялардың өзге де нысандарын ұсыну;
5) басқарушылық, қаржылық, заңдық, кадрлық, технологиялық жəне өзге де мəселелерді шешу үшін түрлі сала мамандарынан, оның ішінде тəлімгерлік форматында сараптамалық практикалық көмек көрсету;
6) шетелдік озық технологиялардың трансфертіне жəрдемдесу;
7) отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) экспортқа ілгерілету кезінде сервистік-ақпараттық қолдау;
8) жеке кəсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарды даярлау;
9) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықтың жұмыста пайдалануы үшін талдамалық ақпаратты (анықтамалықтарды, статистикалық жинақтарды, анықтамаларды, ақпараттық хаттарды, есептерді, баяндамаларды жəне өзге де материалдарды) дайындау жəне тарату;
10) жергілікті жəне оқшау ресурстардан алынған тауарларды (өнімді) айқындау жəне оларды ішкі жəне (немесе) сыртқы нарықтарға одан əрі ілгерілетуге жəрдемдесу;
11) кəсіпкерлікті танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
12) кəсіпкерлер, сондай-ақ мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға жəрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
3. Кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті орган қаржылай емес қолдауды жүзеге асыру мақсатында өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
1) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдауға бағытталған мемлекеттік жəне өзге де бағдарламалар жəне олардың іске асырылуы туралы;
2) экономикалық қызмет түрлері бойынша сыныптай отырып, жеке кəсіпкерлік субъектілерінің саны туралы;
3) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымын құратын ұйымдар туралы, осындай ұйымдардың жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халыққа қолдау көрсету шарттары мен тəртібі туралы;
4) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай жəне қаржылай емес қолдау шаралары туралы;
5) кəсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға жəне жеке кəсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына жүргізілген талдау нəтижелері туралы;
6) жеке кəсіпкерліктің дамуы мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобалары туралы;
7) жеке кəсіпкерлік субъектілерін дамытуға жəне кəсіпкерлік бастамасы бар халыққа қажетті, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де ақпаратты орналастырады.
4. Мемлекеттік қаржылай емес қолдау тəртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кəсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) жəне мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды тиісті салалардың уəкілетті органдары кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
5. Жеке кəсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың əртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тəртібін, нысандарын жəне оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 97-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 97-бап өзгертілді
97-бап. Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау
Жеке кəсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпарат беруді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді қоса алғанда, жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықтың жұмыс істеуі мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін құрылып жатқан немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдардың кешені ретінде түсініледі.
Жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымына кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, бизнес-инкубаторлар және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.