6. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
41) 450-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары - кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды бағалау жүргізілетін белгілер жиынтығы;»;
42) 452-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану мақсатында кеден органдары кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары негізінде төмен, орташа немесе жоғары тәуекел деңгейінің санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттауды жүзеге асыра алады.
Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын кеден органы айқындайды және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында қолжетімділігі шектелген құпия ақпарат болып табылады.
Уәкілетті орган айқындайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылмайды.»;
«5. Тәуекелдердің бейіндері мен индикаторларында қамтылған ақпарат:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері;
2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешектің, өсімпұлдардың, пайыздардың болуы;
3) уәкілетті орган бекітетін, тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесі;
4) уәкілетті орган бекітетін, тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі туралы ақпаратты қоспағанда, құпия болып табылады.»;
43) 461-бапта:
2-тармақ «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Өтінішке» деген сөз «Электрондық түрдегі өтінішке» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «(түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері)» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.»;
алтыншы бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «жазбаша немесе электрондық нысанда» деген сөздер «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
44) 463-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;»;
5) тармақшаның екінші бөлігіндегі «жазбаша немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уәкілетті органның зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімі кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей құқық иеленушіні немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтың 45) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
45) 55-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«55-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
2-тармақтың 46) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
46) 475-баптың 1-тармағындағы «және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға» деген сөздер алып тасталсын;
47) 485-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «тиісті бұйрық қабылданған күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей» деген сөздер «тиісті шешім күшіне енген күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
48) 486-бапта:
13-тармақта:
«496-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің» деген сөздер «496-бабы 1-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«535-бабының» деген сөздерден кейін «10, 11,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«, 19, 20 және 21-тармақтарына» деген сөздер «және 19-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
бірінші бөлік:
«кепілгерге» деген сөзден кейін «және (немесе) сақтандыру ұйымына» деген сөздермен толықтырылсын;
«шартында» деген сөзден кейін «және (немесе) сақтандыру шартында» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік үшінші абзацындағы «кепілгердің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.» деген сөздер «- кепілгердің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.»;
үшінші бөлікте:
«банк» деген сөзден кейін «, сақтандыру ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
49) 489-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.»;
50) 490-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті органға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
2-тармақта:
бірінші абзац «растайтын» деген сөзден кейін «электрондық түрдегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «азаматтық-құқықтық» деген сөздердің алдынан «сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын» деген сөздермен толықтырылсын;
3, 5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.»;
«5. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
«7. Заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»;
51) 491-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеден өкілінің кеден өкілі ретінде қызметін тоқтата тұру туралы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;»;
3) тармақшадағы «және 137-бабының 4-тармағына» деген сөздер «, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес кеден органы мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Заңды тұлға кеден өкілі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін уәкілетті органға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, мұндай тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы шешім негізінде қайта басталады, ол кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден өкілінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кеден өкілінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
52) 492-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «өкілінің» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «551-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін» деген сөздер «536 және 551-баптары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) заңды тұлғалардың кеден өкілдері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден өкілдерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайта берген өтінішін уәкілетті орган тұлғаны осындай тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды» деген сөздер «кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті уәкілетті орган кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
53) 494-баптың 5-тармағында:
4) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының (лауазымды адамының)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) егер кеден органы лауазымды адамының тауардың кедендік құнын қате айқындау және (немесе) растау фактісі анықталған болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты және (немесе) шешімді қайта қарауға және (немесе) осы Кодекстің 410-бабының 10 және 19-тармақтарына сәйкес бұрын расталған тауардың кедендік құнын қайта қарауға;
6) осы Кодекстің 51-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кеден органы лауазымды адамының тауарларды қате сыныптау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың кодын өзгертуге;
7) осы Кодекстің 47-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, алдын ала шешімді берген кеден органы лауазымды адамының тауарларды қате сыныптау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлардың кодын өзгертуге байланысты жағдайларды қоспағанда, кеден өкілі осындай міндетті өзі өкілдік ететін тұлғамен ынтымақты түрде орындайды.»;
54) 495-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
55) 496-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.»;
56) 497-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумақтық кеден органына кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «растайтын» деген сөзден кейін «электрондық түрдегі» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «мемлекеттік ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
«6. Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»;
57) 498-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «кедендік тасымалдаушының» деген сөздерден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.»;
4-тармақтағы «Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған» деген сөздер «Осы баптың 3-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда мұндай тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік тасымалдаушы қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кедендік тасымалдаушының осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
58) 499-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «тасымалдаушының» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Кодекстің 500-бабының 2) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау жағдайларын қоспағанда, кедендік тасымалдаушыны күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 533, 534, 549, 550, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметі шеңберінде кедендік тасымалдаушылардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тасталған жағдайда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
59) 501-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
60) 503-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның екінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: