мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
30) 202-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Шартты» деген сөз «Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шартты» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы «3» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
31) 253-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында» деген сөздер «кедендік аумақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 264-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі «қайта өңдеу мерзімі аяқталған» деген сөздер «кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 277-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «қайта өңдеу мерзімі аяқталған» деген сөздер «ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 415-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісі жасалады және үй-жайлары және (немесе) аумақтары қарап-тексерілген тұлғаға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.»;
35) 416-бап мынадай мазмұндағы 6-1, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Тексерілетін тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өзінің орналасқан жеріндегі кеден органына таратуға құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтінішті бір мезгілде ұсына отырып жазбаша хабарлайды.
Бұл ретте кедендік тексеру тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы таратуға құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтінішті алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей басталуға тиіс.»;
«11. Осы баптың 12-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 417, 418 және 419-баптарында көзделген құжаттарды кеден органы жібереді немесе қолын қойғызып табыс етеді.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы жіберілген құжаттар мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойылған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
құжат веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Көрсетілген тәсіл:
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады;
құжат «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Көрсетілген тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
2-тармақтың 35) тармақшасының он төртінші - жиырма жетінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
12. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша ынтымақты міндет туындаған жағдайда кедендік тексеруді жүргізген кеден органы кеден өкіліне жіберу үшін тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме жасайды.
Бұл ретте біреуден артық кеден өкілінде ынтымақты міндет туындаған жағдайда үзінді көшірме әрбір кеден өкілі үшін бөлек жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Бұл ретте тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме кеден өкіліне тексерілетін тұлғаға тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және кедендік тексеру актісін жіберумен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.
Пошта операторы немесе байланыс операторы кеден өкілінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірмені қайтарған жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, кеден өкілінің орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жасалған орны, күні және уақыты;
зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
кеден өкілінің атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен кеден өкілі әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен кеден өкілі жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде кеден өкілінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттеп-қарау актісі жасалған күн үзінді көшірмені табыс ету күні болып табылады.»;
36) мынадай мазмұндағы 416-1-баппен толықтырылсын:
«416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы
1. Егер кедендік тексеруді кеден органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген, кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, ол жарамсыз деп танылады.
2. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
осы Кодексте белгіленген кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;
тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;
нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.
3. Кедендік тексеруді жарамсыз деп тану уәкілетті органның және (немесе) соттың кедендік тексеру актісі мен тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.»;
37) 417-бапта:
2-тармақта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 3-1-тармағында көзделген жағдайда, камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама және құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап тексерілетін тұлғаға жіберілмейді.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін тұлғаға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды жіберу күні мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;»;
3) тармақша «, сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер» деген сөздермен толықтырылсын;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақтың 37) тармақшасының он екінші - елу сегізінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақша «, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5, 3-6 және 3-7-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 3-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген негіз бойынша камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органы тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді немесе табыс етеді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы өз бетінше жою құқығын беру мақсатында жіберіледі немесе табыс етіледі.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Пошта операторы немесе байланыс операторы тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қайтарған жағдайда, кеден органы мұндай хабарлама қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, осындай тұлғаның орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жасалған орны, күні және уақыты;
зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлға әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлға жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттепқарау актісі жасалған күн хабарламаны табыс ету күні болып табылады.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға осындай хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
3-2. Мыналар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда - бұзушылықтарды жою туралы хабарламада қамтылған анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы жою;
2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - тексерілетін тұлғаның анықталған бұзушылықтар бойынша растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде түсінік ұсынуы.
Түсінікте мыналар көрсетілуге тиіс:
тексерілетін тұлға түсінікке қол қойған күн;
түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
тексерілетін тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген кеден органының атауы;
түсінік ұсынылып отырған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нөмірі мен күні;
түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның келіспеу негіздері мен дәлелдемелері болып табылатын мән-жайлар.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған түсінікке осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
3-3. Тексерілетін тұлға ұсынған түсінікпен келіскен кезде кеден органы мұндай түсінікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тексерілетін тұлғаға хабар береді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарады және оны тексерілетін тұлғаға:
тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді немесе табыс етеді.
Бұл ретте бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, хабархат немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Тексерілетін тұлға уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым жасауды ол табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шағымның (арыздың) көшірмесін бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарған кеден органына жібере отырып жүзеге асырады.
Шағым берудің белгіленген мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда уәкілетті орган тексерілетін тұлғаның өтінішхаты бойынша шағым беру мерзімін қалпына келтіреді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген тұлғаның, сондай-ақ тексерілетін тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігі дәлелді себеп ретінде танылады.
Осы тармақтың ережелері бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда аталған адамдар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін тексерілетін тұлғаларға қолданылады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңін растайтын құжатты және тексерілетін тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
Тексерілетін тұлғаның шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын уәкілетті орган шағым мен өтінішхатты тексерілетін тұлға осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.
3-4. Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 125-бабына сәйкес төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.
3-5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 3-3-тармағының екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым (арыз) берген кезде:
1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап - уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;
2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.
Уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым (арыз) берілген кезде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:
1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап - уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;
2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
3-6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы осы баптың 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 және 3-5-тармақтарын қоспағанда, осы бапта көзделген тәртіппен камералдық кедендік тексеруді тағайындауға және жүргізуге құқылы.
3-7. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «3), 4), 5), 6)» деген цифрлар «7)» деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзімді кеден органы тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып айқындайды, бірақ ол құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу осы Кодекстің 399-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 37) тармақшасының алпыс жетінші - сексен бірінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы» деген сөздер «тексеру нәтижелері туралы хабарламада қамтылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі «Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны», «Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның» деген сөздер тиісінше «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны», «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші бөліктегі «бұзушылықтарды жою туралы хабарлама» деген сөздер «тексеру нәтижелері туралы хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы камералдық кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.
Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.
Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.»;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Осы баптың 9 және 10-тармақтарында» деген сөздер «Осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ алып тасталсын;
38) 418-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері уәкілетті органның тапсырмасы бойынша көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жағдайларына қолданылмайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.»;
2-тармақтың 38) тармақшасының жетінші - он жетінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Кешенді көшпелі кедендік тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізіледі.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулер кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графигі бойынша жүргізіледі.
Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін кешенді көшпелі кедендік тексерулердің мерзімділігі тексерілетін тұлғаға қатысты жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын уәкілетті орган айқындайды.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган кешенді көшпелі кедендік тексерулердің графигін өзінің интернет-ресурсында:
бірінші жартыжылдыққа - кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін;
екінші жартыжылдыққа - кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.
Кеден органдары кешенді көшпелі кедендік тексеруді жүргізу басталардан кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерілетін тұлғаға нысанын уәкілетті орган белгілеген кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабархатты жібереді немесе табыс етеді.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жібереді немесе табыс етеді.»;
18-тармақтың үшінші бөлігінде:
«хабарлама» деген сөз «хабархат» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қолын қойдырып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі» деген сөздер «осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақта:
бірінші бөлік:
«актісін» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
«табыс етеді» деген сөздердің алдынан «жібереді немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 38) тармақшасының жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
21-тармақтың үшінші бөлігінде:
«тексерілетін тұлғаға» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
«немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі» деген сөздер алып тасталсын;
27-тармақта:
бірінші бөліктегі «Осы тармақта» деген сөздер «Осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
39) 419-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.»;
8-тармақ алып тасталсын;
40) 437-баптың 3, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық кедендік алып жүруді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес айқындайтын халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралын қадағалау, оның жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.»;
«5. Кеден органы электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты, тасымалдаушыны және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын осындай шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.