Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.
3, 4, 5, 6-тармақтар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді осы генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен және аттестаттаудан өткізілгеннен кейін қызметтер көрсету туралы шарт негізінде;
2) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт негізінде сатып алады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф өткізілген тендер қорытындылары бойынша айқындалады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады;
2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) осы Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1 және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіндегі тапшылықты жабу үшін жасалған және тиісті тұлғалар тобы талап етпеген көлемде - Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Көлемі мен мерзімдері Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес айқындалады;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:
осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;
егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен -электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 1-1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.
Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз болған жағдайларда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-1-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, бірақ осы қызмет берілген ай аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында өткізуді аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде:
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
2) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемін;
3) өзінің тұтынуын шегере отырып, жүзеге асырады.
Электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының шамасы төмендеген жағдайда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі аттестатталған шамаға дейін төмендейді.
Энергия өндіруші ұйымдар мыналарды:
1) тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
3) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
4) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
5) электр қуатының мынадай ең көп екі мәнін: өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;
энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
Егер электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар:
1) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
2) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
3) өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;
4) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын және өздерімен бірге Тізілімге енгізілген тұлғалар тобының біріне кіретін тұтынушыларға берудің электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
Электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусiз тiркеудi жүзеге асырады.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы шарттық негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттың негізінде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызмет берілген ай ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тіркелген баға бойынша ақы төлеуге міндетті.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны осы Заңның 10-3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын ескере отырып, жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны алдағы күнтізбелік жылға есептеуді мыналардың:
1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уәкілетті органмен жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) электр қуатына алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныстың;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтиженің негізінде жүзеге асырады.
Қаржылық нәтиже:
бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары;
уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар;
есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсету негізге алынып қалыптастырылады.
Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы күнтізбелік жылға арналған бағаны растайтын есептермен бірге орналастырады.
Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылға ең жоғары электр қуаты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады.
Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін төмендету жағына қарай өзгертуге жол берілмейді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты ғана жасалады.
2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және (немесе) жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.
3. Техникалық және қаржы аудитінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін көлемін айқындау болып табылады.
4. Техникалық, қаржы аудитінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы нарық кеңесінің қарауына жатады.
5. Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.
6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган айқындаған көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
8. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.