10-1-бап. 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2-бап. Нарық кеңесі
1. Нарық кеңесі:
1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарайды;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінің жобасына сараптама қорытындысын ұсынады;
3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Бірыңғай сатып алушы:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады;
2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алады;
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;
5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің алдағы күнтізбелік жылға бағасының есебін және оны өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен осы Заңның 15-8-бабында көрсетілген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылы электр қуаты нарығындағы қызмет шеңберінде оң қаржылық нәтиженің қорытындылары бойынша пайда болған қаражатты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы жылға бағаны төмендетуге жұмсайды.
11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі өкiмдер
1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөніндегі өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.
12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар мен электр энергиясын нетто-тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар:
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;
2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі және қосалқы жабдықтарды, аварияға қарсы және режимдік автоматика, релелік қорғау, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы олардың сыныптамасына сәйкес және энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлік паспортын алуға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) спорт-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын) өткізу жағдайларын қоспағанда, тиісінше электр энергиясына шекті тарифтен және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтын тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;
2) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4) - 9) тармақшалармен толықтырылды
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес 4) тармақша 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
5) - 8) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті пайдаланады);
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға міндетті.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемдерде электр энергиясын сатып алу арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруды жүзеге асыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын авариялық істен шыққан қуаттар көлемінде сатып алуды өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысымен жасалатын шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарттар шеңберінде жүзеге асырады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Электр энергиясына шекті тарифтен және (немесе) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен асыра отырып, электр энергиясын өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, спорт-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын) электр энергиясын өткізу нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығындағы субъектілерге асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.
5. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуатының нарығына қатысуға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмауға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 12-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі
1. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босату бағасын дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясына босату бағасын дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болғанда түзетіліп отырады.
Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін олардың қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады.
Түзету электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, мұнай өнімдеріне, электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық мұқтаждар үшін пайдаланылатын суға баға құнының және (немесе) көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға өтініш жасауы негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
Егер энергия өндіруші ұйым жоғарыда аталған шығындарға байланысты залал шеккен жағдайда, уәкілетті орган шекті тарифтерді түзету кезінде алты айдан аспайтын кезеңдегі шеккен шығындарды ескереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына арналған шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі.
Осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есептің қорытындылары бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған шекті тарифтің деңгейін қайта қарайды.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті дербес, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті уәкілетті орган жылдарға бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітеді және қажет болған кезде саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіліп отырады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айқындау үшін қолданысының алғашқы жеті жылына уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар 2015 жылы салған инвестициялардың жиынтық көлемі (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) пайдаланылады.
3. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен бірінші - бесінші, жетінші бөліктері 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды (бұр.ред.қара); алтыншы бөлік 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды (бұр.ред.қара)
3-1. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
4 - 6. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы көтерме және бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желісі арасында жүйелiк оператормен келісілген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған жария шарттар жасасуға міндетті.
Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттары энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға (өз желілеріндегі электр энергиясының нормативтік ысыраптарын жабу үшін және шаруашылық мұқтаждарына) Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде;
2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға);
2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады.
Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:
энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;
энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;
энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;
көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі;
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мынадай жағдайларды:
электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-3-тармақ өзгертілді
3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткiзуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырады, жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4. Энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын және қуатын сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды
3-5. Энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға міндетті.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-6-тармақпен толықтырылды
3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады.
Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды.