2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Сертификаттау жөнiндегi ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуға;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес келетін емтихан модульдері бойынша емтихандар өткізуге міндетті.
22-бап. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау шарттары
1. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
2. Сертификаттау жөніндегі ұйым кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесін ұйымдастырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
1) оқытуға тәуелсіз емтихан жүйесінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерінің, оларды жаңарту жүйесінің болуы;
3) бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестiк.
Бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі келісімнің болуы туралы талаптың сақталуы аккредиттеу туралы куәлік берілген кезден бастап алты ай өткеннен кейін міндетті болып табылады.
4. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшін емтихандарға қатысуға жіберу кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Емтихан тапсырған адамдар уәкілетті органмен келісілген нысан бойынша бірыңғай үлгідегі сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзімі шектелмеген.
23-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
1. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) аккредиттеу ережелерінде белгіленген мерзім ішінде кәсіби ұйым өз өкілдерін консультациялық органның құрамына жібермесе;
2) соңғы үш жыл ішінде жүйелі түрде (үш реттен көп) аккредиттеу ережесін бұзса;
3) уәкілетті органға өзі және өзінің қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;
4) уәкілетті орган ескерту жасаған себептерді екі ай мерзім ішінде жоймаса немесе әкімшілік жаза қолданылған болса, кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды.
2. Кәсіби ұйым, сертификаттау жөніндегі ұйым уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
24-бап. Ішкі бақылау
1. Ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, есеп саясатының сақталуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде активтердің сақталу шараларын, ұрлану жағдайлары мен қателесуді болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операцияларды тиімді жүргізу үшін ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.
2. Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік мекемелерді бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар жүргізеді.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Өтпелі ережелер
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара)
1. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бабының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Кәсіби бухгалтердің біліктілігін растайтын және уәкілетті орган таныған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген құжаттар жарамды.
3. Осы Заңның 2-бабының 3-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер және ұйымдар бухгалтерлік есеп стандарттарын ұлттық стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін қолданады.
4. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев | |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы ақпанның 28-і.
№ 234-III ҚРЗ