15-бап. Қаржылық есептілік
1. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.
Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне оның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
Бұқаралық мүдде ұйымының қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары және Әдеп кодексі
1. Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
2. Халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартты Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қорының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.
Кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдар өз қызметін Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырады. Әдеп кодексін Қазақстан Республикасында оны ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі жөніндегі қаржылық есептіліктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті.
18-бап. Есепті кезең
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Ұйым қаржылық есептілікті ұсынатын кезең есепті кезең болып табылады.
Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
2. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.редқара)
19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету
1. Ұйымдар:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);
2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4) тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, негізгі ұйым айқындайтын тәртіппен өздері еншілес болып табылатын өзінің негізгі ұйымына қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы баптың 3-1-тармағының талаптары қолданылатын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдар жылдық қаржылық есептерді келесі жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ жаңа редакцияда
3-1. Қаржы ұйымдары (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.
4. 18-бапта көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке кіретін деректердің айқындығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін негізгі ұйым еншілес ұйымдардың бірыңғай есеп саясатын қолдануы, еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен анықтығына байланысты басқа да мәселелерді айқындауға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1, 2, 3, 3-1 және 4-1-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
6. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жария мүдделі ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi тапсыруға мiндеттi.
4-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)
1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) қаржылық есептілікті депозитарийге табыс ету тәртібін бекітеді;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда, Қазақстан Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.
5. Уәкілетті орган:
1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бугалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
3) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарттың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;
6) бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;
7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды;
10) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидаларын бекiтеді;
12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді;
13) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту жасайды;
14) кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда
15) есептiлiктің тiзбесiн, нысандарын және оны кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
17) консультациялық орган туралы ережені бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)
18) депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1) жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
19) сертификаттың нысанын келіседі.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) қаржы ұйымдары, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін:
халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
3) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3-2) Қазақстанның Даму Банкі үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
3-3) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
21-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік емес реттеу
1. Консультациялық орган консультациялық-кеңесші орган нысанында құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган бекітеді және ол өзі туралы ереже негізінде жұмыс істейді.
2. Консультациялық органның құрамына мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері кіреді.
3. Консультациялық орган:
1) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;
2) уәкілетті органға қаржылық есептілік стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау мен әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) ұлттық стандарттарды және олардың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеуге қатысуға;
4) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Консультациялық орган:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында халықаралық стандарттар, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргізуге және уәкілетті органға тиісті ұсыныстар енгізуге;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кәсiби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
2) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы;
4) аккредиттеу ережелеріне сәйкестік.
6. Кәсіби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелеріне сәйкес болуға тиіс.
7. Кәсіби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзімге сайланады және қатарынан екі мерзімге қайта сайлана алмайды.
8. Кәсіби ұйым:
1) өз мүшелеріне қатысты өзінің жарғысында көзделген және осы Заңға қайшы келмейтін функцияларды жүзеге асыруға;
2) ұлттық стандарттарды және олардың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеуге қатысуға;
3) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)
4) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы оң жұмыс тәжірибесін талдауға, жинақтауға және таратуға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарауға қатысуға құқылы.
9. Кәсіби ұйым:
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауға;
2) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерінде белгіленген мөлшерде кәсіби ұйымның мүшелерін жіберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті органға белгілеген тәртіппен оған өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынуға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі сауалдарды қарауға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
6) өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын талап етуге;
7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.