3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістер;
4) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері.
Осы тармақтың күші мыналарға қолданылмайды:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістері;
жеке көмекшілердің кірістері.
6-тарау. АУДАРЫМДАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ (ҰСТАП ҚАЛУ) ЖӘНЕ АУДАРУ
30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды ) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде қорға аударымдар мен жарналар төлейді.
2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.
4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-баптың 4-тармағына сәйкес 30-баптың 6-тармағының 6) тармақшасының қолданысы 2021 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды
6) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.
7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн - қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 1), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген төлеушілердің жарналарды төлеуін қоспағанда, аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақтылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
1-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.
2 - 8-тармақтар 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Төлеуші мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны қорға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсынады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-1-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған тізімнің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Төлеушілердің банктік шоттарынан аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу төлеуші ұсынған тізім қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңына сәйкес 6-тармақтағы «жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар» деген сөздер «жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен алдыңғы редакцияда ауыстырылды
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды қорға Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
7. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың мақсаттары үшін төлеуші деп аударымдарды төлеушілер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар түсініледі.
32-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жұмыс беруші болып табылатын төлеуші есепке жазылған аударымдар және (немесе) жарналар жөніндегі мәліметтер көрсетілетін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.
2. Декларацияның нысаны және оны жасау тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
3. Жұмыс берушілер уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген (ұстап қалған) және аударылған аударымдарды және (немесе) жарналарды бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жұмыс беруші тиісті кезеңде жұмыскерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабардар ете отырып, оған қорға есептелген (ұстап қалынған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынуға мiндеттi.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
Мемлекеттік корпорация төлеуші артық (қате) төлеген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайтаруға тиіс.
7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕН МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ
34-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі
1. Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қор уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мынадай:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кірістерінің медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелермен теңгерімділігі;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі;
4) адал бәсекелестік;
5) медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен тиімділігі қағидаттарының негізінде жүзеге асырады.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылған айдың алдындағы үш жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз тиісті медициналық көмек ұсыну тәжірибесі бар денсаулық сақтау субъектілері басым құқыққа ие болады.
3. Денсаулық сақтау субъектілері, егер:
1) қордың шешім қабылдау құқығы бар лауазымды адамы (не оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары) олардың құрылтайшысы, қатысушысы не акционері болып табылса;
2) алдыңғы үш жыл ішінде жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын қор орындалмауына, уақтылы не тиісінше орындалмауына байланысты біржақты тәртіппен бұзған болса;
3) алдыңғы үш жыл ішінде жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты денсаулық сақтау субъектісінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылған болса;
4) денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса;
5) денсаулық сақтау субъектілері заңды тұлғаның қызметі туралы анық емес деректерді және (немесе) жалған мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұсынса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жіберілмейді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды, оның тәртібі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.
35-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға осы Заңға сәйкес денсаулық сақтау субъектісі мен қор арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерге жүргізілген сатып алу қорытындылары бойынша жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарымен ұсынылады.
36-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу көрсетілген қызметтер актілерінің негізінде, уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша және:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерді мониторингтеу нәтижелері;
2) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) азаматтардың осы Заңның 6-бабында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау субъектісін таңдау құқығын іске асыруы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының негізінде қордың активтері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау субъектілері қордан көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделмеген өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы емес.
37-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер сапасы:
1) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі клиникалық хаттамалар мен алгоритмдерді жетілдірумен;
2) медициналық ұйымдарды аккредиттеумен;
3) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының ішкі сараптамасымен;
4) медицина жұмыскерлеріне қосымша білім берумен;
5) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылаумен қамтамасыз етіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шаралары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленеді.
38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу негіздері және тәртібі
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындамауы, уақтылы немесе тиісінше орындамауы қордың біржақты тәртіппен оны бұзуы үшін негіздер болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға сондай-ақ:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің осы Заңның 16-бабы 2-тармағының талаптарын орындамауы;
2) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын елеулі түрде бұзуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген өзге де жағдайлар негіз болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, шартты бұзу туралы тиісті хабарлама жіберу арқылы жасалады.
4. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты осы бапта көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарт бойынша міндеттемелердің орындалмаған (тиісінше орындалмаған) көлеміне қайтадан жүргізіледі.
8-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді
40-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 шілдеге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық барлық адамдарға, оның ішінде өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар түспеген адамдарға қолданылады деп белгіленсін.
Дербес төлеушілер 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жарналарды медициналық көмек алатын күннің алдында кемінде үш ай қатарынан қорға төлейді деп белгіленсін.
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап жаңа редакцияда; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң:
2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 1-тармағын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 2 - 4-тармақтарын, 6 және 7-баптарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының екінші бөлігі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның 5-бабының 2-2-тармағы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 30-бабы 6-тармағы 6) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 16-і.
№ 405-V