1) 1-бапта:
10) тармақша «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналары» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 77-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1) 90-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы «мiндеттi зейнетақы жарналары» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 100-баптың 2 және 7-тармақтары «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 101-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын.
21. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №7, 36-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат):
21-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 96-баптың 2-тармағының 2) тармашасындағы «міндетті зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 103-баптың 9-тармағындағы «және жасына байланысты» деген сөздер алып тасталсын.
22-тармақ 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №10, 49-құжат):
17-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «және жасына байланысты» деген сөздер алып тасталсын.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Мыналар:
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;»;
«2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатын;
2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алғанына қарамастан беріледі.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi бюджет қаражаты есебiнен беріледі.
Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған кезде, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылады.»;
2) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«10. Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайын, тоқсан сайын немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша өзгедей тәртіппен, бірақ осы Заңның талаптарына сәйкес жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Алғашқы сақтандыру төлемін сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2) тармақша өзгертілді
2-2) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 19) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының банктік шотына және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға аударады.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу, уәкілетті оператордың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банктік көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-3) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;»
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
«бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;»;
«26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;»;
«28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады;»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданыста болады:
«1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 12) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
«2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың дерекқорын қалыптастыруды;»;
«4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;
5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
6) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) агенттердiң Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары сомаларының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 13) тармақшасының екінші, үшінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
«24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.»;
«5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай мәніндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға аударылады:»;
«8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 23) тармақшасының үшінші, төртінші, тоғызыншы, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақшаның жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есепке алуға тыйым салынады.»;
«1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;»;
«4) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда өткен жыл үшін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 26) тармақшасының отызыншы және отыз бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
«9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растауды алуға құқығы бар.
10. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті.»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 30) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданыста болады:
«3) меншікті қаражаты бойынша үш аудиторлық есеп жасайды.»;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2-1-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1-бап. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағының 13) тармақшасы жиырма тоғызыншы абзацының, 18) тармақшасы үшінші абзацының, 26) тармақшасы отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есебіне жазылған) сомалары жөніндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.»;
«10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:
1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
3-бап. Осы Заң:
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларын, 19-тармағының 1) тармақшасының он үшінші абзацын, 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 44) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 21-тармағының 2) тармақшасын және 22-тармағын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармақтың 19) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 5-тармағын, 7-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларын, 9, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтарын, 19-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы абзацын, 3) тармақшасының жетінші абзацын, 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он тоғызыншы абзацтарын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын, 15), 17) және 18) тармақшаларын, 19) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 21) тармақшасын, 23) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын, 26) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 28) тармақшасын, 29) тармақшасының бесінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 30) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 32) тармақшасын, 20-тармағын, 21-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы тамыздың 2-і.
№ 342-V