2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды
8-3) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қала шекарасының (шегi) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) осы Кодекстiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру;
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тиiстi өкiлдi органның бекітуi үшiн өзiне әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
6) арнайы жер қорын құру;
7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды
8-3) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi
Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:
1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізу.
2-1) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға осы Кодекстің 93-бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру жатады.
19-1-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және
жерге өзге де заттық құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы
20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
2. Меншiк құқығының субъектiлерi:
республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;
осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
21-бап. Меншiк құқығының мазмұны
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.
2. Жердiң меншiк иесi ретіндегі мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.
22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) меншiк құқығын табыстау;
2) меншiк құқығын беру;
3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.
2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) мемлекеттік органдар актілерінiң;
2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi
1. Осы Кодекске сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер пайдалануға берілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуі шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптарын халықтың қандай да бір ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрғызу құқығынсыз, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және шөп шабу үшін пайдалануына жол беріледі.
2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
Шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде меншiк құқығы, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 66-бабының нормаларына сәйкес иелiктен шығарылуға немесе қайта ресiмделуге жатады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерi шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына меншік құқығымен тиесілі болмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушылары (акционерлері) құрамына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысатын заңды тұлғасы кірген кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресімдеуге немесе иеліктен шығаруға жатады.
24-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий қолданылды
1-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2016.30.06. № 5-VI ҚР Заңның редакциясында қолданылады (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушылары (акционерлері, мүшелері) құрамына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, шетелдік заңды тұлға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кірген кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушысы (акционері, мүшесі) болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2016.30.06. № 5-VI ҚР Заңына сәйкес 2-тармақтың қолданысы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді, ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың:
1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң осы Кодекстiң 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;
2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады.
Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мәмiлелер жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын (ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған дейiн сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары, осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезден бастап осы Кодексте белгiленген жер учаскелерi нормаларының шегiнде жеке меншiк құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне айналады.
Аталған тұлғалардың жер учаскесiне жеке меншiк құқығын iске асыруы осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
2016.30.06. № 5-VI ҚР Заңына сәйкес 3-тармақтың қолданысы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның:
осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар;
осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жеңілдікті бағамен сатып алынған жер учаскесімен мәміле жасасуды шектеу мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесімен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасасуға құқығы бар, шектеу мерзімі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын әрбір он процент төмендету үшін екі жылды құрайды. Бұл шектеу жер учаскесін кепілге салуға қолданылмайды.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2016.30.06. № 5-VI ҚР Заңына сәйкес 4-тармақтың қолданысы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерiн сатып алған кезде оның сомасын төлеу осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде азаматтығы тоқтатылған кезден бастап үш ай ішінде жер учаскесі иеліктен шығарылуға не жергілікті атқарушы органның келісуімен осы учаскенің мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алынған жер учаскесі бағасы төлене отырып, мемлекеттік меншiкке қайтарылуға тиіс.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағы шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.
25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттік органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.
2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.
Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.
2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
Жер учаскесі және (немесе) оның бір бөлігі ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар және (немесе) тіреуіштер салу үшін жалға берілген кезде бүкіл жер учаскесі үшін де, оның бір бөлігі үшін де нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.
26-бап. Жерге мемлекеттік меншiк
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мынадай жер учаскелерi:
қорғаныс және мемлекеттік қауiпсiздiк, мемлекеттік меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
осы Кодекстiң 128-бабының 4-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, орман қорының жерi;
осы Кодекстiң 133-бабының 2-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, су қорының жерi;
магистральдық теміржол желiлерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары салынған жер учаскелерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды.
Жердің қандай да бір санатқа тиесілігі жерді аймақтарға бөлуге сәйкес нысаналы мақсатына және рұқсат етілген пайдаланылуына қарай айқындалады.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді