1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкілетті орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;
2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 85- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұлттық стандарттар және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекітіледi және тiркеледi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) су тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Су алу және пайдалану көлемдерін азайту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлі технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерін және су тұтыну мен су бұру нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткізіледі.
2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға:
1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесіндегі шығындар мен ысыраптарды қысқарту;
2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгізу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар судың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға мiндеттi.
Уәкілетті орган экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі.
Су пайдаланушылар су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары негізінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді.
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну мен су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптар кезінде ескеріледі.
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар
Уәкiлеттi орган басқа мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды әзiрлейдi, олар:
1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;
3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тұтынылатын судың нормативтерi мен ұлттық стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.
88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
1. Мыналарды:
1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;
2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;
3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;
4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;
6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;
7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.
2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Су шаруашылығы объектiлерiн - жердi қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында - олардың табанын су басуға әзiрлеу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.
89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сарқынды суларды жерүстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазарту шартымен арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде жол берiледi.
3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
Ерекше бөлік
6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 90-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ауызсумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ауызсумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтау үшін жарамды жерасты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті негіздеме болғанда уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы суларды халықтың ауызсуға мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға оң қорытынды береді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 91-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желісі бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі су сапасының белгiленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға мiндеттi.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы.
Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.
Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-1-баппен толықтырылды
92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы
1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады.
2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
1) су тарту құрылыстары;
2) су құбырын тазартқыш құрылыстар;
3) реттегіш ыдыстар;
4) сорғы станциялары;
5) оқшау сутартқыштар;
6) тарату желілері;
7) ғимараттарға енгізу орындары;
8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері;
9) суды есепке алу тораптары.
3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері;
2) ғимараттардан шығару орындары;
3) орамішілік және көшелік желілер;
4) коллекторлар;
5) сорғы станциялары;
6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері;
7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер).
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-2-баппен толықтырылды
92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері
1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.
3. Ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымалдамай, оны алуға және дайындауға арналған су тарту құрылыстары мен су тазартқыш құрылыстар орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-3-баппен толықтырылды
92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері
1. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері технологиялық процестің белгіленген нормалары бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өндірістік мұқтаждарын сумен қамтамасыз ету үшін құрылады.
2. Техникалық сумен жабдықтау схемасын таңдау кезінде, суды қайталап пайдалану, айналымдық сумен жабдықтау көзделеді.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-4-баппен толықтырылды
92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері
1. Елді мекендердің су бұру жүйелері сарқынды суларды бірлесіп және (немесе) бөлек іркіліссіз бұру үшін қызмет етеді.
2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау шарттары мен тәртібі елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес айқындалады.
3. Елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін науа-ыдыстарға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгілуге тиіс.
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сарқынды суларын елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылдау:
1) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының құрамы бойынша талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі. Сарқынды сулар сәйкес келмеген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-5-баппен толықтырылды
92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері
1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі.
2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-6-баппен толықтырылды
92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету Ауызсудың сапасы:
1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау;
2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін және санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану;
3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану;
5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-7-баппен толықтырылды
92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері
1. Сумен жабдықтау жүйелерінде көздерден алынатын, тарату желісіне және су тұтынушыларға берілген су көлемдерін толық есепке алу ұйымдастырылады.
2. Суды:
1) бірінші, екінші, үшінші және кейінгі көтерілімдердің сорғы стансаларында;
2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерімен баланстық тиесілікті немесе пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында;
3) суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады.
3. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар осы Кодексте, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленеді.
4. Берілген су үшін су тұтынушылармен есеп айырысулар су тұтынушыда орнатылған және коммерциялық ретінде пайдалануға жол берілген, суды есепке алу аспаптарының көрсетілімдері ескеріле отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады.
5. Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.
6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар суды есепке алу жөніндегі деректердің негізінде жыл сайын тарату желілеріндегі және су тұтынушыдағы су ысырабына талдау жүргізеді.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-8-баппен толықтырылды
92-8-бап. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру
1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін суды есепке алудың үйге ортақ және жеке (пәтер бойынша) аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.
2. Пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады.
3. Жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың жеке (пәтер бойынша) аспаптары ауыстырылған кезде, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты, кейіннен деректерді қашықтықтан беруге мүмкіндік болатын құрылғылармен жарақтандырылған суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді.
4. Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-9-баппен толықтырылды
92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың:
1) жасасылған шартқа сәйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге;
2) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға;
3) ауызсу сапасы және оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға;
4) сотқа талап қоюға;
5) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге;
8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар:
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға;
2) меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйін ұстап-тұруға;