4) қандастың не қоныс аударушының жəне (немесе) оның отбасы мүшелерінің (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде тұрақты тұру жəне тұрғылықты жері бойынша тіркелу бөлігінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының талаптары мен нормаларын бес жыл бойы жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзғаны анықталған жағдайларда күші жойылуға тиіс.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының күшін жою туралы шешімді өңірдің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдаған жергілікті атқарушы органы шығарады.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының күшін жою туралы хабарламада қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің қолданысын тоқтатудың себептері мен күні көрсетіледі.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының күшін жою қандастың не қоныс аударушының жəне оның отбасы мүшелерінің (бар болса) осы Заңның 53-бабының 5-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығынан айырылуына, сондай-ақ жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жəрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы əлеуметтік келісімшарттың бұзылуына алып келеді.»;
9) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жəрдемдесу
1. Жұмыссыз адамдардың, сұранысқа ие кəсіптер бойынша тартылатын мамандардың, шаруа немесе фермер қожалығы басшыларының, қандастардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жəрдемдесу жөніндегі шараларға қатысуға құқығы бар.
2. Мынадай адамдар жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін басым құқықты пайдаланады:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі тəрбиеленушілері мен түлектері;
2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген квота шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, оның ішінде ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына алып келген өндірістің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
3. Адамдардың:
1) бір облыс шегінде экономикалық əлеуеті төмен ауылдардан экономикалық даму əлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге, моноқалаларға, аудандық (облыстық) маңызы бар қалаларға, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардан негізінен аграрлық мамандандырылған ауылдық елді мекендерге, оның ішінде шекара маңындағы аумақтарға;
2) ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сəйкес қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуы жүзеге асырылады.
4. Еңбек мобильділігі орталықтары адамдарды жұмысқа орналастыру немесе кəсіпкерлік бастаманы дамыту үшін олардың жаңа тұрғылықты жерге өз еркімен қоныс аударуына жəрдемдеседі.
5. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға жəне олардың отбасы мүшелеріне (бар болса) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар, сондай-ақ халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен экономикалық мобильділік сертификаттарын беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғынжай немесе жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кəсіптік оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жəне кəсіпкерлік бастама жасауға жəрдемдесуді;
5) жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерге жұмысқа орналасуға жəрдемдесуді қамтиды.
6. Еңбек мобильділігі орталығы халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы тараптармен əлеуметтік келісімшарт жасасады.»;
10) 10-тарау мынадай мазмұндағы 53-1 жəне 53-2-баптармен толықтырылсын:
«53-1-бап. Көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларға, экономикалық мобильділік сертификаттарына, сондай-ақ жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияларға өтінішті қабылдаудан жəне оларды төлеуден бас тарту
1. Көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларға, экономикалық мобильділік сертификаттарына, сондай-ақ жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияларға өтінішті қабылдаудан жəне оларды төлеуден бас тартуға:
1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құжаттардың толық емес топтамасын жəне (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды жəне (немесе) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды, экономикалық мобильділік сертификаттарын, сондай-ақ жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияларды төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күнге қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
2) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялардың, экономикалық мобильділік сертификаттарының, сондай-ақ жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидиялардың төленуіне құқығының болмауы;
3) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды, экономикалық мобильділік сертификаттарын, сондай-ақ жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияларды төлеуге өтініш жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнің өтіп кетуі негіз болады.
2. Көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларға, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарына төлемдер тағайындаудан бас тартуға:
1) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларға, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарына төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттардың жəне (немесе) мəліметтердің, оның ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мəліметтердің анық еместігінің анықталуы;
2) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеу үшін қажетті құжаттардың жəне (немесе) мəліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі;
3) өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелерінде (бар болса) бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының цифрлық жүйесінен алынған мəліметтер негізінде анықталған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерде соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғынжайдың не жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы алты ай бойы жəне одан астам мерзімде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрақты пайдаланудағы тұрғынжайдың болуы;
4) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелудің болмауы;
5) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) өздеріне мансап орталығы берген, қоныс аударуға арналған жолдамада көрсетілген межелі елді мекеннің шегінен тысқары жерлерден тұрғынжай сатып алуы не салуы;
6) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) экономикалық мобильділік сертификаты есебінен бұрын сатып алынған тұрғынжайды сатып алуы негіз болады.
3. Жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияны жұмыс берушіге беруден бас тартуға:
1) жұмыс берушіде жалақыны төлеу бойынша алты айдан астам, сондай-ақ банк немесе оның филиалы алдында есепке жазылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша анықтама берілген (егер тұлға екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті болса, аталған анықтама осындай банктердің əрқайсысынан ұсынылады) күннің алдындағы үш айдан астам берешегінің болуы;
2) жұмыс берушінің құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің) сəйкес келмеуі;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес ізденушімен жасалған еңбек шарттары бойынша мəліметтердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде болмауы;
4) жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидия төлеу үшін қажетті құжаттардың жəне (немесе) мəліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі негіз болады.
53-2-бап. Тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияны төлеуді тоқтату
Тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлеуді жүзеге асыру мынадай жағдайлар басталған кезде тоқтатылады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) меншік құқығындағы тұрғынжайды, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификаты бойынша сатып алуы;
2) өтініш берушінің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылуы;
3) өтініш берушінің басқа елді мекенге тұрақты тұрғылықты тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тысқары жерге кетуі;
4) өтініш берушінің тұрғынжайды жалға алу (жалдау) шартында көрсетілген мекенжайда қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам тұрмау фактісінің анықталуы;
5) өтініш берушінің тұрып жатқан жалға берілетін тұрғынжайды қосымша жалдауға беруі.
Өтініш беруші осы баптың бірінші бөлігінің 2) жəне 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлемдердің тоқтатылу себептерін жойған жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлемін алу үшін қайтадан өтініш жасауға құқылы.»;
11) 11-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-тарау. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау»;
12) 58-1 жəне 58-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«58-1-бап. Аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау»;
«58-2-бап. Аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың жүргізілу тəртібі»;
13) 11-1-тарау мынадай мазмұндағы 58-3 жəне 58-4-баптармен толықтырылсын:
«58-3-бап. Халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асыратын халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде жұмысқа орналасқан кезде мемлекеттік бақылау субъектілерінің (объектілерінің) (бұдан əрі осы баптың мақсатында - мемлекеттік бақылау субъектілері) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (бұдан əрі осы баптың мақсатында - мемлекеттік бақылау) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау субъектілері - Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде жұмысқа орналасқан кезде еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсететін жеке жəне заңды тұлғалар.
3. Мемлекеттік бақылау:
1) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес мемлекеттік бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау;
2) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
58-4-бап. Халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органның мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тəртібі
1. Мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылауды халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган мемлекеттік бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, сондай-ақ цифрлық объектілерден алынған цифрлық деректерді зерделеу, талдау жəне салыстыру арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары:
1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу жəне оларға жол бермеу, мемлекеттік бақылау субъектілеріне профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай өз бетінше жою құқығын беру;
2) оларға əкімшілік жүктемені азайту;
3) халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша мемлекеттік бақылау субъектісінің əрекеттерінде (əрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді жəне жібереді.
4. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алу туралы ұсынымда белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тəсілмен халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген мемлекеттік бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
5. Мемлекеттік бақылау субъектісінің ұсынымдарды орындауы деп анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою танылады.
6. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
7. Мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен мемлекеттік бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нəтижелерін халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылауды тіркейтін арнаулы журналда есепке алуға тиіс, ол нөмірленуге, тігілуге жəне халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органның мөрімен бекітілуге тиіс.
8. Мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиі жүргізілмейді.».
9. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшада:
9-тармақтың үшінші - алтыншы абзацтары 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-жолда:
3-баған мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұсыну»;
4-баған «Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 5 жыл; 1-сынып» деген сөздермен толықтырылсын;
87-1-жолда:
3-баған мынадай мазмұндағы 1, 2 жəне 3-тармақтармен толықтырылсын:
«1. Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау бойынша қызметтер көрсету.
2. Денсаулық сақтау саласында дезинсекциялау бойынша қызметтер көрсету.
3. Денсаулық сақтау саласында дератизациялау бойынша қызметтер көрсету.».
10. «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) жəне 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық холдинг - осы Заңға сəйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;»;
«7-1) биофармацевтикалық өнім - биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен ветеринариялық препараттар;»;
2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар инфекциялық жəне паразиттік аурулардың таралу қаупі орын алған жағдайда, инфекциялық аурулардың пайда болу жəне таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін осындай аурулар тізбесіне сəйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына кіретін адамдар туралы деректерді аталған адамдардың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз ұсынуға міндетті.»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық холдинг
19-1-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық холдинг
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық холдинг биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметті осы Заңда айқындалған функциялар мен өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық холдинг:
1) мемлекеттің биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы жекелеген жобаларды іске асыру;
3) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəрдемдесу жөніндегі келісілген іс-шараларды іске асыру;
4) биофармацевтикалық нарықтың орнықты дамуына жəне инфрақұрылымын жетілдіруге жəрдемдесу;
5) биофармацевтикалық ғылым мен өнеркəсіпті дамытуды ынталандыру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
19-2-бап. Мемлекеттің биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету
1. Егер Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық холдинг биофармацевтикалық өнімді жалғыз өндіруші болып саналса, мемлекеттің қажеттілігі үшін биофармацевтикалық өнім осы холдингтен сатып алынады.
2. Осы бапқа сəйкес мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған биофармацевтикалық өнімді осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік шараларды іске асыру мақсатында биологиялық қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган айқындайды.».
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 10) тармақшасы «мамандарды» деген сөзден кейін «, оның ішінде дуальды оқыту бойынша білім алған түлектерді» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Кəсіптік біліктілік туралы» 2023 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап:
мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі - жұмыс күшінің болжамды сұранысы мен ұсынысын айқындауға мүмкіндік беретін қолданылатын əдістер мен тəсілдер кешені;»;
«5-1) кəсіптерге қажеттіліктің өңірлік картасы - сараптамалық зерттеу əдістері негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары бекітетін, өңір үшін сұранысқа ие кəсіптер тізбесі;»;
9) тармақша «болмаған кезде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес белгіленген» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жұмыскерлердің өкілдері;»;
11) тармақшадағы «орталықтары Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар болып табылады.» деген сөздер «орталықтары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар болып саналады.»;
3) 5-бапта:
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық мемлекеттік органдар салалық біліктілік шеңберлерін əзірлеуді жəне (немесе) жаңартып отыруды уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салалық біліктілік шеңберлерін əзірлеу жəне (немесе) жаңартып отыру кезінде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі шеңберінде ағымдағы жəне алдағы кезеңдерде кəсіптердің өзектілігі, сондай-ақ кəсіптерге қажеттіліктің өңірлік карталары (бар болса) ескеріле отырып, еңбек нарығының кəсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігі есепке алынады.
Кəсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді.»;
5-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық мемлекеттік органдар кəсіптік стандарттардың əзірленуін қаржыландыруды уəкілетті орган айқындаған кəсіптік стандарттарды əзірлеу құнын есептеу əдістемесіне сəйкес Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің ұсынымдары негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
алтыншы бөліктегі «, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары» деген сөздер «білім беру бағдарламалары, сондай-ақ кəсіптік оқыту бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) цифрлық дағдылар банкін;»;
5) 8-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кəсіптік біліктілікті тану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 3-1) жəне 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»;
«3-1) кəсіптік стандарттарды əзірлеудің құнын есептеу əдістемесін əзірлеп, бекітеді;
3-2) еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау, өңірде кəсіптік стандарттарды ендіру жəне қолдану, сондай-ақ тану орталықтарын құру жəне олардың жұмыс істеуін қолдау мəселелері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;»;
6) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кəсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар кəсіптік біліктілікті тану саласында:
1) Біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру жəне Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына сəйкес тіркелген жұмыссыз адамдардың кəсіптік біліктілікті тану рəсімінен өтуге арналған шығыстарын өтеп бере отырып, оларға біржолғы ваучер береді;