26) мынадай мазмұндағы 241-1-баппен толықтырылсын:
«241-1-бап. Тəуекелге бағдарланған тəсіл ескеріліп, сапасы бақылануға тиісті дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлгілерін іріктеу
1. Тəуекелге бағдарланған тəсіл ескеріліп, сапасы бақылануға тиісті дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлгілерін іріктеу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың актілеріне сəйкес келмейтін дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың өткізілуін анықтау жəне оның жолын кесу мақсатында, бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) алдын ала хабардар етпестен жүзеге асырылады.
2. Тəуекелге бағдарланған тəсіл ескеріліп, сапасы бақылануға тиісті дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлгілерін нарықтан, сондай-ақ медициналық ұйымдардан іріктеуді дəрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Зертханалық сынақтар дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының аккредиттелген зертханаларында жүргізіледі.
Дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлгілерін іріктеуді жəне олардың зертханалық сынақтарын жүргізумен байланысты шығыстарды өндірушілер жəне (немесе) тіркеу куəлігін ұстаушылар көтереді.»;
27) 270-1-бапта:
тақырып «жауапкершілігін» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру денсаулық сақтау субъектісі мен бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар арасында жасалған мынадай шарттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты;
2) медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шарты.»;
2-тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері «шартын», «шарты» деген сөздерден кейін тиісінше «жəне медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шартын», «жəне медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік «ортақ сақтандыру шартын» деген сөздерден кейін «жəне медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шартын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «медицина қызметкерінің кəсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын» деген сөздер «медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жəне медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналар сақтандыру объектілері болып саналады:
1) медицина қызметкерлерінің медициналық қызметті жүзеге асыру нəтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты олардың мүліктік мүдделері;
2) медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану əрекеті салдарынан олардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты медицина қызметкерлерінің мүліктік мүдделері.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі «бойынша» деген сөзден кейін «, ал медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану əрекеті салдарынан олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шарты бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
6 жəне 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мыналардың:
1) медицина қызметкерлері медициналық қызметті жүзеге асырған кезде пациенттің;
2) медицина қызметкері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану əрекетінің салдарынан оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілу ықтималдығы сақтандыру тəуекелі деп танылады.
7. Медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін сақтандырудың, сондай-ақ медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандырудың тəртібі мен өзге де шарттары медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты жəне медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімінде айқындалады.»;
28) 270-4-бапта:
тақырыптағы «Медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру» деген сөздер «Сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ:
«жауапкершілігін» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 270-1-бабы 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сома шегінде белгіленеді.»;
2-тармақ «жауапкершілігін» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «шарты» деген сөзден кейін «жəне медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «медициналық қызметті жүзеге асыру нəтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген,» деген сөздер алып тасталсын жəне 2) тармақшадағы «медициналық қызметті жүзеге асыру нəтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, оның» деген сөздер «пациенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«медициналық қызметті жүзеге асыру нəтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген,» деген сөздер алып тасталсын;
«ауруға байланысты нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде» деген сөздер «үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Медицина қызметкері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, медицина қызметкері немесе оның жақын туыстары осы баптың 3-тармағына сəйкес мөлшері айқындалатын сақтандыру төлемін алу үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына өтініш жасауға құқылы.
Медицина қызметкері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану əрекеті салдарынан оның еңбекке уақытша жарамсыздығына, мүгедектігіне не өліміне алып келген, медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес анықталады.».
4. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) белсенді ұзақ өмір сүру орталығы - өзіне-өзі қызмет көрсетуге жəне өз бетінше жүріп-тұруға қабілетті, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сəйкес айқындалған зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды əлеуметтендіру жəне белсенді өмірге тарту үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«85) кəсіптік оқыту - кəсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру нысанында жүзеге асырылатын, кəсіптік тұрғыдан даму мақсатында кəсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды иелену, жаңарту немесе кеңейту, сондай-ақ жаңа кəсіпке (мамандыққа) ие болу процесі;»;
мынадай мазмұндағы 145-1) тармақшамен толықтырылсын:
«145-1) ымдау тілі - ымдау, мимика жəне дене қимылы арқылы ақпаратты жеткізу үшін пайдаланылатын көрнекі-кеңістіктік тілдік жүйе;»;
146) тармақшада орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
2) 12-баптың 5) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызметтер көрсету стандартын;»;
жетінші абзац алып тасталсын;
отыз сегізінші абзацтағы «тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;» деген сөздер «тəртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу жəне бағалау қағидаларын əзірлеп, бекітеді;»;
4-тармақтың 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) жəне 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар, сондай-ақ уəкілетті мемлекеттік орган айқындаған тəртіппен берілетін экономикалық мобильділік сертификаттары түріндегі қажеттілікті, төлем жасау графиктерін қалыптастыруды жəне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберуді;»;
«13-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сəйкес көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар түрінде, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары түрінде төлемдер төлеуді жүзеге асыруды;»;
4) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдар жалақысының мөлшерін жыл сайын белгілеу;»;
4-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру жəне (немесе) олардың қызметін ұйымдастыру;»;
5) 19-бапта:
4-тармақтың 5) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру жəне (немесе) олардың қызметін ұйымдастыру;»;
4-тармақтың 6) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 3-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен тəуекел тобындағы балаларға қолдау көрсетудің интеграцияланған модулі
1. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен тəуекел тобындағы балаларға қолдау көрсетудің интеграцияланған модулі - əлеуметтік-еңбек саласының цифрлық тұғырнамасында жұмыс істейтін жəне уəкілетті мемлекеттік органның, денсаулық сақтау жəне білім беру саласындағы уəкілетті органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен тəуекел тобындағы балалар туралы ақпарат алмасуға арналған бірыңғай цифрлық жүйе модулі.
2. Интеграцияланған модульдің жұмыс істеуі шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен тəуекел тобындағы балалардың дербес жəне медициналық деректерін беру осы Кодекске, «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес баланың ата-анасының жəне өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүзеге асырылады.»;
7) 37-бапта:
5-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшада:
«беруге жататын» деген сөздер «берілуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жинақтары» деген сөзден кейін «міндетті зейнетақы жарналарын жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «3) жəне 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді» деген сөздер «4) тармақшасында белгіленген шектеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
1. Зейнетақы активтері міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың өтініші бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдеріне инвестициялануы мүмкін.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар міндетті зейнетақы жарналары жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқарушыға зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін оны таңдау туралы өтінішті зейнетақы активтерінің таңдап алынған инвестициялық портфелін көрсетіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына береді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтері есебінен зейнетақы активтерінің бір жəне (немесе) бірнеше инвестициялық портфелінің түрін қалыптастырады:
1) консервативтік портфель;
2) қалыпты портфель;
3) тəуекелі бар портфель.
4. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалар, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар зейнетақы активтерінің бір немесе бірнеше инвестициялық портфелін таңдауға жəне сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға құқылы.
5. Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тəртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.»;
9) 40-баптың 1-тармағында:
8) тармақша алып тасталсын;
13) тармақшада:
«ерікті зейнетақы жарналарын» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналарын жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын жəне (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сомада» деген сөзден кейін «міндетті зейнетақы жарналары жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«өтінішті» деген сөзден кейін «зейнетақы активтерінің таңдап алған инвестициялық портфелін көрсетіп» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 96-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жəрдемдесу;»;
2-тармақтағы «Кодексте» деген сөз «Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 100-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «бергенде есептен шығарады.» деген сөздер «бергенде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Кодекстің 99-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сəйкес өзгерістер туралы мансап орталығын мерзімінде хабардар етпегенде есептен шығарады.»;
12) 103-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларды қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындауға міндетті.
Жұмыс беруші белгіленген квотаны орындаған кезде жұмыс орнын бейімдеу, еңбек жағдайларын өзгерту, жекелеген еңбек функцияларын қайта бөлу жөніндегі шараларды жəне мүгедектігі бар адамға еңбек міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін өзге де шараларды қамтамасыз етеді;»;
4-тармақтың 13) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) 112-бап алып тасталсын.
14) 167-бапта:
4-тармақ:
1) тармақша «, сондай-ақ олардың жеке абилитация жəне оңалту бағдарламаларына жəне Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өнім берушілердің мүгедектігі бар адамдарға тауарларды жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде ұсынуын, өнім берушілердің əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қабылданған міндеттемелерді орындауын;»;
мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мониторингтеуді жүзеге асыру тəртібін уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Мониторингтеу нəтижелері шешім қабылдау кезінде есепке алу үшін комиссияға жіберіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өнім беруші осы Кодексте белгіленген талаптарды бұзған жағдайда жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жəне (немесе) уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен тəртіппен əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығарылуға тиіс.».
5. «Мəдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-5) инклюзивтік мəдениет - барлық адамдардың дене, психикалық, əлеуметтік, мəдени немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, олардың тең мүмкіндіктерін жəне қоғам өміріне қатысуын қамтамасыз ететін құндылықтар жүйесі;»;
мынадай мазмұндағы 1-6) тармақшамен толықтырылсын:
«1-6) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нəтижесінде жасалған мəдениет, əдебиет жəне өнер туындылары;»;
2) 6-баптың 1) тармақшасы жəне 7-баптың 1-2) тармақшасы «мəдениет» деген сөзден кейін «, оның ішінде инклюзивтік мəдениет» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-баптың 1-1) тармақшасы «мəдениет» деген сөзден кейін «, оның ішінде инклюзивтік мəдениет» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың бірінші бөлігінде:
6-тармақтың 1) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19) тармақша сегізінші абзацындағы «қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия жəне (немесе) лицензияға қосымша береді» деген сөздер «қызметтерін» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия жəне (немесе) лицензияға қосымша береді;»;
35) тармақша «орта» деген сөзден кейін «, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 43-баптың 6-1-тармағы «орта» деген сөзден кейін «, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 45-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «үлгілік оқу жоспарлары мен» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 6) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 57-баптың 3-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұсынатын білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар жəне (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолдану мерзімімен беріледі.»;
5) 63-баптың 3-1-тармағы «орта» деген сөзден кейін «, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
74-баптың 3-тармағының бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері «орта» деген сөзден кейін «, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) еңбек мобильділігі орталығы - жұмыспен қамтуға жəрдемдесу шараларын əзірлеу жəне іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;»;
8-тармақтың 2) - 4) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын əзірлеп, бекітеді;»;
3) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) жəне 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендердің тізбесін бекітеді;
9-2) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін сұранысқа ие кəсіптер бойынша тартылатын мамандардың тізбесін бекітеді;»;
4) 20-бапта:
тақырыптағы, бірінші абзацтағы жəне 3) тармақшадағы «жəне (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден», «жəне (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «аумақтық-əкімшілік» деген сөздер «əкімшілік-аумақтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер қазақстандық жұмыскерлердің тəлімгерлігін ұйымдастырады.
Бұл ретте тəлімгерлік деп халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін қазақстандық жұмыскерлердің тəлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларына жəне шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарға сəйкес Қазақстан Республикасына жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негіз болған кəсіптік білімін, дағдылары мен тəжірибесін қазақстандық жұмыскерге беру үшін шетелдік жұмыс күші қатарынан оған тəлімгер бекіту түсініледі.»;
8-тармақтың 6) - 10) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 51-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «жағдайларда» деген сөзден кейін «не осы Заңның 52-1-бабында көзделген тəртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің күші жойылған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жəрдем көрсету»;
8) 10-тарау мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту немесе қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің күшін жою
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органдары мынадай:
1) өтініш берушілер ұсынған құжаттарда қамтылған деректердің (мəліметтердің) анық еместігі анықталған;
2) өтініште көрсетілген əкімшілік-аумақтық бірлікте қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы болмаған;
3) өтініш берушілерді қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына бірнеше рет енгізу фактісі анықталған;
4) қандастың не қоныс аударушының «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сəйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған;
5) үміткерлер осы Заңның 20-бабында, 53-бабының 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сəйкес келмеген жағдайларда қандастарға не қоныс аударушыларға жəне олардың отбасы мүшелеріне (бар болса) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартады.
2. Қандасқа не қоныс аударушыға жəне оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың тиісті күнтізбелік жылға арналған өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің мынадай:
1) қандас не қоныс аударушы жəне олардың отбасы мүшелері (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударудан ерікті бас тартқан жағдайда оның бас тарту туралы өтініші негізінде;
2) қандас не қоныс аударушы жəне оның отбасы мүшелері (бар болса) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келмеген;
3) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін қандастардың не қоныс аударушылардың осы Заңның 20-бабында жəне 53-бабының 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сəйкес келмейтіні анықталған;