Белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет, сондай-ақ белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөнінде міндет мөлшеріндегі кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек, сондай-ақ кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болған кезде кедендік әкелу баждарының, салықтардың, аванстық төлемдердің төленген сомаларын қайтару жүзеге асырылмайды.
110-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын есепке жатқызу
1. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болмаған жағдайда, төлеуші кедендік декларацияны ұсынған не төлеуші осы төлеушінің өз ақшасын кедендік төлемнің, кедендік алымның, салықтың, өсімпұлдың, пайыздың осы түрі бойынша кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар ретінде пайдалану ниеті туралы куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары есепке жатқызылуға жатады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, төлеушінің өтініші бойынша осындай өтініште көрсетілген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардыңбасқа түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға жатады.
3. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын кеден органы осы Кодекстің 12-тарауында көзделген жағдайларда, төлеушінің өтінішінсіз, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының осы және (немесе) басқа түрлері бойынша осындай берешекті өтеу есебіне есепке жатқызады.
4. Кедендік әкелу бажының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды кеден органы Одақ туралы шартта көзделген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды кеден органы осындай өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
111-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару
1. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды кеден органы белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған кезде осы Кодекстің 109-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, төлеушінің өтініші негізінде жүргізеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару төлеушінің өтініші кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кеден органы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде, кеден органы өсімпұлдарды төлеушінің пайдасына есепке жазады. Өсімпұлдар осындай қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алудың әрбір күнінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
Есепке жазылған өсімпұлдардың сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдер есебінен қайтару жүргізілген күні төлеушінің өтініште көрсетілген банктік шотына аударылуға жатады.
112-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару)
1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгеніне жол берілген:
1) төлем құжатында:
төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген:
кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы төленуге жататын орналасқан жері бойынша кеден органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа кеден органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;
төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) бюджеттік сыныптаманың кодына сәйкес келмеген;
2) екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
3) төлеуші - ақша жөнелтуші кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын;
4) төлеуші кедендік баждың, кедендік алымның, салықтың түрін дұрыс таңдамаған;
5) төлеуші өсімпұлды төлеу кезінде кедендік баж, кедендік алым, салық түрін дұрыс таңдамаған;
6) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуге байланысты өзге де қателерге жол берілген кездегі сома кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасы болып табылады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару):
1) төлеушінің өтініші;
2) екінші деңгейдегі банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - банктің өтініші);
3) қате кету фактісі анықталған жағдайда, кеден органы жасаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару):
төлеушінің өтініші, банктің өтініші тіркелген;
кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате сомасы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
4. Төлеушінің өтініші, банктің өтініші кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке алу жүргізілетін кеден органына ұсынылады.
5. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осындай кеден органы:
1) қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті кеден органына есепке жатқызуды жүргізеді;
2) төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
6. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ол сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын қайтадан аударуға алып келген төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, кеден органы банктің өтініші бойынша қате болу фактісі расталған кезде қате төленген соманы:
ақшаны банктік шоттан есептен шығарған немесе төлемді банкоматтар арқылы жүзеге асырған жағдайда - төлеушінің банктік шотына;
ақшаны екінші деңгейдегі банкке қолма-қол енгізген немесе төлемді өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүзеге асырған жағдайда, екінші деңгейдегі банктің банктік шотына қайтаруды жүзеге асырады.
7. Кеден органы кедендік әкелу бажының қате төленген сомасын есепке жатқызуды Одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып жүргізеді.
8. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бар екенін растамаған кезде, осындай кеден органы осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабар жібереді.
113-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдерді есепке жатқызу (қайтару)
Аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану кезінде оларды алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аударуды, сондай-ақ аванстық төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды) кеден органы:
1) орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшамен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалған, тоқтатылған не туындамаған;
2) өсімпұлдар, осындай пайыздар есепке жазылған жағдайда, пайыздар бюджетке төленген;
3) осындай алмастыру кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі басталғанға дейін жүргізілген және (немесе) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету аванстық төлемдердің орнына басқа тәсілмен берілген жағдайларда жүзеге асырады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті, мерзімінде төленбеген өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша берешегі болған кезде көрсетілген сомаларды көрсетілген міндетті, берешекті орындау есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын осындай орындалмаған міндет мөлшерінде, сондай-ақ осындай берешек мөлшерінде есепке жатқызу жүзеге асырылмайды.
114-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару)
1. Ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланған кезде оларды алдағы кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аударуды, сондай-ақ ақшаны уақытша орналастыру шотынан көрсетілген ақшаны қайтаруды кеден органы:
1) орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшамен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалған, тоқтатылған не туындамаған;
2) өсімпұлдар, пайыздар бюджетке төленген;
3) ақшаның орнына осындай алмастыру кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі басталғанға дейін жүргізілген және (немесе) пайыздарды төлеу мерзімі кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін осындай пайыздар есепке жазылған жағдайда басталмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету басқа тәсілмен берілген жағдайларда жүзеге асырады.
2. Ақшаны алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аудару және (немесе) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлеушінің банктік шотына қайтару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті, мерзімінде төленбеген өсімпұлдары, пайыздары, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын,өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болған кезде ақшаны алдағы кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аудару және (немесе) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлеушінің банктік шотына қайтару көрсетілген сомаларды көрсетілген міндеттерді, берешекті орындау есебіне есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтару кезінде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомалар индекстелмейді, банктік қызметтер көрсету бойынша тарифтерді кеден органы аударылатын қаражаттың есебінен төлейді.
4. Төлеушінің қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтаруға немесе мұндай соманы алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу шотына аударуға арналған өтініші болмаған жағдайда, кеден органы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеті, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болмаған;
осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі аяқталған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке аударады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-бап. Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың төленген сомаларын қайтару
Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукционның қорытындыларының күші жойылған жағдайда, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың төленген сомаларын қайтару уәкілетті заңды тұлғаның өтініші негізінде жүргізіледі.
Қайтаруға арналған өтінішке:
заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
уәкілетті заңды тұлғаның кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар және өсімпұлдар сомаларын төлегені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың төленген сомаларын қайтаруды кеден органы қайтаруға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың төленген жері бойынша уәкілетті заңды тұлғаның банктік шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізеді.
12-тарау. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР, АРНАЙЫ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ, ӨТЕМАҚЫ БАЖДАРЫ, ӨСІМПҰЛДАР, ПАЙЫЗДАР БОЙЫНША БЕРЕШЕКТІ ӨНДІРІП АЛУ
1-параграф. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы жалпы ережелер
116-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы негізгі ережелер
1. Кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар, егер осы Кодексте және (немесе) Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, төлеушінің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен, оның ішінде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомалары және (немесе) аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.
2. Кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін төлеушіге, оның ішінде ынтымақты міндетті болатын тұлғаға осы Кодекстің 117-бабында айқындалған тәртіппен кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шараларға:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осы тарауда көзделген тәртіппен кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомалары есебінен, аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу;
2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына өсімпұлды есепке жазу;
төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
3) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мынадай тәртіппен:
төлеушінің банктік шоттарындағы ақша есебінен;
төлеушінің дебиторларының шоттарынан;
төлеушінің билік етілуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жатады.
4. Кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберген,осы Кодекстің 117-бабының 1-тармағында, 126-бабының 1-тармағында, 127-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген құжаттарды пошта операторы төлеушінің тұрған жерінде болмауы себепті қайтарған жағдайда, кеден органы төлеушінің тұрған жері бойынша зерттеп-қарау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады.
5. Зерттеп-қарау актісінде:
оның жасалу орны, күні және уақыты;
кеден органының актіні жасаған лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжатының атауы және нөмірі, тұрғылықты жері;
төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрғылықты жері немесе тұрғаны жері, сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.
Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
6. Егер зерттеп-қарау актісінде төлеушінің тұрған жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, акт жасалған күн осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күн болып табылады.
7. Осы Кодекстің 127-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында және 3) тармақшасында көзделген әрекеттер тізбекті түрде қолданылады.
8. Дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік баждар мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
9. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген шара жүзеге асырылады.
Берешек өтелмеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан берешекті өндіріп алуды атқарушылық іс жүргізу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
10. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін осы Кодексте көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі өткен;
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау кедендік баждарды, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;
3) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуге байланысты не осы Кодекстің 136-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;
4) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осындай берешектің, өсімпұлдардың, пайыздардың өндіріп алынуы мүмкін болмауына байланысты өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;
5) кедендік әкелу баждарына, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қатысты Комиссия айқындаған өзге де жағдайларда;
6) кедендік әкелу баждарына, салықтарға қатысты осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда;
7) қылмыстық құқық бұзұшылықтар туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, өздеріне қатысты өздерін қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты осы Кодекстің 159-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімдердің біреуі күшіне енетін күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастырған немесе оларды кедендік рәсімдердің бірімен орналастырған күнге дейінгі мерзім ішінде қабылданбайды.