2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35) тармақша өзгертілді
35) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды береді;
36) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
37) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасайды;
38) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды;
39) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асырады;
41) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-1) мемлекеттік органдар архитектурасының жобаларын келіседі;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-2) мемлекеттік органдар архитектураларының іске асырылуын қолдап отыруды ұйымдастырады;
42) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды
42-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
43) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы қорытындыны береді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды және қорытынды береді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 50) тармақша жаңа редакцияда
50) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келіседі;
51) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда
54) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекітеді;
55) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
57) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады;
58) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
59) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды
59-1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 60) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
60) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекітеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 61) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
61) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;
62) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекітеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 63) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
63) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды
63-1) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 63-2) тармақшамен толықтырылды
63-2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;
64) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлейді;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді;
4) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
6) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт береді;
12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар жібереді;
14) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастырады;
15) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлейді;
16) домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындайды, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiтеді;
17) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін бекітеді;
18) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекітеді;
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімін электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келіседі;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды
7-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін табу, бағалау, болжамдау, оқшаулау, бейтараптандыру және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісіне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының фактісі туралы дереу хабарлайды;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне жатпайтын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен және ақпараттық қауіпсіздіктің басқа да жедел орталықтарымен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушілеріне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздіктің қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың зардаптарының алдын алу мен жою әдістері туралы ақпаратты береді;
7) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының журналын жүргізу жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының мониторинг орталығына қосуды қамтамасыз етеді.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды
7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының себептері мен жағдайларын жою мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
2) ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды тұжырымдайды;
3) ақпараттандыру объектілерінің иеленушілеріне ақпараттық қауіпсіздіктің белгілі болған оқыс оқиғалары мен қатерлері туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды
7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдеседі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары ақпараттық қауіпсіздігінің жедел және салалық орталықтарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесін техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу тәртібін әзірлеуге қатысады;
6) ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат алынған жағдайларда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына дереу хабарлайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;
8) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін белгілейді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады.
2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-5-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіретін ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін талдау, бағалау, болжамдау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарынан келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.
1-тармақтың екінші бөлігі 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.