45) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі - Интернетке және (немесе) Интернетке шыға алатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде телекоммуникациялар желілерін қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46) интернет-ресурс - бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;
47) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі - мемлекеттердің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарының мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды
47-1) қорғау бейіні - ақпараттандыру объектілерінің құрамдастары болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;
48) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа;
49) мемлекеттік органның архитектурасы - мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы;
50) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
51) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттандыру объектілерін құруға және пайдалануға (іске қосуға), сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға қойылатын жалпы міндеттерді, қағидаттар мен талаптарды айқындайтын құжаттар жиынтығы;
52) пайдаланушы - нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
52-1) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;
53) сервистік бағдарламалық өнім - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті іске асыруға арналған бағдарламалық өнім;
54) техникалық қолдау - лицензиялық бағдарламалық қамтылымның жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау жөнінде консультациялық, ақпараттық-технологиялық және өзге де қызметтерді көрсету;
55) техникалық құжаттама - ақпараттық жүйеге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына және бағдарламалық өнімге, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнімге арналған, техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын құжаттамалар жиынтығы;
56) цифрлық сауаттылық - адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі;
57) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық жеткізгіште, интернет-ресурста және (немесе) ақпараттық жүйеде қамтылған ақпарат;
58) «электрондық әкiмдiк» - жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ және электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкіметтің» бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;
59) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы - Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының жүйесін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен көрсетілетін қызметтерді іске асыруына, ұйымдық құрылымына, ақпараттар легіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қойылатын стандарттық құрамдастар мен талаптардың сипаттамасы;
60) электрондық жеткізгіш - ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 61) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
61) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъект - мемлекеттік немесе өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алуға өтініш білдірген не проактивті қызмет көрсетуге келісім берген жеке немесе заңды тұлға;
62) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісі - мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді электрондық нысанда көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 62-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-1) электрондық өнеркәсіп өнімі - электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;
63) «электрондық үкімет» - мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы және жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
64) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері - мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған сервистік бағдарламалық өнімі, бағдарламалық қамтылымы және ақпараттық жүйелері;
65) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі) - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
66) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы - «электрондық үкіметтің» жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
67) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - оператор) - өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы - мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған технологиялық платформа;
69) «электрондық үкіметтің» архитектурасы - «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің сипаттамасы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту процестерін басқару және үйлестіру үшін пайдаланылатын нормативтік және техникалық талаптар кешені;
70) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті - «электрондық үкімет» веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
71) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкіметтің» архитектурасын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 71-1) тармақшамен толықтырылды
71-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі - мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;
72) «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының қорғалуын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары
1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу мынадай:
1) заңдылық;
2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерiн пайдалану құқықтарының теңдігі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзілуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді және олардың міндетті түрде берілуін (ашықтық презумпциясы) қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында жариялы таратылуының не мемлекеттік органдармен берілуінің міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толымдылығы және анықтығы;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру және беру еркiндiгi;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау;
9) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін орталықтандырып басқаруды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді.
4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, қолдап отыру, пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу саласы болып табылады.
2. Осы Заңның күші:
1) ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға;
\
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту;
2) мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мен қолдап отыруды қамтамасыз ету;
3) «электрондық үкіметті» және «электрондық әкімдікті» дамыту;
4) цифрлық сауаттылықты арттыру;
5) білім беру процесінің қатысушыларын электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге арналған жағдайлармен қамтамасыз ету;
6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;
8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, индустриялық-инновациялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қалыптастыру, дамыту және қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі;
11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде олардың алдын алу және оларға жедел ден қою;
12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына жүйелі негізде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
13) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетілдіру;
14) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
15) халықаралық ақпарат алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi ақпараттандыру саласында:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторын, операторды айқындайды;
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекітеді;
4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекітеді;
5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекітеді;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) сарапшылық кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiтеді;
3) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекітеді;
5) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекітеді;
6) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
7) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекітеді;
11) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекітеді;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекітеді;
15) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
16) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекітеді;
21) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекітеді;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізеді;
26) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекiтеді;
28) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын бекітеді;
29) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекітеді;
32) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекітеді;
34) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;