3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк аударымдар сомаларын Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктiк шотынан есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Төлеушiнiң банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, төлеушi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есепке жазылған әлеуметтiк аударымдар жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушіге Мемлекеттік корпорацияның Қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын құжаттар өтінішке қоса беріледі.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған орган немесе ұйым өтініш берушіні қағаз жеткізгіштердегі құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қордың әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргізуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салулар жіберуі мүмкін. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім қабылдауда орын алған кешіктіру және шешім қабылдаудың ұзартылу мерзімдері, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы туралы жазбаша нысанда өтініш берушіге хабар берілуге тиіс.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Кейіннен өтініштер жасалған кезде әлеуметтік төлемдер осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.
Қордың шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қорға өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін МӘС бөлімшесі белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айырылған жағдайда - қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күнінен бастап не азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап туындайды.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем үлесiн бөлу құқығы Қорға оны бөлу үшін өтiнiш жасалған күннен бастап туындайды;
жұмысынан айырылған жағдайда - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің Қорға өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап;
жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда - баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
Жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.
Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімі, он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) және немерелері әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау күніне жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспауға тиіс.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 21-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
1. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысына әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалады.
2. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды және белгілеуді МӘС бөлімшесі Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылған деп белгiленген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік корпорацияны үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.
5. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, еңбек ету қабiлетiнен айырылуының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi:
жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi сексеннен жүз пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн - 0,7;
жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн - 0,5;
жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi отыздан алпыс пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн 0,3 болады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:
алты айдан кем болғанда - 0,1;
алты айдан он екi айға дейiн - 0,7;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9;
қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95;
алпыс ай және одан да көп айларға - 1,0 болады.
6. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;
2) алушының қайтыс болуына (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс болды деп жариялауына) байланысты тоқтатылады. Әлеуметтік төлем оны алушы қайтыс болған (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) айды қоса алғанда, жүзеге асырылады;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.
7. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының еңбек ету қабілетінен айырылған деп белгілеген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылған деп кезекті кезең белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:
1) он сегіз жасқа толмаған және, егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан үлкен балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар.
Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада аталған, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған он сегіз жастан үлкен адамдардың оқуын бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар;
2) егер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбек етуге қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуiнің немесе жұбайының не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сiңлiсiнің асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушыларының - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.
3. Бала кезiнен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу Қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, Қор әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.
8. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.
9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауында бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi мен қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
10. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған адамдарға мүгедектікті белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап қайта куәландыруға дейін;
2) отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша оқушы немесе студент болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтаманың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем анықтаманы кезекті ұсынған кезде тоқтатыла тұрған кезінен бастап қайта жалғасады.
11. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;
2) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамға мүгедектікті белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап;
3) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам он сегіз жасқа толған күннен бастап (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда), ал аталған адам күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап тоқтатылады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады.
2. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсті табысты ауыстыру коэффициенттерi мен қатысу өтілінің коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.