2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап оларды, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті, беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді.
4. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, қор өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.
5. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда қор мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге құқылы. Бұл ретте өтiнiш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешiм қабылдауда орын алған іркіліс және шешiм қабылдаудың ұзартылу, бірақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылу мерзiмдерi туралы жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда хабарлануға тиiс.
6. Келесі өтiнiш жасау кездерінде әлеуметтік төлемдер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.
Қордың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына - МӘС бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айырылу жағдайына - қайтыс болу туралы куәлiкте немесе хабарламада көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап не соттың азаматты - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап не соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап;
жұмысынан айырылу жағдайына - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап;
жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына -жүктiлiк және босану бойынша демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына - жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда - соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
Жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап - он екі айдан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына он сегіз айдан аспайды.
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Өтініш осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органда немесе ұйымда тіркелген күн немесе әлеуметтік төлемдерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тағайындалу мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға келісім алынған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі сегіз жұмыс күнінен аспайды.
9. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қордың кiнәсiнан уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдердің сомасы әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшiн мерзiмдерi шектелмей төленеді.
20-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Адамның жалпы еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін куәландыру және белгілеу Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘС бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың белгiленген бүкіл кезеңіне тағайындалады.
Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте қор үш жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттік корпорацияны әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнің өзгергені туралы шығарылған шешiм жөнінде хабардар етеді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған кіріс - төлеуші беретін кірістер туралы анықтама негізінде кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері кірістің орташа айлық мөлшері есебінен алып тасталады және кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерінің ең жоғары шегі әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.
Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.
Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:
алты айдан кем болғанда - 0,1;
алты айдан он екі айға дейін - 0,7;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9;
қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95;
алпыс айдан жетпіс екі айға дейін - 1,0 болады;
алпыс және одан да көп айға - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылып отырады.
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есепке жатқызылады.
21-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) он сегіз жасқа толмаған және егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген болса, осы жастан асқан балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар;
2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.
4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемдегі үлесін бөлу қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
7-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.
Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы - асыраушы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және оның асырауында бiр адам болса - 0,5; асырауында екi адам болса - 0,65; асырауында үш адам болса - 0,8; асырауында төрт және одан көп адам болса - 1,0 болады.
Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері, кірісті ауыстыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
22-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
1. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап тағайындалады.
1-тармақтың екінші бөлігі 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың және қатысу өтілінің тиiсті коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,45-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері мен қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер:
ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - бір айға;
ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - екі айға;
ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - үш айға;
ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - төрт айға;
ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - бес айға;
ол үшін алпыс және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - алты айға тағайындалады.
4. Келесі өтініш жасау кезінде жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем жұмысынан айырылу жағдайына арналған, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жалпы қатысу өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайларда, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.
23-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем
1. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады.
2. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Байқоңыр қаласының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен берілген немесе Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласы аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген ережелер ескеріледі.
Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.