3 - 5-тармақтар 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда мүлікті алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді де көрсетеді:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
5) инвестициялық алтын;
6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді.
Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы толық декларацияға қосымшада көрсетіледі.
5-тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
635-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кірістер мен мүлік туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.
2. 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру күніне бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылатын кірістер мен мүлік туралы қосымша декларацияда жүргізіледі.
636-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасы ретінде айқындалады.
Егер жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасының теріс мәні болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасы нөлге тең деп танылады.
2. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабында көзделген, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер
қосу
жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі
қосу
дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
қосу
осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, салық агенті есептеген кірістердің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірістерді түзету,
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
637-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
637-бап. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда дербес жүргізеді.
2. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 638-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы.
638-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
638-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
1. Резидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірістерден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде жеке табыс салығының мөлшерлемесі шегінде осы Кодекстің 303-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы есепке жатқызуға жатады:
Се = П х Ү х Мт/100%, мұнда:
Се -шетелдік табыс салығының есепке жатқызылуға жататын сомасы;
П - осы Кодекстің 340-бабына сәйкес резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау коэффициенті;
Мт - табыс салығын, оның ішінде осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған табыс салығын есепке алмағанда, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын есептеу кезінде резидент ағымдағы салықтық кезеңде пассив кірістер үлесі бар формуланы пайдаланатын бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан мыналар тіркелген мемлекеттерде 10 пайыздан аз болатын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады:
1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
2) тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания;
3) резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) сол арқылы жанама иеленетін не оның жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлға.
Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынса, онда тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінен барынша көп шаманы құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы абзацтың ережелері:
1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленген немесе жанама бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау сол (солар) жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (тұлғалар) тіркелген) екі және одан көп шет мемлекетте төленген кезде, немесе
2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иеленген немесе тікелей бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.
Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иеленген не резиденттің тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті бақылауы болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға тиіс.
Осы тармақты қолдану үшін резидентте осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болуға тиіс.
639-бап. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
640-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
640-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
Жеке табыс салығы бойынша асып кету деп осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден төлем көзінен ұстап қалған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 637-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма танылады.
641-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 641-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері
Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кірістер мен мүлік туралы декларацияның тапсырылу тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша.
Жеке тұлға осы Кодекстің 635-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша, бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте осы бөліктің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.
642-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
642-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
1. Резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін әрбір айы үшін есептеледі.
Резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
2. Есепті салықтық кезең аяқталғаннан кейін резидент-еңбекші көшіп келушілер кірістің салық салынатын сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған (алуға жататын) кірістердің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің сомасына азайтылған еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстары орындалатын, қызметтері көрсетілетін әрбір айы үшін есептелген сомасы ретінде айқындалады.
Резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде бюджетке төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
643-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
643-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны тапсыру мерзімдері
1. Есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, тұрғылықты (болу) жері бойынша кірістерді алған, резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырады.
2. Салықтық кезең ішінде осы Кодекстің 642-бабында көзделген кірістерді алған, резидент-еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету күніне дейін салықтық кезең ішінде тапсырылады.
19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ
644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері деп кірістердің мынадай түрлері танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар қаржылық қызметтер көрсету деп танылады:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесіне банктік шоттарды ашу және жүргізу, аудару операциялары, кассалық операциялар, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері:
осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуден;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметін жүзеге асырудан түсетін кіріске қатысты қолданылмайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның мынадай:
аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;
егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірі орындалған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі, осы бөліктің 5-1) тармақшасына сәйкес салық салынбаған кірістері:
Авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде осы Кодекске сәйкес таратудың салықтық тексеруін жүргізу немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды беру көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің мөлшері:
салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жатқан және аралық тарату балансын бекіту күніне осы баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда),
алу
аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады.
Тарату салықтық тексеруінің нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актісінде көрсетіледі.
Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі.
Бұл ретте уәкілетті орган бекіткен, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілмеген мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың кірістеріне қатысты осы тармақшаның ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстар (алдын ала төлем) бойынша қолданылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның бір мезгілде мынадай:
бейрезиденттің мемлекетімен қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарт жасалмаған;
шарт (келісімшарт) мерзімі екі жылдан асатын шарттар болған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;
6) мыналарды:
құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;
7) талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері бейрезиденттің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін - осы тармақтың 8-1) тармақшасында көзделген кірісті қоспағанда, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқаға берілген (қайта берілген) борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады.