Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2018.24.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат):
109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
«сауда жасайтын шатырларды» деген сөздер «сауда жасайтын шатырларды (павильондарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«базарлар» деген сөз «сауда базарлары, ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) үшін,» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тармақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат;№15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат):
1) мазмұны 67-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
«67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері»;
2) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептiлiгi салық төлеушi (салық агентi) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша жасауға және ұсынуға жататын салық декларацияларын, есептеулерiн, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер табыс ететiн мониторинг бойынша есептiлiктi, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштердi, сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салық есептiлiгiнiң нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстiң 65 - 67-1-баптарының ережелерiн ескере отырып, уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
3) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері
1. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді:
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);
2) жалға алушы - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін;
7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін;
10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған.
Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының:
1) стационарлық немесе стационарлық еместігі;
2) жалпы алаңы;
3) сауда алаңы;
4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат):
1) 268-бап мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:
3-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«5. Биржалық саудаға қатысушылардың биржалық тауарлар тiзбесiне кiрген өзiнiң тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемiнде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимiнде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-тармақтың 1) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын сақтамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға есептіліктің күнделікті нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған ұсынуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы -
заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-тармақтың 1) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 282-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы «пластикалық сауыттардағы» деген сөздерден кейін «(сыраны құюды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 186-құжат; 1998 ж., №24, 447-құжат; 2001 ж., №23, 309, 321-құжаттар; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №15, 63-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №14, 89-құжат; №24, 148-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №17-18, 114-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №3, 21-құжат; №14, 92, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 123-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат):
1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеңіл рельстi көлiк - жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельстік көлік түрі;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау - тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;».
5. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №20, 720-құжат; 2004 ж., №5, 27-құжат; №23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., №23, 141-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №17, 82-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; №22, 128-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) сыраны құю - сыраны тасымалдауды және сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаңылтыр ыдыста (сыра мен күштiлiгi он екi пайыздан төмен әлсiз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыраны құюды қоспағанда);».
6. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., №3, 17-құжат; №9, 86-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 103-құжат; 2004 ж., №10, 56-құжат; №17, 97-құжат; №23, 142-құжат; №24, 144-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №13, 86, 87-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 99-құжат; №18, 113-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 14-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №17, 139-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 9-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 3, 7-құжаттар; №2, 28-құжат; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №3, 21-құжат; №5, 35-құжат; №8,64-құжат; №14, 92-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №3, 21-құжат; №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №10, 52-құжат; №11, 67-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 118, 122-құжаттар; №22, 131-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
4-2) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;
4-3) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітеді;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітеді;».
7. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 243-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №6, 10-құжат; №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №23, 144-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 21, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №2, 10, 12-құжаттар; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 86-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат):
19-баптың 5) тармақшасы «республикалық» деген сөздің алдынан «халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет-құрылыс құжаттамаларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
8-тармақ 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №10, 55-құжат; №21-22, 160-құжат; 2004 ж., №23, 140-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №4, 28, 33-құжаттар; №9, 67-құжат;№20, 153-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; №17-18, 72-құжат; №21, 97-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №4, 30-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 63-құжат; №16, 90-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42, 45-құжаттар):
10-баптың екінші бөлігі «қоры» деген сөзден кейін «және тауар биржалары» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 134-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
26-баптың 5-тармағындағы «сауда үйлерi мен базарларда» деген сөздер «1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №6, 44-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; 2009 ж., №17, 80-құжат; №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2011 ж., №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) - жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер - квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін, тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;»;
«4-1) жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық - жекелеген тауарлар түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін айрықша лицензия негізінде жүзеге асыру;
4-2) кедендік әкелу бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;
4-3) кедендік әкету бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем;»;
5), 6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшері (шамасы);
6) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі - белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшерi (шамасы);»;
«9) рұқсат - автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын, сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін арнайы құжат;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) сауда базары - аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;»;
11) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сауда желiсi - сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;»;
«15) сауда объектiсi - құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;»;
мынадай мазмұндағы 15-1), 16-1), 16-2) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) сауда орны - тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;»;
«16-1) стационарлық емес сауда объектісі - инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
16-2) стационарлық сауда объектісі - жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);»;
«17-1) сыртқы сауда қызметінің қатысушылары - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) тарифтiк квота - кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;»;
20) тармақша алып тасталсын;
21), 21-3) және 21-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) тауарлар тобы - функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;»;
«21-3) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген тіркеу құжатында көзделген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарттың ережелерін орындауды бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;
21-4) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi - бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
астана аумағында орналасқан, жеңіл рельсті көлікке арналған жеке бөлінген жолдарды және оларға жататын көлік инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағында орналасқан;