3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;
2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;
3) аукционды биржалық тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша жүргізу;
4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;
5) аукционның нәтижелері бойынша биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және аукционға қатысушылар төмендетуге ұсынған ең төменгі бағалардың арасынан және аукционға қатысушылар жоғарылатуға ұсынған ең жоғары бағалардың арасынан оны айқындау;
6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
4. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
2) адрестік мәміле және кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі биржалық сауданың үлгілік қағидаларында айқындалады.»;
«17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.
2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым не тауар биржасының арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлімшесі тауар биржасының клирингтік орталығы бола алады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасының клирингтік орталығының функцияларын орындай отырып, тауар биржасына клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
3. Қосарланған қарсы аукцион режимінде жасалатын биржалық мәмілелер бойынша қлирингтік қызметті дербес клирингтік ұйым жүзеге асырады.
4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
11-тармақтың 8) тармақшасының отызыншы абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Тауар биржасының клирингтік орталықтарының өз қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс.
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
4) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.»;
9) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.».
12. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №8, 43-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №16, 79-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) жеке бөлінген жол - тек қана қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісіне арналған жолақ. Жеке бөлінген жол қалған жүру бөліктерінен көлденең жол таңбаларының және жол белгілерінің көмегімен бөлінеді;»;
2) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жолдарда жүріс жолағының ені мен саны тек қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісін ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке бөлінген жолдарды ұйымдастырады.»;
3) 41-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орынтұрақтардың, паркингтердiң, велосипед жүретiн жолақтың не велосипед жолдарының, сондай-ақ қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке және жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет ұйымдарының арнайы көлiк құралдарына арналған жүру жолағының болуы;»;
4) 43-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жаңа инфрақұрылымды салу кезiнде көлiк құралдарының барлық түрлерiн есепке алу, оның iшiнде жолдар мен көшелердi интеллектуалды көлiк жүйелерiмен, велосипед жүретiн жолақтармен не велосипед жолдарымен, қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке арналған жүру жолақтарымен қамтамасыз ету;».
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап.
1. Осы Заң:
1) осы Заңның 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағын, 11-тармағының 3) тармақшасын және 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
2) осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын, 3-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 10-тармағының 24) тармақшасын, 11-тармағының 1) тармақшасының бесінші, жетінші, оныншы және он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының сегізінші абзацын және 8) тармақшасының отызыншы абзацын;
3) осы Заңның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын және 11-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
4) осы Заңның 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының күші 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылды деп танылсын.
3. Осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарының күші 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылды деп танылсын.
3-бап. Жұмыс істеп тұрған тауар биржалары өзінің жарғылық капиталының мөлшерін осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарында көзделген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Тауар биржасы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган оны мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
4-бап. Осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма бірінші - отыз жетінші абзацтарында көзделген талаптар осы Заңның 2-бабында көрсетілген мерзімдерде жұмыс істеп тұрған сауда базарларына қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 27-і.
№ 364-V