2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;
7) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
16) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда
17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
18) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7) 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-27), 18-28), 18-29), 18-30), 18-31), 18-32), 18-33), 18-34), 18-35), 18-36), 18-37) және 18-38) тармақшалармен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
18-2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-3) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 18-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;
18-6) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;
18-7) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
18-9) білім беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімі бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-10) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-11) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-12) тармақша жаңа редакцияда
18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-13) тармақша жаңа редакцияда
18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелерді береді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-14) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-19) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді және бекiтедi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-24) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-25) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-26) отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
18-27) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-36) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
18-37) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-39) - 18-44) тармақшалармен толықтырылды
18-39) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18-41) Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-42) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-43) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
18-44) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-45), 18-46), 18-47) және 18-48) тармақшалармен толықтырылды
18-45) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
18-46) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
18-47) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар береді;
18-48) басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер):
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға және оны іске асыруға қатысады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) облыстың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері жөніндегі есебін қарайды;
6) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) мыналарға:
орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарларын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына;
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
кеспеағаштардың бөлінуіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуіне;
орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
10) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөніндегі есептерiн қарайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді, бекітеді және iске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7) тармақша толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 12) тармақша толықтырылды
12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;