5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап зейнетақы аннуитеті шарты күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда, бірақ оны жасасқан күннен кемінде екі жыл өткен соң, зейнетақы аннуитетi шарты тек сақтанушының бастамасымен ғана бұзылуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитетi шарты бұзылған кезде:
1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегерiлiп, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауға тиіс;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңа зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Егер осы Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу үшін не сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда:
1) сақтандыру төлемдерінің мерзімділігі осы баптың 10-тармағына сәйкес айқындалады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8. Сақтандыру ұйымының астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдары болуы міндетті.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді сақтандыру ұйымы уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істерді жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:
ерлер - 55 жасқа;
әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа;
осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.
11. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін міндетті және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын пайдалануға;
3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
4) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шарттың түпнұсқасын және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімді ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын беруге міндетті.
3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бiр рет және толық көлемде алады.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) екі данасы сақтанушыға берiлетін зейнетақы аннуитетi шартын үш данада ресiмдеуге;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртiбi
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мiндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
63-бап. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 64-бап жаңа редакцияда
64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;
3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;
3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
3. Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалу шарттарына сәйкес адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған адамдарға, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес тағайындалады.
5. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау, біліктілік сыныбын белгілеу кезiнде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметке қабылданған күннен бастап қызмет өткеру кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 5-тармағында аталған және қайтадан үш жыл қызмет еткен адамдар қызметтен қайта босатылған кезде, қызметтен қайта босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемінің тағайындалуына не еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттыруларды ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта төлетуді таңдауға құқығы бар.
Осы тармақтың күші осы баптың 5-тармағында көрсетілген, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтар - 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарындағы қызметтен қайтадан шығарылған адамдарға қолданылады.
7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан кем еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күніне қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1 - 3-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.
Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері - ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күніне жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн бір пайызына ұлғайтылады.
Қызметтен босатылған күніне жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.
2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай жабдықталымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.
4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебінен белгіленеді.
6. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.
7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу
Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары қайта қарауға жатпайды.
67-бап. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру мерзімдері
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай жабдықталым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады.
Өтініш пен қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органда тіркелген күн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен ерте емес жүзеге асырылады.