Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады.
Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтерді және құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына
бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар
мынадай жағдайларда енгізеді:
1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;
2) орталық атқарушы органдардың арасында тұжырымдамалық сипаттағы (бірінші басшылардың қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің келiспеушiлiктер хаттамасын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келіспеушіліктерді жою жөніндегі хаттаманы қоса бере отырып) және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;
3) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.
Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.
15-1. ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі (ЭЦҚ арқылы келісу) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.
17. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Үкімет отырыстары
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 3.1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3.1-бөлім. Үкімет отырыстарын жоспарлау
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 18-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі
18. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізілетін Үкімет мүшелерінің ұсыныстары негізінде Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітеді.
Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.
Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде ресімделген және отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей енгізілген, Премьер-Министрдің атына жазылған өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.
Осы тармақта белгіленген тәртіп кезектен тыс тәртіппен жоспарланған Үкімет мәжілістеріне қолданылмайды.
20. Кезектен тыс Үкімет мәжілістері Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша шақырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 3.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3.2-бөлім. Үкімет отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Президент шақырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.
Мәжілістерге Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді
23. Мәжіліс, егер оған Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет мүшесінің мәжіліске қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, тиісті орынбасарларының және/немесе жауапты хатшылардың немесе министрліктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшы өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамдарының қатысуы мәжіліс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен алдын ала келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 24-тармақ өзгертілді
24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен келісілген тізім бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.
Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.
Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.
Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.
Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.
Үкіметтің мәжілістеріне қатысатын шақырылған адамдарды Кеңсе қызметкерлері тіркейді.
Жабық мәжілістерді өткізу және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және мәжіліске кіруді шектеумен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 25-тармақтың төртінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді
25. Үкімет отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде отырысқа дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей енгізіледі.
Кеңсе Басшысымен келісілген жағдайларды қоспағанда, Үкімет отырысы өткізілетін күнге дейін бір күн бұрын және тікелей сол күні таныстырылатын материалды ауыстыруға тыйым салынады.
Кеңсе Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адаммен келісу бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға ашық байланыс арналары арқылы жіберуге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Үкімет мүшелеріне және Кеңсесінің Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды адамдарға дереу таратады.
Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы және толық берілмеген, сондай-ақ сапасыз болған жағдайда, Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Үкімет мәжілісіне материалдардың уақтылы ұсынылмағаны үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адамның тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізіліп, Үкімет мәжілісіне қатысушылардың назарына тікелей мәжілісте жеткізіле алады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдардың тізбесі мен ресімделуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Үкімет мәжілісін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі ол өткізілетін күні ЭҚАБЖ дерекқоры әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) «Инфопанель» қосымша парағында міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) және отырыста қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар, қатысушылардың тізімі) орналастырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын орындай отырып, (Кеңсе Басшысымен келісілген тарату (таныстыру) есептері бойынша) енгізіледі, тіркеледі, баяндалады, қаралады, Үкімет мәжілісіне шығару үшін дайындалады, сондай-ақ жабық мәжілістерде, кеңестерде пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.
Атына тапсырма берілген, өкілдері мәжіліске қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздеріне мәжілістің қол қойылған хаттамасының келіп түсуін күтпей, тапсырмаларды орындауға мәжілістен кейін бірден кірісуге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29. Үкімет отырысында қабылданған шешімдер Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет отырысының стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде өтетін кеңес хаттамаларын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-тармақ жаңа редакцияда
30. Орындаушы дайындаған хаттаманы Үкімет отырысынан кейін бес күн мерзімде Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭЦҚ арқылы келіседі және ол Премьер-Министрге қол қоюға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Үкімет қаулылары (Премьер-Министр өкімдері)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.1-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар қаулы жобаларының мемлекеттік тілде дайындалу сапасы, мемлекеттік және орыс тілдері қағидаларының сақталуы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.22.10. № 1335 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.
Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.
Қаулы (өкім) жобасында тапсырмалық сипаттағы ережелер бар болған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Регламенттің 8-тармағының екінші абзацын басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.2-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі - МО ИП) электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының, немесе оның орынбасарының, немесе жауапты хатшысының, не мемлекеттік органның аппарат басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдалана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.
Қаулы (өкім) жобасын заң қызметімен келісу бөлігіндегі осы талаптар әзірлеушісі Әділет министрлігі болып табылатын жобаларға қолданылмайды.
Қаулы (өкім) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдардың оны алдын ала келісуін талап етуге, формальды және өзге де негізсіз себептермен жобаны, осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, келісуден бас тартуға тиісті емес.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен 34-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-1-тармақ өзгертілді
34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестерінің (бұдан әрі - сараптама кеңестері) сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар қаулы жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда - өзге де тілдерде баспасөз релизін жариялайды.
Әлеуметтік мәні бар қаулы жобасы деп тікелей немесе жанама түрде адамның және тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын қаулы жобасын түсіну қажет.
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен 34-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.07.11. № 672 Қаулысымен 34-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 82-бабының 3-тармағында көзделген реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін құжаттардың жобалары бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік эсерді талдау рәсімі алдын ала жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
35. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы жауапты хатшылар (немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ жаңа редакцияда
36. Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.
Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне қатысты қаулылардың жобалары Ұлттық экономика министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.
Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуге болмайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 37-тармақ өзгертілді
37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады.
Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Міндетті лингвистикалық сараптама:
1) заңнамалық актілердің жобалары бойынша - Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісілгеннен кейін олар Үкіметке енгізілгенге дейін;
2) ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша - оларға қол қойылғанға дейін;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар бойынша - оларды ратификациялау немесе ратификациялау жолымен оларға қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі.
Бұл ретте олар Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі.