Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Мына төлеушiлер жер салығын есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады:
1) осы Кодекстiң 290-бабының 3-тармағында және 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар - арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 708-бабында көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар - осы Кодекстің 712-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша.
4) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым.
3. Мына төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентiн қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері - осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің балаларды сауықтыру жөніндегі өздерінің қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
2) негiзгi қызмет түрi ормандарды өртке қарсы жайластыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстардың өсімін молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар - өздері осы қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар - өздері балықты ұдайы молайту жөніндегі қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
4) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындары;
5) технологиялық парктер - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.
Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін технологиялық парктер қолдануға құқылы:
мұндай технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі;
6) осы Кодекстің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген діни бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған коммерциялық емес ұйымдар;
7) осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар - осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының және 3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының ережелері жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілгеннен, өзге де негіздерде пайдалануға берілгеннен түскен кіріс мемлекеттік бюджеттің есебіне жатқызылатын жағдайды қоспағанда, жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін (ондағы ғимараттармен, құрылыстармен, құрылысжайлармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген, өзге де негіздерде пайдалануға берген немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдаланған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған кезде:
салық төлеушілер салық салу объектілерін бөлек-бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті;
жер учаскесінің бөлігі бойынша жер салығының мөлшері осындай учаске бөлігі алаңының бүкіл жер учаскесінің жалпы алаңына үлестік салмағы бойынша айқындалады.
62-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
511-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
1. Салықты есептеу осы тараудың ережелерін ескере отырып, әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi.
2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде салық төлеуші жер салығын жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептейді.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.
4. Жер салығы бюджетке жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде аумағы осындай өзгеріске байланысты басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен шекарасында болған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
7. Салық төлеушiлер иеленетін жер учаскелерi бонитетiнiң балын анықтау мүмкiн болмаған кезде жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық осындай объектілердің жалпы алаңындағы әрбір меншік иесінің үлесiне пропорционалды есептеледi.
9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне, пәтердің (тұрғынжайдың) меншік иесі - жеке тұлғаны қоспағанда, кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын ортақ мүліктегі үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне пропорционалды жер салығы салынуға тиіс.
Бұл ретте:
1) жеке тұлғаны қоспағанда, ортақ мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынуға жатады;
2) ортақ мүліктегі тұрғын емес үй-жайдың (тұрғын емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынуға жатады.
512-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
1. Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi салықтық кезең iшiнде есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салықтық кезеңнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салықтық базаға тиiстi салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.
5. Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстiң 498-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1) осындай салықтық кезең ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды бірінші төлеу мерзімі болып табылады;
2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде тек түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу жүргізіледі.
6. Жер салығы бойынша мiндеттемелер салықтық кезең iшiнде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық мiндеттемелердiң өзгеру сомасына осындай салықтық кезеңде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
7. Салық салу объектiлерiне құқықтар салықтық кезеңнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн есептейдi. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесiне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшiн есептейдi.
8. Салық төлеушi салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.
9. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық кезең үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.
513-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілікті ұсыну ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiнiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына пропорционалды түрде әрбір салық төлеушi бойынша жеке-жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 498-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерiне осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
514-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салықтық мөлшерлемелер мен салықтық базаны негiзге ала отырып, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.
Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға) қолданылмайды.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін мұндай учаске:
салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғын үй және басқа да объектілер алып жатқан;
тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген талаптар бір мезгілде сақталғанда жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.
2. Салықтық кезең iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 512-бабы 7-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей бюджетке төлейдi.
4. Кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) жер салығын осы Кодекстің 512-бабында шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін айқындалған тәртіппен есептейді және төлейді.
5. Осы Кодекстің 498-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
құқық туындаған кезде - осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;
құқық тоқтатылған кезде - осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.
63-тарау. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІК
515-бап. Салықтық кезең
1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.
516-бап. Салықтық есептілік
1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жерi бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.
2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:
ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын - ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде;
ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, осындай төлемдердің қосымша есеп-қисабын - салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.
3. Декларацияны жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:
1) заңды тұлғалар;
2) дара кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) - кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.
15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ
64-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ
517-бап. Салық төлеушілер
1. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) осы Кодекстің 518-бабында көрсетілген тұлғалар.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі мүлік салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) өздері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер.
Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде айқындалған тәртіппен төлейді;
2) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
518-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерi меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсу бойынша салық төлеушi бола алады.
4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания салық төлеушi болып табылады.
6. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың осындай тіркелуі болмаған жағдайда:
1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін - мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) актісі;
2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осы объектіні іс жүзінде иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып танылады.
519-бап. Салық салу объектісі
1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі қаражат, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
2) халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде есепке алынатын тұрғынжайды сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, осындай ғимараттардың бөліктері;
3) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;
4) осы Кодекстiң 260-бабында көрсетілген активтер;
5) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiндегі мүлiкке өндiрiп алу нәтижесiнде меншiкке өткен техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
6) осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.
2. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 201-бабының 9) тармақшасына сәйкес негізгі қаражат болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi деп танылады.
3. Мыналар салық салу объектілері болып табылмайды:
1) осы Кодекстiң 500 және 501-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
4) 518-баптың 6-тармағында және осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;
6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алған ғимараттар, құрылыстар;
7) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері;
8) концессия объектiлерінің құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 000 000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, оларға иелік ету, пайдалану құқықтары қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша берілген концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар.
520-бап. Салықтық база
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база болып табылады.
Концессия объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiпке сәйкес белгіленген құны салықтық база болып табылады.
2. Осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.
3. Салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әрбір айының 1-күнi мен есептiден кейiнгi салықтық кезең айының 1-күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құндарын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.