Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жер салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер - осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;
гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
7) дiни бiрлестiктер.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін заңды мекенжайы (олардың тұратын жерінің мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер жеке тұратын зейнеткерлер деп танылады.
4. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) - 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
5. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
499-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания жер салығын төлеушi болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың бірлескен ортақ меншігіндегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектісінің меншік иелерінің арасындағы келісіммен олардың біреуі салық төлеуші болуы мүмкін.
Бұл ретте меншік құқығын мемлекеттік тіркеу 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға өтініште көрсеткен осы салық салу объектісінің меншік иелерінің бірі салық төлеуші болуы мүмкін.
3. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.
4. Қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша лизинг алушы жер салығын төлеушi болып табылады.
500-бап. Салық салу объектісі
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;
4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;
5) осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері.
501-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау
1. Темiржолдар, оқшаулау белдеулерi, темiржол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiржол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiржол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi балансында радиорелелiк, әуе, кәбілдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
502-бап. Салықтық база
Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.
61-тарау. САЛЫҚТЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР
503-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жеріне бонитет балдарына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салықтық мөлшерлемелері белгiленедi:
| Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1 | 2,4 |
| 2. | 2 | 3,35 |
| 3. | 3 | 4,35 |
| 4. | 4 | 5,3 |
| 5. | 5 | 6,25 |
| 6. | 6 | 7,25 |
| 7. | 7 | 8,4 |
| 8. | 8 | 9,65 |
| 9. | 9 | 10,8 |
| 10. | 10 | 12,05 |
| 11. | 11 | 14,45 |
| 12. | 12 | 15,45 |
| 13. | 13 | 16,4 |
| 14. | 14 | 17,35 |
| 15. | 15 | 18,35 |
| 16. | 16 | 19,3 |
| 17. | 17 | 20,45 |
| 18. | 18 | 21,7 |
| 19. | 19 | 22,85 |
| 20. | 20 | 24,1 |
| 21. | 21 | 26,55 |
| 22. | 22 | 28,95 |
| 23. | 23 | 31,35 |
| 24. | 24 | 33,75 |
| 25. | 25 | 36,2 |
| 26. | 26 | 38,6 |
| 27. | 27 | 41 |
| 28. | 28 | 43,4 |
| 29. | 29 | 45,85 |
| 30. | 30 | 48,25 |
| 31. | 31 | 72,35 |
| 32. | 32 | 77,7 |
| 33. | 33 | 82,95 |
| 34. | 34 | 90,4 |
| 35. | 35 | 93,8 |
| 36. | 36 | 99,1 |
| 37. | 37 | 104,4 |
| 38. | 38 | 110 |
| 39. | 39 | 115,3 |
| 40. | 40 | 120,6 |
| 41. | 41 | 144,75 |
| 42. | 42 | 150,05 |
| 43. | 43 | 155,35 |
| 44. | 44 | 160,85 |
| 45. | 45 | 166,15 |
| 46. | 46 | 171,45 |
| 47. | 47 | 176,8 |
| 48. | 48 | 182,4 |
| 49. | 49 | 187,7 |
| 50. | 50 | 193 |
| 51. | 51 | 217,1 |
| 52. | 52 | 222,45 |
| 53. | 53 | 227,75 |
| 54. | 54 | 233,25 |
| 55. | 55 | 238,55 |
| 56. | 56 | 243,85 |
| 57. | 57 | 249,15 |
| 58. | 58 | 254,75 |
| 59. | 59 | 260,05 |
| 60. | 60 | 265,35 |
| 61. | 61 | 289,5 |
| 62. | 62 | 303,15 |
| 63. | 63 | 316,3 |
| 64. | 64 | 329,75 |
| 65. | 65 | 343,05 |
| 66. | 66 | 356,55 |
| 67. | 67 | 369,8 |
| 68. | 68 | 383,3 |
| 69. | 69 | 396,6 |
| 70. | 70 | 410,1 |
| 71. | 71 | 434,25 |
| 72. | 72 | 447,75 |
| 73. | 73 | 460,95 |
| 74. | 74 | 474,45 |
| 75. | 75 | 487,8 |
| 76. | 76 | 501,3 |
| 77. | 77 | 514,55 |
| 78. | 78 | 528,05 |
| 79. | 79 | 541,35 |
| 80. | 80 | 554,85 |
| 81. | 81 | 579 |
| 82. | 82 | 595,1 |
| 83. | 83 | 611,05 |
| 84. | 84 | 627,25 |
| 85. | 85 | 643,35 |
| 86. | 86 | 659,3 |
| 87. | 87 | 675,5 |
| 88. | 88 | 691,6 |
| 89. | 89 | 707,55 |
| 90. | 90 | 723,75 |
| 91. | 91 | 747,85 |
| 92. | 92 | 772 |
| 93. | 93 | 796,1 |
| 94. | 94 | 820,25 |
| 95. | 95 | 844,35 |
| 96. | 96 | 868,5 |
| 97. | 97 | 892,6 |
| 98. | 98 | 916,75 |
| 99. | 99 | 940,85 |
| 100. | 100 | 965 |
| 101. | 100-ден жоғары | 1 013,3 |
3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерiне бонитет балдарына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер белгiленедi:
| Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1 | 2,4 |
| 2. | 2 | 2,7 |
| 3. | 3 | 2,9 |
| 4. | 4 | 3,1 |
| 5. | 5 | 3,35 |
| 6. | 6 | 3,65 |
| 7. | 7 | 3,85 |
| 8. | 8 | 4,05 |
| 9. | 9 | 4,35 |
| 10. | 10 | 4,8 |
| 11. | 11 | 7,25 |
| 12. | 12 | 9,15 |
| 13. | 13 | 11,1 |
| 14. | 14 | 12,75 |
| 15. | 15 | 14,65 |
| 16. | 16 | 16,6 |
| 17. | 17 | 18,55 |
| 18. | 18 | 20,25 |
| 19. | 19 | 22,2 |
| 20. | 20 | 24,1 |
| 21. | 21 | 26,55 |
| 22. | 22 | 28,95 |
| 23. | 23 | 31,35 |
| 24. | 24 | 33,75 |
| 25. | 25 | 36,2 |
| 26. | 26 | 38,6 |
| 27. | 27 | 41 |
| 28. | 28 | 43,4 |
| 29. | 29 | 45,85 |
| 30. | 30 | 48,25 |
| 31. | 31 | 50,65 |
| 32. | 32 | 53,05 |
| 33. | 33 | 55,45 |
| 34. | 34 | 57,9 |
| 35. | 35 | 60,3 |
| 36. | 36 | 62,7 |
| 37. | 37 | 65,15 |
| 38. | 38 | 67,55 |
| 39. | 39 | 69,95 |
| 40. | 40 | 72,35 |
| 41. | 41 | 74,8 |
| 42. | 42 | 77,2 |
| 43. | 43 | 79,6 |
| 44. | 44 | 82 |
| 45. | 45 | 84,45 |
| 46. | 46 | 86,85 |
| 47. | 47 | 89,25 |
| 48. | 48 | 91,65 |
| 49. | 49 | 94,1 |
| 50. | 50 | 96,5 |
| 51. | 51 | 98,9 |
| 52. | 52 | 101,3 |
| 53. | 53 | 103,75 |
| 54. | 54 | 106,15 |
| 55. | 55 | 108,55 |
| 56. | 56 | 110,95 |
| 57. | 57 | 113,4 |
| 58. | 58 | 115,8 |
| 59. | 59 | 118,2 |
| 60. | 60 | 120,6 |
| 61. | 61 | 123,05 |
| 62. | 62 | 126,4 |
| 63. | 63 | 129,1 |
| 64. | 64 | 132,2 |
| 65. | 65 | 135,1 |
| 66. | 66 | 138,2 |
| 67. | 67 | 141,1 |
| 68. | 68 | 144,25 |
| 69. | 69 | 147,45 |
| 70. | 70 | 150,35 |
| 71. | 71 | 153,45 |
| 72. | 72 | 156,35 |
| 73. | 73 | 159,4 |
| 74. | 74 | 162,3 |
| 75. | 75 | 165,45 |
| 76. | 76 | 168,4 |
| 77. | 77 | 171,55 |
| 78. | 78 | 174,65 |
| 79. | 79 | 177,55 |
| 80. | 80 | 180,75 |
| 81. | 81 | 183,55 |
| 82. | 82 | 186,7 |
| 83. | 83 | 189,6 |
| 84. | 84 | 192,8 |
| 85. | 85 | 195,9 |
| 86. | 86 | 198,8 |
| 87. | 87 | 201,9 |
| 88. | 88 | 204,75 |
| 89. | 89 | 207,95 |
| 90. | 90 | 210,85 |
| 91. | 91 | 210,9 |
| 92. | 92 | 216,95 |
| 93. | 93 | 220 |
| 94. | 94 | 223,1 |
| 95. | 95 | 226 |
| 96. | 96 | 229,2 |
| 97. | 97 | 231,9 |
| 98. | 98 | 235,15 |
| 99. | 99 | 238,05 |
| 100. | 100 | 241,25 |
| 101. | 100-ден жоғары | 250,9 |
504-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиісті қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
1) 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда алаң болған кезде - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
2) 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
505-бап. Елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
1-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-1-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Р/с№ | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Қалалар: | | |
| 1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
| 2. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
| 3. | Астана | 19,30 | 0,96 |
| 4. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
| 5. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
| 6. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
| 7. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
| 8. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
| 9. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
| 10. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
| 11. | Орал | 5,79 | 0,58 |
| 12. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
| 13. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
| 14. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
| 15. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
| 16. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
| 17. | Түркістан | 7,79 | 0,39 |
| 18. | Алматы облысы: | | |
| 19. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
| 20. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
| 21. | Ақмола облысы: | | |
| 22. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
| 23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
| 24. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
| 25. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
| 26. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
| 27. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
2. Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады:
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
1000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда - 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.
Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне арналған салықтық мөлшерлемелер 1 шаршы метр үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) қалған елдi мекендер үшiн:
5000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда - 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне арналған салықтық мөлшерлемелер 1 шаршы метр үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
506-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жері) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерiне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бiр гектарға есептегенде бонитет балдарына пропорционалды түрде мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
| Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) | Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 0 | 48,25 | 52. | 51 | 2634,45 |
| 2. | 1 | 91,67 | 53. | 52 | 2690,23 |
| 3. | 2 | 135,1 | 54. | 53 | 2745,95 |
| 4. | 3 | 178,52 | 55. | 54 | 2801,72 |
| 5. | 4 | 221,95 | 56. | 55 | 2857,46 |
| 6. | 5 | 265,37 | 57. | 56 | 2913,24 |
| 7. | 6 | 308,8 | 58. | 57 | 2968,96 |
| 8. | 7 | 352,22 | 59. | 58 | 3024,73 |
| 9. | 8 | 395,65 | 60. | 59 | 3080,47 |
| 10. | 9 | 439,07 | 61. | 60 | 3136,25 |
| 11. | 10 | 482,5 | 62. | 61 | 3188,36 |
| 12. | 11 | 530,75 | 63. | 62 | 3247,75 |
| 13. | 12 | 592,41 | 64. | 63 | 3325,49 |
| 14. | 13 | 654,08 | 65. | 64 | 3364,61 |
| 15. | 14 | 715,68 | 66. | 65 | 3423,05 |
| 16. | 15 | 777,35 | 67. | 66 | 3489,25 |
| 17. | 16 | 839,01 | 68. | 67 | 3539,95 |
| 18. | 17 | 900,67 | 69. | 68 | 3598,39 |
| 19. | 18 | 962,29 | 70. | 69 | 3656,81 |
| 20. | 19 | 1023,96 | 71. | 70 | 3715,25 |
| 21. | 20 | 1084,66 | 72. | 71 | 3769,29 |
| 22. | 21 | 1138,7 | 73. | 72 | 3829,64 |
| 23. | 22 | 1189,07 | 74. | 73 | 3890,53 |
| 24. | 23 | 1239,35 | 75. | 74 | 3951,67 |
| 25. | 24 | 1287,73 | 76. | 75 | 4012,79 |
| 26. | 25 | 1340,29 | 77. | 76 | 4073,88 |
| 27. | 26 | 1390,66 | 78. | 77 | 4135,02 |
| 28. | 27 | 1441,07 | 79. | 78 | 4196,15 |
| 29. | 28 | 1491,45 | 80. | 79 | 4257,23 |
| 30. | 29 | 1541,88 | 81. | 80 | 4319,34 |
| 31. | 30 | 1592,25 | 82. | 81 | 4371,45 |
| 32. | 31 | 1646,29 | 83. | 82 | 4432,57 |
| 33. | 32 | 1693,03 | 84. | 83 | 4493,66 |
| 34. | 33 | 1740,76 | 85. | 84 | 4554,8 |
| 35. | 34 | 1788,47 | 86. | 85 | 4615,92 |
| 36. | 35 | 1836,2 | 87. | 86 | 4677,01 |
| 37. | 36 | 1883,87 | 88. | 87 | 4738,15 |
| 38. | 37 | 1931,58 | 89. | 88 | 4799,27 |
| 39. | 38 | 1979,31 | 90. | 89 | 4860,36 |
| 40. | 39 | 2027,02 | 91. | 90 | 4921,5 |
| 41. | 40 | 2074,75 | 92. | 91 | 4975,54 |
| 42. | 41 | 2126,86 | 93. | 92 | 5054,48 |
| 43. | 42 | 2178,19 | 94. | 93 | 5134,32 |
| 44. | 43 | 2228,61 | 95. | 94 | 5214,22 |
| 45. | 44 | 2278,98 | 96. | 95 | 5294,09 |
| 46. | 45 | 2329,41 | 97. | 96 | 5373,99 |
| 47. | 46 | 2379,79 | 98. | 97 | 5453,83 |
| 48. | 47 | 2340,22 | 99. | 98 | 5533,73 |
| 49. | 48 | 2480,57 | 100. | 99 | 5613,59 |
| 50. | 49 | 2531 | 101. | 100 | 5693,5 |
| 51. | 50 | 2582,34 | 102. | 100-ден жоғары | 5790 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жер осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жер осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
4. Магистральды темiржолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiржол көлiгi кәсiпорындарының жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
507-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 505-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 510-бабының 1-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, көрсетілген жерге салықтық мөлшерлемелерді жалпы азайту базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, әуеайлақтар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 506-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Әуеайлақтар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекен шегiнде орналасқан, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалған және жабдықталған жер учаскесi әуеайлақ деп түсініледі.
508-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттар үшін пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерi осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 506-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
509-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Елді мекендердің автожанармай құю станцияларына бөлінген жеріне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Автожанармай құю станцияларына бөлінген басқа санаттардағы жер жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 505-бабында белгіленгеннен кем болмайды.
2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерiне осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендер жерiне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттардағы жерге, тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жердi қоспағанда, жақын орналасқан елдi мекеннің жерi үшiн осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерiне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Елдi мекеннiң жерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемелері төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 505-бабында белгiленгеннен кем болмайды.
3. Елді мекендердің автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жеріне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерге жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген, жергілікті өкілді орган белгілейтін мөлшерлемелерді ұлғайту автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады.
4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстiң 505-бабы кестесінің 23 - 26-жолдарында көрсетілген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 505, 506 және 507-баптарында және осы бапта белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
5. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы тармақтың ережелеріне сәйкес арттырылған базалық салық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап қолданылады.
6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
510-бап. Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады.
1-тармақтың үшінші бөлігінің қолданысы 2018 ж. 1 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-2-бабының редакциясында қолданылды
Бұл ретте жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.