Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2021.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат, № 15, 78-құжат):
830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;»;
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар;№ 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24,125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4,21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат, № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «жалға беруге», «жалға беруді», «жалға беруден», «жалға беру», «жалға, өзге де негіздерде» деген сөздер тиісінше «мүліктік жалдауға (жалға беруге)», «мүліктік жалдауды (жалға беруді)», «мүліктік жалдаудан (жалға беруден)», «мүліктік жалдау (жалға беру)», «мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 24-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы»;
67-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 67-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«67-2-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері»;
154-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салудың ерекшеліктері»;
154-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 154-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«154-2-бап. Жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшері»;
156-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Салық салудан босатылатын кірістер»;
мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 және 156-12-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«156-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру
156-2-бап. Салық шегерімдері
156-3-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі
156-4-бап. Стандартты шегерім
156-5-бап. Стандартты шегерімді ауыстыру
156-6-бап. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі
156-7-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі
156-8-бап. Оқуға арналған салық шегерімі
156-9-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі
156-10-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі
156-11-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі
156-12-бап. Басқа да шегерімдерді ауыстыру»;
157 және 159-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
18-тарау мынадай мазмұндағы 159-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету»;
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер»;
160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Жалпы ережелер»;
мынадай мазмұндағы 160-1, 162-1 және 165-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«160-1-бап. Салық кезеңі және есепті кезең»;
«162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама беру тәртібі»;
«165-1-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану тәртібі»;
166-баптың тақырыбы алып тасталсын;
170 және 172-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«170-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс»;
«172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс»;
4-параграф мынадай мазмұндағы 172-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«172-1-бап. Салық сомасын есептеу»;
173-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Стипендиялар түріндегі кіріс»;
20-тараудың және 177-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер
177-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер»;
мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«177-1-бап. Салық кезеңі»;
178-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«178-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу»;
1-параграф мынадай мазмұндағы 180-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесін басқаға беруден түсетін кіріс»;
20-тараудың 2-параграфының және 181, 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс
181-бап. Жалпы ережелер
182-бап. Жекеше нотариустың кірісі»;
мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 және 182-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі
182-2-бап. Адвокаттың кірісі
182-3-бап. Кәсіби медиатордың кірісі»;
20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тәртібі»;
21-тараудың және 185, 186 және 187-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тараудың, 1-параграфтың, 187-1, 187-2, 187-3-баптардың, 2-параграфтың, 187-4, 187-5-баптардың, 3-параграфтың, 187-6, 187-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары
1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
187-2-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері
187-3-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері
2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация
187-4-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
187-5-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері
3-параграф. Жеке табыс салығы бойынша декларация
187-6-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
187-7-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері»;
200-1 және 205-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салудан босатылатын кірістері»;
«205-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну»;
25-тарау мынадай мазмұндағы 205-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«205-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну»;
221-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
363-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«363-бап. Салық кезеңі және есепті кезең»;
416 және 417-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
17-бөлімнің, 60-тараудың және 419, 420, 421, 422, 423, 424, 425-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
583-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті адамдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;
83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфтың және 606-1, 606-2, 606-3, 606-4, 606-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару
606-1-бап. Жалпы ережелер
606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру
606-3-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі»;
643-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау»;
89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама әдіспен айқындау»;
3) 12-баптың 1-тармағында:
2-тармақтың 3) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жеке тұлғаның жеке мүлкі - жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
жеке тұлға кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында пайдаланбайтын;
мүліктік және басқа да кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып табылмайтын материалдық нысандағы заттары;»;
43-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1) уәкілетті адам - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 81-тарауына сәйкес жеке тұлғалар бойынша өзінде бар мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;»;
4) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуді, айыппұлды қайтаруды талап етуге;»;
5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 83-тарауында көзделген жағдайларда салық органының талап етуі бойынша мынадай құжаттардың:
медициналық қызметтер көрсетуге, білім беру қызметтерін көрсетуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған шарттардың;
медициналық қызметтер көрсетуге, білім беру қызметтерін көрсетуге ақы төлеу үшін, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу үшін нақты жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының;
медициналық қызметтер көрсетуді, білім беру қызметтерін көрсетуді алғанын, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтегенін растайтын өзге де құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Егер осы тармақшада көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, мұндай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген қызметтерді көрсетуге ақы төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізілген кезде пайдасына мынадай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның атауы мен сәйкестендіру нөмірі болуы шартымен мынадай құжаттардың бірі:
төлемдер және ақша аударымдары банк шотын пайдалана отырып не банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылған кезде жасалатын төлем құжаты;
төлемдер және ақша аударымдары төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған кезде жасалатын чек (бұдан әрі - чек);
банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан әрі - үзінді көшірме) осындай қызметтерді көрсетуге ақы төлеу үшін нақты жұмсалған шығыстарды растау құжаты болып табылады.
Аталған қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған және оларға ақы төленген жағдайда чектерде және үзінді көшірмелерде пайдасына осындай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді;»;
6) 15-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әрбір жеке тұлға бойынша төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу бөлігінде осындай кірістер және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды есептеу бөлігінде жұмыс берушінің жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін шығыстары бойынша міндеттемелердің есебін жүргізуге;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы тегін беруге;»;
7) 17-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға осы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) өзі аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде берген өкілеттіктері шеңберінде салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жеке тұлғаның заңды өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға осы жеке тұлғаның қатысуына байланысты жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.»;
8) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мақсатында жеке тұлғадан осы Кодекстің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынуды талап етуге;»;
«6-1) осы Кодекске сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, аталған декларацияда көрсетілген мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер де мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы мәліметтердің анықтығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;»;
9) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге;»;
«26-1) мыналарды:
активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны;
кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтында орналастыруға;»;
10) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті мемлекеттік органдар тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға осы Кодекстің 81-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.»;
11) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс қимыл жасауы
1. Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен босатылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
1) жеке тұлғалар сәуірде-маусымда:
мерзімді әскери қызметке шақырылған;
мерзімді әскери қызметтен босатылған жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;
2) жеке тұлғалар қазанда-желтоқсанда:
мерзімді әскери қызметке шақырылған;
мерзімді әскери қызметтен босатылған жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті әскери басқару органдарының тізбесін уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.»;
12) 31-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.»;
13) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны толтыру және ұсыну жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.»;
14) 55-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;
15) 56-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар салықтық есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жеке практикамен айналысудан түсетін кірістер мен жүргізілген шығыстарды есепке алу саясаты туралы ережелерді қоса отырып, дербес әзірлеген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;
6-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) осы баптың 2-1-тармағында аталған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы баптың 2-2-тармағында аталған тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;»;
16) 63-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық есептілігі - осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын, салық төлеуші, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық есептілігі (активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, импортталған тауарлар жөніндегі жанама салықтар бойынша декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда) мынадай түрлерге бөлінеді:»;
17) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді:
1) мыналар:
салық агенттері;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша);
2) мыналар:
салық агенттері;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша).
2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша):
1) мыналар:
жеке табыс салығы;
міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
әлеуметтік салық;
әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
2) мыналардың:
жеке табыс салығының;
міндетті зейнетақы жарналарының;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
әлеуметтік салықтың;
әлеуметтік аударымдардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.