жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
42) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қарай әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызметтер көрсететін жұмыскер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымының осы дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып, оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кездегі шығыстары:
жеке тұлғаны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымының:
білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - жұмыскердің оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;
44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы:
мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға бару және кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жүргізілген шығыстар;
жеке тұлғаға:
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегіндегі жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) түріндегі төлемдер.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп бойынша;
күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
46) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.»;
31) 156-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Салық салудан босатылатын кірістер»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен кірістердің мынадай түрлері алып тасталады (бұдан әрі - жеке табыс салығы бойынша түзету):»;
17) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;»;
24), 30), 37), 38), 41), 42), 43), 44) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалармен толықтырылсын:
«46) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
47) моральдық зиянды қоспағанда, жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
48) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
49) соттың шешімі бойынша тағайындалатын материалдық нұқсанды, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомасы;
50) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
51) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуге жататын және меншiк құқығы тiркелген күннен бастап меншiк құқығында бір жыл және одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
52) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
53) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
54) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан көп уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
55) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімі;
56) шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының жалпы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшелерінің) үлесі бойынша айқындалған кірісі.
Осы тармақшаның ережелері шаруа немесе фермер қожалығының кірісі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кіріс туындайтын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 8000 еселенген мөлшеріне тең сомасынан аспайтын мөлшерде қолданылады.»;
32) мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 және 156-12-баптармен толықтырылсын:
«156-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру
1. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді келесі салық кезеңіне ауыстыруды салық агенті:
1) ағымдағы салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша түзетудің жалпы мөлшерінің сомасы төлем көзінен салық салуға жататын кіріс сомасынан (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда) асып кеткен жағдайда - төлем көзінен салық салуға жататын кіріс бойынша (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда);
2) ағымдағы салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша түзетудің жалпы мөлшерінің сомасы жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған, салық салуға жататын кірісінің сомасынан асып кеткен жағдайда, - жұмыскердің салық салуға жататын кірісі бойынша қолданады.
2. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді күнтізбелік жыл ішінде келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері мынадай тәртіппен:
1) жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы мен осы Кодекстің 168, 170, 172, 173 және 175-баптарына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірісі арасындағы оң айырма ретінде төлем көзінен салық салуға жататын кіріс бойынша (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда);
2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы мен жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған, салық салуға жататын кірісі арасындағы оң айырма ретінде жұмыскердің салық салуға жататын кірісі бойынша айқындалады.
156-2-бап. Салық шегерімдері
1. Жеке тұлғаның кірісіне (осы Кодекстің 170, 172, 173 және 175-баптарында көрсетілген кірістерді қоспағанда) мынадай салық шегерімдері қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімі;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жұмыскерлер мен жеке тұлғаларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі;
3) осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде стандартты салық шегерімі (бұдан әрі - стандартты шегерім);
4) мыналарды:
көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін;
ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін;
оқуға арналған салық шегерімін;
медицинаға арналған салық шегерімін;
сыйақылар бойынша салық шегерімін;
сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін қамтитын басқа да салық шегерімдері (бұдан әрі - басқа да шегерімдер) қолданылады.
2. Күнтізбелік жылда қолданылған басқа да шегерімдердің жалпы сомасының шекті мөлшері ең төмен жалақының 48 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Басқа да шегерімдердің жалпы сомасының мөлшері басқа да шегерімдерді нақты мөлшерде, бірақ мынадай шектерден:
1) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі бойынша - ата-анасының екеуіне жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен аспайтын;
2) оқуға арналған салық шегерімі бойынша - күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын;
3) осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзетулер сомасын қоса алғанда, медицинаға арналған салық шегерімі бойынша - күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын;
4) сыйақылар бойынша салық шегерімі бойынша - күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтықтау жолымен айқындалады.
3. Салық шегерімдері жеке тұлға осындай шығыстарды нақты жүргізген салық кезеңінде қолданылады.
4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық шегерімдерін жұмыс беруші жұмыскердің кірісіне қолданады.
5. Жеке тұлға мынадай шарттардың кез келгені орындалған кезде:
1) күнтізбелік жыл ішінде жұмыскердің кірісі болмағанда;
2) осы Кодекстің 156-2-бабына сәйкес жеке тұлғаның құқығы бар салық шегерімдерінің сомасы жұмыс беруші жұмыскердің кірісіне қолдануға тиіс салық шегерімдерінің сомасынан асып кеткен кезде;
3) күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, осы Кодекстің 177-бабында көзделген кірістерді алғанда салық шегерімдерін дербес қолдануға құқылы.
6. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістері және дербес салық салуға жататын кірістері болған жағдайда салық шегерімдері кірістері мен мүлкі туралы декларацияда жеке табыс салығы есептелген кезде осындай кірістердің жиынтық сомасы бойынша қолданылады.
7. Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдану құқығын растау құжаттары (бұдан әрі - растау құжаттары) негізінде қолданылады. Бұл ретте растау құжаттарының түпнұсқасы жеке тұлғада сақталады, салық агенті солардың негізінде салық шегерімдерін қолданатын растау құжаттарының көшірмелері осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық агентінде сақталады.
8. Салық шегерімдері осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей тәртіппен рет-ретімен қолданылады.
9. Осы Кодекстің 156-2, 156-4 және 156-6-баптарын қолдану мақсатында ең төмен жалақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшеріне тең болып қолданылады.
10. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне салық шегерімдерін жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстау күнінен кеш жүгінуіне байланысты қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді салық агенті солардың негізінде жүргізетін растау құжаттарын осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне ұсынуға құқылы.
156-3-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі
1. Жұмыс беруші жұмыскердің кірісінен жеке табыс салығын есептеген кезде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімін жүргізеді.
2. Салық агенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісінен жеке табыс салығын есептеген кезде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімін жүргізеді.
156-4-бап. Стандартты шегерім
1. Стандартты шегерім кірісті ең төмен жалақы мөлшерінде есебіне жазудың әрбір айы үшін қолданылады.
2. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
156-5-бап. Стандартты шегерімді ауыстыру
1. Жұмыс беруші стандартты шегерімді келесі салық кезеңіне ауыстыруды, егер ағымдағы салық кезеңінде стандартты шегерімнің сомасы стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кірістен асып кеткен жағдайда қолданады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған кірісінің сомасы
алу
осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
алу
осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы.
Стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кірістің теріс мәні шыққан кезде стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кіріс нөлге тең деп есептеледі.
2. Күнтізбелік жыл ішінде стандартты шегерімді келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері стандартты шегерім мен стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кіріс арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
156-6-бап. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі
1. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі мынадай жағдайларда кіріс есепке жазылған әрбір ай үшін:
1) көпбалалы отбасы ата-анасының біреуі үшін ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінде;
2) көпбалалы отбасы ата-анасының әрқайсысы үшін ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде қолданылады.
2. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі:
1) кіріс есепке жазылған тиісті айдың басында төрт және одан көп кәмелетке толмаған бала болған жағдайда - төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша;
2) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында төрт және одан көп кәмелетке толмаған бала болған жағдайда - жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша қолданылады.
3. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолдану:
1) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолданбауы туралы екінші ата-ананың растауын көрсете отырып, көп балалы отбасы үшін салық шегерімін көпбалалы отбасы ата-анасының біреуіне қолдану туралы ата-ананың біреуінің өтініші не көпбалалы отбасы үшін салық шегерімінен ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде қолдану туралы көпбалалы отбасы ата-анасының әрқайсысының өтініші негізінде жүргізіледі.
Екінші ата-ана болмаған жағдайда өтінішке екінші ата-ананың жоқ екенін растайтын нотариат куәландырған құжат қоса беріледі;
2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде жүргізіледі.
4. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерге көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолдану балалардың туу туралы куәліктері негізінде жүргізіледі.
156-7-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі
1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына жүргізілген ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
2. Мыналар:
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растау құжаты ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
156-8-бап. Оқуға арналған салық шегерімі
1. Оқуға арналған салық шегерімі оқуға арналған шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мынадай білім беру:
1) мыналарда:
Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
2) білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын техникалық және кәсіптік білім беру;
3) мыналарда:
білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасында;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру деңгейлері бойынша қолданылады.
2. Оқуға арналған салық шегерімін:
1) оқуға ақы төлеуге арналған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;
2) асырауындағы жиырма бір жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына оқуға ақы төлеу үшін жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Оқуға арналған салық шегерімін жиырма бір жасқа толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды.
3. Мыналар:
1) қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру деңгейлері бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт;
2) қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру деңгейлері бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растау құжаты оқуға арналған салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.
156-9-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі
1. Медицинаға арналған салық шегерімі мынадай:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тізбеге сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтерге;
2) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.
2. Медицинаға арналған салық шегерімін:
1) медицинаға жұмсалған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;
2) асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Медицинаға арналған салық шегерімін он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды.
3. Мыналар:
1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда - медициналық қызметтер көрсету құны айқын көрсетіле отырып, ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт;
2) ақылы медициналық қызметтер көрсету актісі немесе медициналық қызметтер көрсетудің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме;
3) адам осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық шегерімін қолданған кезде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру жөніндегі шарт;