2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мынадай талаптарға сай болуға:
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелік етуге тиіс.
2) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.
4. Уәкілетті орган мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
5. 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен мұндай қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 18-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнайды, қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарын бекітеді.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын қайта өңдеуге міндетті.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің жоспарланған көлемдерін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруге өтінімдер жібереді.
5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай:
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттың болуы;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттың (сапа паспортының) болуы;
3) 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Мұнай өнімдерін беру жоспарында:
1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілердің және мұнай өнімдерін өндірушілердің тізбесі;
2) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші:
тікелей беру шеңберінде;
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі;
3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші осы Заңда белгіленген шарттарда өз қалауы бойынша алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының аумағында не оның шегінен тыс жерлерге өткізуге құқылы мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер және мұнай өнімдерін өндірушілер өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін беруді мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Мұнай өнімдерін беру жоспары шеңберінде мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған мұнай өнімдерін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ғана өткізуге міндетті.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру графигінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген ережелер мазутты беруге қолданылмайды.
11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтеуге құқылы.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнімдерін әкелуге және өткізуге, оның ішінде оларды одан әрі өңдемей сақтауға тыйым салынады.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін:
1) мұнай өнімдерін өндірушілердің - резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
2) мұнай берушілердің - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларының резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
3) импорттаушылардың - мұнай өнімдері резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
4) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің - мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
5) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің - мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан өткізуіне жол беріледі.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды:
Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 ж. 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 ж. 1 қаңтардан бастап 1) тармақша қолданысқа енгізіледі
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер - резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
Өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған мұнай өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектісінен мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер осындай мұнай өнімдерін мұнай берушінің автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не резервуарына немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау процесінде мұнай өнімдерін өндірушінің есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізеді.
Импорттаушылар, сондай-ақ өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеуі нәтижесінде алған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау аспаптарынан міндетті түрде өткізе отырып, мұнай өнімдерін өткізуді;
Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.
Астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер - автожанармай құю станцияларының (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
Мазутты мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, оны өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау мен айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін мұнай берушіге беруі автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде оған тиесілі резервуарға немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау арқылы жүзеге асырылады және қабылдау-тапсыру актілерімен құжаттамалық расталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізгенде, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
Ілеспе жүкқұжаттарынсыз мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер ғана ие болады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін ғана мұнай өнімдерін беру жоспарында көрсетілгеннен аспайтын көлемдерде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақта белгіленген шектеулер мазутты беруге қолданылмайды.
5. 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қауіпті жүктерді тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға жол беріледі.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде ілеспе жүкқұжатты қабылдап алушы ресімдейді және Қазақстан Республикасының аумағына мұнай өнімдерін әкелуді жүзеге асыру үшін ол өнім берушіге немесе тасымалдаушыға беріледі.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерінің ішкі тасымалдануын жүзеге асыратын тұлғалар алушыларға мұнай өнімдерімен бірге ілеспе жүкқұжаттарын көлік арқылы беріп жіберуге міндетті.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, ол алушы ретінде көрсеткен осы заңды тұлғаның филиалы;
2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;
3) мұнай өнімдерін, сондай-ақ ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы болып танылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлға немесе заңды тұлға ішінде мұнай өнімдерін тасымалдауға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау болып танылады.
Ілеспе жүкқұжаты интернет-ресурс арқылы электронды түрде ресімделеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ішкі тасымалдауды жүзеге асырған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу талап етілмейді.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
4. Темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сай болуға тиіс.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары
1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ғана жол беріледі.
2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуі осы Заңда көзделген тәртіппен олардың мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізіліміне енгізілгені кезінде ғана жүзеге асырылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай беруші, импорттаушы мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және (немесе) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың ережелері меншікті алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімі болып табылатын мазутты мұнай берушінің басқа мұнай берушіге мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында өткізу жағдайларына қолданылмайды.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы басқа берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Импорттаушылар мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сәйкестендіру нөмірін-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін тек мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және (немесе) автожанармай құю станцияларында ғана сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
7. Мұнай өндірушілер, мұнай берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер осы бапта көзделген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізілуіне тыйым салынады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.
Автожанармай құю станциясын иеленушіге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүдделерінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізудің (тиеп-жөнелтудің) кез келген түрін жүзеге асыруға жол беріледі. Мұндай жағдайда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну бойынша міндет сенім білдірушіге жүктеледі.