Қазақстан Республикасының
Заңы
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
(2012.12.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен.
Автожанармай құю станциялары мынадай үлгілерге бөлінеді:
тұрақты - отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған;
контейнерлік - біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан;
жылжымалы - біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған, автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге орнатылған, ықшам технологиялық жүйе;
2) аккредиттеу - мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның жеке немесе заңды тұлғаларды мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер деп ресми тану рәсімі;
3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан өткізетін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілерде, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерде және бөлшек сауда арқылы өткізушілерде орнатылған, мұнай өнімдерін алу, сақтау, өткізу, жөнелту көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға кейіннен беру мақсатында есеп жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;
5) инвестициялық бағдарлама - экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;
6) компаундтеу - белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу;
7) қанықпаған мұнай өнімі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін мұнай өнімі;
8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші - жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
9) мұнай беруші - осы Заңмен белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге беретін жеке немесе заңды тұлға;
10) мұнай өнімдері - мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут;
11) мұнай өнімдерін беру жоспары - бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі;
12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші - мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші - мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу - осы Заңда көзделген жағдайларда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, өздері импорттаған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың және (немесе) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін өткізуі кезінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
16) мұнай өнімдерін өндіру - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;
17) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемі - мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі;
18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі - мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау;
19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) мұнай өнімдерін өндіруші - мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға;
21) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;
22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) мұнай өнімдерінің базасы - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылыстар кешені;
24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор - өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор;
25) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін 1-бабының 26) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптарымен» деген сөздер «мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен» деген сөздер болып есептеледі
26) резервуар - есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықталған, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі мұнай өнімдері базасында не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінде мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге және өткізуге арналған ыдыс;
27) хабарлама - Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы белгіленген талаптарды бұзушылықты жою туралы мұнай өнімдерін өндірушіге, көтерме сауда арқылы жеткізушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган жіберген жазбаша хабар;
28) ілеспе жүкқұжат - мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату және қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті, жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жол бойында мұнай өнімдерімен ілесе жүретін құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның күші:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнімдерін кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз өткізуі кезінде туындайтын;
2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру және қорғаныс мұқтаждығы шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу
Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекіту;
2) мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекіту;
3) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерді аккредиттеу;
4) мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу;
5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу;
6) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын белгілеу;
8) мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;
9) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері
1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;
4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібін бекітеді;
3) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін бекітеді;
4) шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекітеді;
5) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын айқындау тәртібін бекітеді;
6) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекітеді;
7) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібін бекітеді;
8) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекітеді;
9) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекітеді;
10) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
11) мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізу тәртібін бекітеді;
12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидасын бекітеді;
13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
3) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді немесе қайта бекітеді;
4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;
5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді;
6) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді;
7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;
9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді;
10) жыл сайын мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді;
11) жыл сайын мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;
12) Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекітеді;
13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібін әзірлейді;
15) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын келіседі;
16) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, қатер деңгейін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жүргізу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді;
19) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;
20) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;
21) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асырады;
5) мұнай өнімдерінің айналымына камеральдық бақылауды жүзеге асырады;
6) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлейді;
7) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді;
8) хабарламалардың нысанын әзірлейді және бекітеді;
9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді;
10) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекітеді;
11) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, қатер деңгейін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
SUB602002. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;
2) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді;
3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
2) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемдері туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға оның нәтижелерін ұсынады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында жылу беру кезеңіне мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер:
1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнімдерін өткізуді тең қолжетімділік және кемсітпеушілік шарттарымен жүзеге асыруға;
2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;
3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге және жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шот ашуға және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалануды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілік ұсынуға;
6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға және осы кестені бұзбауға;
7) мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынуға;
8) мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;