Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.»;
7) 472-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 қаңтарға дейін төлейді.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді.»;
8) 556-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 565-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды салық органы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.»;
10) 566-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі, 567-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «кәсіпкерлік саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 583-баптың 5-1-тармағындағы «инвестициялар туралы» деген сөздер «инвестициялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 62-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«62-2-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге құқықты шектеу»;
2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 19-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген өлшемшарттардан басқа, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау кезінде тексерілетін субъектінің тікелей қызметіне байланысты мынадай сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ескеріледі:
алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бастамашылық аудит жүргізу.»;
4) 20-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 21-бапта:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.»;
9-тармақта:
8-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объектілерді жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде осы баптың 8-тармағында көрсетілген шараларды қолданады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектілерді жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде осы баптың 8-тармағында көрсетілген шараларды қолданады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде жүзеге асырады.»;
6) 22-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
7) мынадай мазмұндағы 62-2-баппен толықтырылсын:
«62-2-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге құқықты шектеу
Орындаушылары:
1) аудиттелетін субъектінің қатысушысы, кредиторы болып табылса;
2) аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының он және одан көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылса;
3) олардың аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері болса;
4) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, олардың аудиттелетін субъект алдында ақшалай міндеттемелері немесе аудиттелетін субъектінің солар алдында осындай міндеттемелері болса, аудитордың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.»;
8) 82-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес реттеледі.»;
9) 148-1-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат):
71-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат):
29-баптағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 175-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу»;
2) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
3) 148-баптың бірінші абзацындағы «инвестициялар туралы заңнамада» деген сөздер «Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 159-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -»;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -»;
5) 164-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «үшінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 175-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең ішінде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;»;
7) мынадай мазмұндағы 175-1-баппен толықтырылсын:
«175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 294-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «жеке тұлғаларға - он,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «жеке тұлғаларға - жиырма,» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың 9) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
9) 383-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мерзiмдерде» деген сөз «мерзімдерде,» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 499, 501, 502 және 503-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе:
Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік көздің әкімшілік деректерді ұсынуына, сондай-ақ олардың анықтығына жауапты болатын әкімшілік көз басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.»;
«501-бап. Лауазымды адамның бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
502-бап. Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау
Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе:
Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинауды жүзеге асыруға тапсырма берген әкімшілік көз басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.».
11) 670-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 684-баптың бірінші бөлігі «175,» деген цифрлардан кейін «175-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
13) 802-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi тексерілетін субъектіге қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5 және 6-тармақтары мен 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және мемлекеттік кіріс органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
14) 804-баптың бірінші бөлігінде:
36) тармақшадағы «175,» деген цифрлардан кейін «175-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) мемлекеттік сот орындаушыларының (665, 669, 673-баптар);»;
15) 806-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.»;
16) 890-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.»;
17) 896-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.».
12. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
20-1-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
13. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
25-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
14. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 6-баптың он төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;».