10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жергілікті қамтуды дамытуға жәрдем көрсетеді;
11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттаманы әзірлейді;
12) уәкілетті органға техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына ұсыныстар береді;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық гранттар беруге сараптамалық қорытынды береді.
12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы
«Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және ақпараттандырудың сервистік моделін ендіруге қатысады;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын әзірлейді;
5) мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлейді, іске асырылуын қолдап отырады және дамытады, сондай-ақ осыған қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы сарапшылық кеңес алдында есеп береді;
7) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде операторға және әлеуетті өнім берушілерге (мердігерлерге) мемлекеттік органдардың мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырумен байланысты тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктері туралы хабарлайды;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті құруды және дамытуды ұйымдастырады;
10) инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінің және қаржылық-экономикалық негіздемесінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманың «электрондық үкiмет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелер (немесе олардың бөліктері) тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізеді;
11) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның архитектурасын басқару жөніндегі процестердің дайындық деңгейін бағалауды мемлекеттік органдарда жүргізіп отырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізуге қолдау көрсетіп отырады;
13) сыныптауышты қалыптастырады және жүргізеді;
14) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
16) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін сақтауды жүзеге асырады;
17) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
18) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді;
19) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогын қалыптастырады және жүргізеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзінің интеграциясын ұйымдастырады;
21) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастырады;
22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
13-бап. Оператор
Оператор:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыру және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғаларды тартуға құқығы бар;
4) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;
5) операторға бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
6) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді;
8) әлеуетті өнім берушілердің сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеуі және тестілеуі үшін «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының сұрау салуы бойынша ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды өтеусіз негізде береді;
9) мемлекеттік органдардың жергілікті (Интернетке шыға алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына интеграциялауды және қосуды жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылар) ретінде өзге де тұлғаларды тартуға құқығы бар;
11) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
13) «электрондық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің функцияларына мыналар жатады:
1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету;
3) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;
4) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;
5) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
6) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;
7) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;
8) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;
9) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау.
3. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өз бюджеті бар, ол мыналардан қалыптасады:
1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер);
3) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне енгізетін алымдар мен төлемдер;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер.
4. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында айқындалған өз функцияларын орындауға арналған, осы баптың 12-тармағында айқындалған «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларын қаржыландыру, инвестициялық қорлар құру немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысу, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркін дамыту жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма алуға құқылы.
5. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті пайдаланады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тізбесіне өздері қосқан заңды тұлғалар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылады.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға қойылатын талаптар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларымен белгіленеді.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің тіркелген жерінде болуға тиіс.
7. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып кіру визасын алады.
8. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың жұмыскерлері немесе «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасыларының мүшелері (жұбайы (зайыбы) және олардың жасы он сегізге толмаған балалары) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өтінішхаты бойынша ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.
10. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі мен оған қатысушыларда әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттар болуы және олар құжаттарды сақтауға міндетті, ал тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ол құжаттарды «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне немесе оған қатысушыларға ұсынуға міндетті.
11. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өзі және оған қатысушылар тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, мерзімділігі мен олардың ұсынылу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісе отырып, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
12. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады және инвестициялық қорлар құрады немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысады.
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ақпараттық жүйеге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізеді;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің қорғалуын қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады;
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мақсатында оларды мониторингтеуді жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу және функционалдылығы шарттарының өзгермеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосылған телекоммуникация желілерін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы және өкілді органдардың электрондық поштасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
7) сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттiк органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйесіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйеге, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісуді жүзеге асырады;
9) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыдан қолдап отыруды жүзеге асырады;
12) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді қолдап отырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) байланыс операторларының трафигін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы және байланыс операторының пошталық трафигін «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қосуды және өткізуді жүзеге асырады;
14) ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау және болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының міндеттерін және функцияларын іске асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік монополия субъектісі шығаратын және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізеді;
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.
15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы
Бірыңғай байланыс орталығы:
1) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің мәселелері бойынша оларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
3) «электрондық үкімет» мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
4) ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алушыда туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру үшін операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді;
5) операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратты жүйелі негізде жіберіп отырады.
3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:
1) ақпараттандыру объектілерін жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге және оларға өзгеше түрде билік етуге;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшірмесін түсіру және тарату кезінде оларға иелік ету шарттарын айқындауға;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін иелену және пайдалану шарттарын айқындауға құқылы.
2. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:
1) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық жүйенің меншік иесі ақпараттық жүйені тұтастай мүліктік кешен ретінде иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарына ие болады.
4. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және оларды таратуға тыйым салуға немесе шектеуге құқылы.
5. Егер ақпараттық жүйенің меншік иесі осы ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі, сондай-ақ осы ақпараттық жүйе үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі болып табылмаған жағдайда, ақпараттық жүйені пайдалану және электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу тәртібі меншік иелері арасындағы келісімде айқындалады.
6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.