5. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының арнаулы инвестициялық келісімшартты беру шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Заңды тұлға өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға осы аталған орган белгілейтін нысан бойынша арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден жəне 25 қаңтардан кешіктірмей, технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты жəне (немесе) материалдарды, сондай-ақ көлік құралдарының жəне (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштарын дайын өнім құрамында жеткізуді мен мақсаты бойынша пайдалануды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жазып ұсынады.
6. Инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді жəне бұзушылықтарды жою үшін үш ай мерзім белгілейді.
7. Егер өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жүргізген тексеру нəтижелері бойынша арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру үшін əкелінген жəне кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат жəне (немесе) материалдар, сондай-ақ көлік құралдары жəне (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштары дайын өнім құрамында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, арнаулы келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат жəне (немесе) материалдар, сондай-ақ көлік құралдарының жəне (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштары бөлігінде төлейді.
8. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 62-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне» деген сөздер «осы Заңның 42-1-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 65-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 286-бабына» деген сөздер «осы Заңның 42-1-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Онлайн-платформаларға бір ай ішіндегі орташа тəуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын онлайн-платформалардың меншік иелері жəне (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сəйкес уəкілетті органмен;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сəйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды.»;
29. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) Ұлттық тауарлар каталогы - тауарлар туралы ұлттық деректер тіркелімі, сондай-ақ тауарлар номенклатурасының бірыңғай көзі болып табылатын жəне сауда қызметінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдалануға міндетті «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі;»;
36) тармақша алып тасталсын;
2) 16-баптың 3-тармағы 39) тармақшасының екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабы 7) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген шарттарға;»;
3) 22-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік сатып алу саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен Ұлттық тауарлардың каталогын қолдап отыруды, дамытуды жəне толықтыруды жүзеге асырады.»;
4) 27-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабы 7) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген шарттарға;».
2-бап. Осы Заң:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 9) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын жəне 22-тармағын;
2) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2 жəне 8-тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 18 шілде
№ 215-VIIІ ҚРЗ