6-тармақтағы «, осы мəмілелердің есепті кезеңдегі табыстары немесе шығыстары жəне басқа да салық салу объектілері бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық баға тұрғысынан айқындалатын жағдайдағыдай болып есептелетін» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салықтар жəне (немесе) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері бар мəмілеге қатысушыда бағалар ауқымы ескеріле отырып, мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқуы анықталған кезеңде салықтарды жəне төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының салықтық жəне кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнамасының арнайы ережелері қолданылмастан, жалпы белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың бірінші жəне үшінші бөліктеріндегі «өзара байланысты тараптар» деген сөздер «мəмілеге қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:
«10-2 бап. Мəміле шарттарын нарықтық шарттармен салыстыру жəне функционалдық талдау
1. Мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағалардан ауытқу фактісін анықтау үшін бақыланатын мəмілені дəл айқындау керек.
2. Бақыланатын мəмілені дəл айқындау процесінде мынадай экономикалық маңызы бар сипаттамаларды анықтау қажет:
1) міндеттерді, тəуекелдер мен пайданы жəне бақыланатын мəміленің тиісті тараптар арасында қалай бөлінетінін айқындау мақсатында жазбаша шарттарға да немесе басқа жазбаша дəлелдемелерге де, тараптардың нақты мінез-құлқына да негізделетін мəмілелер шарттары;
2) пайдаланылатын активтер мен қабылданатын тəуекелдерді ескере отырып, мəміле тараптарының əрқайсысы орындайтын функциялардың, активтердің жəне тəуекелдердің құн құрумен қалай байланысты екенін қоса алғанда, осындай функциялар;
3) мəміленің шарттарына ықпал етуі мүмкін тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары;
4) нарықтардың географиялық жағдайы мен ауқымын, орналасқан жерінің артықшылықтары, нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс күшінің құны, капитал, сондай-ақ өндірістің басқа факторлары, жалпы экономикалық даму мен бəсекелестік деңгейі, сондай-ақ тиісті нарықтар сипаттамаларының болуы сияқты өңірлік айрықша факторларын қоса алғанда, тараптардың жəне тараптар жұмыс істейтін нарықтың экономикалық жай-күйі;
5) мəміле тараптарының нарыққа енгізу стратегиясын, өнімдердің өмірлік циклдерін немесе құқықтарды, инновацияларды, өнімдер əзірлеуді, тəуекелдерді болғызбауды жəне саясатты өзгертуді қамтитын, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына əсер ететін нарықтық (коммерциялық) стратегияларының сипаттамасы.
3. Бақыланатын мəмілені айқындау қорытындысы бойынша экономикалық маңызы бар сипаттамалар ескеріле отырып, бақыланатын мəміленің шарттары мен бағаларын нарықтық шарттармен немесе нарықтық бағалармен салыстыру жүргізіледі.
4. Материалдық емес активтердің бақыланатын жəне салыстырымды мəмілелердің шарттарына əсерін айқындау мен талдау, атап айтқанда мыналар, бірақ бұл ғана емес:
1) материалдық емес активтерді заңды түрде иелену жəне оларды пайдаланудың шарттық жағдайлары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Егер материалдық емес активтің заңды иесі реттеуші келісімшарттарға сəйкес айқындалмаса, онда материалдық емес активті пайдалануға қатысты шешімдерді бақылайтын жəне басқа тұлғаларды материалдық емес активті пайдаланудан шектеуге практикалық мүмкіндігі бар салық төлеушілер осындай тұлға болып табылады;
2) материалдық емес активтердің санаттары мен сипаттамалары (құқықтық қорғаудың эксклюзивтілігі, дəрежесі жəне ұзақтығы, қолданудың географиялық қолдану аясы, тиімді пайдалану мерзімі, əзірлеу сатысы жəне өзге де санаттары мен сипаттамалары);
3) материалдық емес активтермен байланысты шарттық жəне нақты функциялары ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Бұл функциялар осындай активтерді əзірлеуге, жетілдіруге, қолдауға, қорғауға жəне пайдалануға байланысты тəуекелдерді бақылауға қатысты функцияларды қамтиды.
5. Егер материалдық емес активтің заңды иесі осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды жəне байланысты тəуекелдерді бақылауды жүзеге асыруды орындамаса, онда қарастырылып отырған материалдық емес активке қатысты кірістер мен шығыстарды бөлу осы иеленушіге жүргізілмейді жəне осындай функцияларды орындағаны үшін тиісті өтемақыны ұсыну арқылы осы функцияларды орындайтын басқа өзара байланысты тұлғалардың қатысуы ескеріліп жүзеге асырылады.
6. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды орындамайтын жəне осындай функцияларды орындау үшін қаржыландыруды ғана ұсынатын материалдық емес активтің заңды иесі мынадай жағдайларда кіріс сомасын алуға құқылы:
1) егер қаржыландыруды ұсынатын тұлға өзіне кез келген басқа тəуекелді қабылдамай, қаржыландыруды ұсынуға байланысты қаржылық тəуекелді бақылауды жүзеге асырмаса, онда ол өзінің қаржыландыруынан тəуекелсіз пайыздық мөлшерлеме бойынша ғана кіріс алуға құқылы;
2) егер қаржыландыруды ұсынатын тұлға өзіне кез келген басқа тəуекелді қабылдамай, қаржыландыруды ұсынуға байланысты қаржылық тəуекелді бақылауды жүзеге асыратын болса, онда ол өзінің қаржыландыруынан тəуекелді ескеріліп түзетілген кірістілікті ғана алуға құқылы.
7. Егер жүзеге асырылған бақыланатын мəміленің шарттары жасалған (жазбаша) шарттың талаптарына сай келмесе жəне (немесе) бақыланатын мəміле тараптарының əрекеттері жəне оны жүргізу мəн-жайлары осындай шарттың талаптарынан өзгеше болса, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін бақыланатын мəміленің коммерциялық жəне (немесе) қаржылық сипаттамалары мəміле тараптарының іс жүзіндегі əрекеттеріне жəне оны жүргізудің нақты шарттарына сəйкес айқындалады.
8. Егер бақыланатын мəміле жүзеге асырылса, бірақ құжатпен рəсімделмесе (расталмаса), трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін мəміле оның тараптарының нақты мінез-құлқына жəне оны жүргізудің нақты шарттарына сəйкес қаралуға тиіс, атап айтқанда, мəміле тараптары орындаған функциялар, пайдаланылған активтер жəне тараптардың əрқайсысы өзіне қабылдаған жəне бақылаған тəуекелдер ескеріледі.
9. Экономикалық маңызы бар тəуекелдерді айқындау үшін мыналар қажет:
1) мəміле тəуекелдерін егжей-тегжейлі айқындау;
2) шарттық қатынастар негізінде тəуекелдерді бөлуді айқындау;
3) тəуекелдерді бақылауға жəне азайтуға байланысты функцияларды мəміле тараптары қалай орындайтынын жəне осы тəуекелдердің нəтижелері мəміле тараптарына қалай əсер ететінін жəне мəміле тараптарының қайсысында осы тəуекелдердің əсерін қабылдауға қаржылық мүмкіндік бар екенін айқындау;
4) тəуекелдерді шарттық бөлу мен тараптардың мінез-құлқы арасындағы сəйкестікті айқындау. Егер шарт бойынша тəуекелдерді қабылдайтын тарап тəуекелдерді бақылау жөніндегі функциялардың барлығын немесе көпшілігін орындайтын жəне өзіне тəуекелдерді қабылдау үшін қаржылық мүмкіндіктері бар тараптан өзгеше болса, онда тəуекел осы мəміле тарапына бөлінеді. Осы талдаудың мақсаттары үшін тəуекел жүктелмеген басқа мəміле тараптары сонда да өздері орындайтын функциялар үшін тиісті сыйақыны алуға тиіс.
10. Егер мəміле тараптарының əрекеттеріне жəне оның орындалуына сəйкес айқындалған, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін бақыланатын мəміленің шарттары салыстырымды экономикалық жағдайларда экономикалық себептердің болуы ескеріле отырып, тəуелсіз тараптар арасында қолданылатын шарттардан өзгеше болса жəне салыстырымды экономикалық жағдайларда əрекет ететін жəне мəміле тараптарының əрқайсысы үшін қолжетімді баламалы нұсқаларды ескеріле отырып, кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тəуелсіз тараптардың мұндай бақыланатын мəмілеге келмеуі мүмкін екені анықталатын болса, уəкілетті органның салық төлеушінің салық есебін есептеу кезінде мұндай бақыланатын мəмілені ескермеуге (мойындамауға) құқығы бар немесе мəміле салыстырымды экономикалық жағдайларда кіріс алу мақсатында əрекет ететін тəуелсіз тараптар жасауы мүмкін мəміленің (келісімшарттың) талаптарын айқындау мақсатында баламалы нұсқаға ауыстырылуы мүмкін.»;
12) 11-баптың екінші бөлігінің 11) тармақшасы «жеке тұлғаның» деген сөздерден кейін «жұбайы (зайыбы),» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 13-бапта:
2-тармақтың алтыншы бөлігінің 3) тармақшасындағы «Уəкілетті органдардың» деген сөздер «Уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мəмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы жəне тəуелсіз екі жəне одан көп тарап арасындағы салыстырымды мəмілелер» деген сөздер «мəмілеге қатысушының салыстырымды мəмілелері тəуелсіз екі жəне одан да көп тарап арасындағы салыстырымды мəмілелермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші абзацындағы «жатады» деген сөз «жатқызылуы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 1-тармағында:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қаржы саласындағы уəкілетті орган - Қазақстан Республикасының салық, кеден жəне бюджет заңнамасының сақталуын, мемлекеттік мүліктің ұтымды пайдаланылуы мен сақталуын, экономикалық жəне қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) қаржы мониторингі саласындағы уəкілетті орган - қаржы мониторингін жүзеге асыратын жəне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданатын, экономикалық жəне қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ экономикалық жəне қаржылық қызмет саласында адамның жəне азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық жəне өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды жəне тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;».
21. «Оңалту жəне банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 3-тармағында:
екінші бөлікте:
1) тармақшада:
бірінші бөліктегі «егер» деген сөз «мемлекеттік кіріс органдарынан жұмыстан шығарылған, кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарды қоспағанда, егер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі мұндай адамда мемлекеттік кіріс органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда қоса берілмейді.»;
2) тармақшадағы «сертификаты қоса беріледі.» деген сөздер «сертификаты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) егер осы тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігінде аталған адам өтініш беруші болып табылса - мемлекеттік кіріс органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілін растайтын құжат қоса беріледі.».
22-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-1) тармақшасындағы «(концессия)» деген сөз «(концессия, концессия шарты)» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-бапта:
1-тармақтағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2-1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;»;
4-2 жəне 4-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:»;
«4-2. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) жəне аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар оларға кіріс төлеген кезде жүзеге асырады.
4-3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жəне орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін жарналарды ұстап қалуды жəне аударуды Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы жүзеге асырады.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар жеке көмекшілерге кіріс төлеген кезде оларды міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға ұстап қалған жəне аударылған жарналар туралы хабардар етуге міндетті.»;
2) 17-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлеушілерден, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес салық агенті деп танылған интернет-платформалар операторларынан түсетін аударымдарды, жарналарды жəне (немесе) аударымдардың жəне (немесе) жарналардың уақтылы жəне (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды өңдеуді жəне банктік үш күн ішінде қорға аударуды жүзеге асырады;»;
2-1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес салық агенті деп танылған интернет-платформалар операторларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-бапта:
1-1-тармақтың бірінші абзацындағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының» деген «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының» сөздер деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 802-бабының 2-тармағында көрсетілген, арнаулы салық режимдерін қолданатын, микрокəсіпкерлік жəне шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын, жұмыс берушінің жұмыскерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.»;
4) 28-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың осы Заңның 29-бабына сəйкес есептелген жəне қолданатын режим шеңберінде қызметін жүзеге асырған айда алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.»;
5-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Жұмыскердің Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген, микрокəсіпкерлік жəне шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі жұмыскерлердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жарналарын есептеу объектісі болып табылады.»;
5) 29-бапта:
1, 2, 2-1, жəне 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік жəне азаматтық қызметшілер үшін мыналар аударымдарды жəне (немесе) жарналарды есептеу объектісі болып табылады:
жұмыскердің салықтық кезең үшін есептелген, төлем көзінен салық салуға жататын кірісі
алу
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 429-бабының 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.»;
Кəсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекеттің аумағында болуы кезеңінде осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен есепке жазған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың кірістері үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша мыналар жарналарды есептеу объектісі болып табылады:
жеке тұлғаның салықтық кезең үшін есептелген, төлем көзінен салық салуға жататын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кірісінің сомасы
алу
салықтық кезең үшін төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.
2-1. Жеке көмекшілерге төленетін кірістер олардың кірістері болып табылады.
2-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың кірістері қолданылатын режим шеңберінде қызметін жүзеге асырған ай үшін алған кірістері олардың кірістері болып табылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қорға аударымдар жəне (немесе) жарналар салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын төлемдер мен кірістерден ұсталмайды.»;
екінші абзацтағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына» деген сөздер «Салық кодексінің 820-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 30-бапта:
1-1-тармақтағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-3-тармақтағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-3-бабының 3-тармағында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
7) 31-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аударымдар жəне (немесе) жарналар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы төлеушіге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аударымдар жəне (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы шығыс операцияларын:
банктік шоттар бойынша - берешек сомасы шегінде;
касса бойынша - өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жатқызылған аударымдарды жəне (немесе) жарналарды, өсімпұлды төлеу шотына кейіннен аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу жəне тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша тоқтата тұрады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың мақсаттары үшін аударымдарды төлеушілер, дара кəсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кəсіби медиаторлар, жеке көмекшілерге кіріс төлеген кезде жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар төлеуші деп түсініледі.».
24. «Лотереялар жəне лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лотерея терминалдары ұтыстарды төлеу кезінде төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуды қамтамасыз етуге тиіс.».
25. «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сəйкес, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісі деп танылатын операциялар туралы мəліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсынады.».
26. «Адвокаттық қызмет жəне заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
63-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Адвокаттық кеңсе клиенттермен жəне үшінші тұлғалармен есеп айырысу бойынша жəне адвокаттық кеңсенің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мəселелер бойынша адвокаттардың өкілдері болып əрекет ете алады.».
27. «Өнеркəсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 29-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импортты кедендік əкелім баждарын жəне қосылған құн салығын төлеуден босату;»;
2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 42-1 жəне 42-2-баптармен толықтырылсын:
«42-1-бап. Арнаулы инвестициялық жоба
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бос қойманың иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) жəне (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба арнаулы инвестициялық жоба деп түсініледі.
2. Арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде арнаулы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Арнаулы инвестициялық келісімшарт негізінде арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары əкелген пайдаланылған шикізатты жəне (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату еркін кеден аймағының немесе бос қойманың кедендік рəсімінің қолданылуы аяқталған кезде, алынған өнімде осындай шикізат пен материалдар сəйкестендірілген жəне шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуы танылған жағдайда жүзеге асырылады.
Арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік əкелім баждарын салудан босату:
1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жылға, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың əрекет ету мерзімінен аспайтындай болып;
2) бос қоймалардың иелеріне, арнаулы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнаулы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
3. Арнауы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізатты жəне (немесе) материалдарды импорттауды қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шарттарға сəйкес қолданылады.
42-2-бап. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу жəне бұзу, бақылау
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес импортты кедендік əкелім баждарын төлеуден жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шарттарға сəйкес қосылған құн салығынан босатуды көздейтін шарт арнаулы инвестициялық келісімшарт болып табылады.
2. Арнаулы инвестициялық келісімшарт арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бос қойманың иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, өнеркəсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған кезде көлік құралдарын жəне (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жəне (немесе) оның құрауыштарын өндірушілермен жасалады.
3. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган бекітетін үлгілік арнаулы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, осы келісімшартты қол қоюға дайындайды.
4. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу жəне бұзу тəртібін, мерзімдері мен шарттарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен жəне салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.
Бұл ретте инвестициялық келісімшарттың жəне арнаулы инвестициялық келісімшарттың қосымшаларына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.