2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарламада:
1) оны өткізу күні мен уақыты;
2) қатысуға өтініштер беру мерзімі;
3) жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесіне (кен орнына) нұсқау және оның қысқаша сипаттамасы;
4) жер қойнауы жөніндегі операциялар түрі;
5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;
6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар, сондай-ақ олардың бағалану құны;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген әрбір блок үшін ең төменгі қол қою бонусының мөлшері негізге алына отырып айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшері;
8) өндіру кезеңіндегі қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығыстар мөлшері;
9) өндіру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi;
10) өндіру кезеңіндегі өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
11) жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық жөніндегі ең төмен міндеттемелер;
12) жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскілеріне тіркелген құқықтар туралы ақпарат;
13) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген талаптарды көрсету;
14) жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша барлау кезеңінің немесе дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмеуге тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу туралы хабархатта осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11), 13) және 14) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, аукционға қатысуға мүдделі тұлғаның аукционға қатысуға арналған өтінішінде осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемені айқындауы туралы талабы да қамтылуға тиіс.
3. Бұрын жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада:
1) егер жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға берілген болса:
сенімгерлік басқарушыға сенімгерлік басқару шартына сәйкес келтірілген шығындарды өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарттары, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, оған сыйақы төлеу;
осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарттары;
2) осы Кодекстің 119-бабының 19-тармағында көзделген жағдайларда - бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге және бағалауға кеткен шығындарын өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарты;
3) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының қамтамасыз ету мөлшері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
4. Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі айды құрайды.
95-баптың 5-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабархатты орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құрайды.
95-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Аукционға қатысу жарнасы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және қайтарылуға жатпайды.
Аукционға қатысу жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы үш жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Кепілдік жарна көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол:
1) көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең соманы;
2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең соманы құрайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Құзыретті орган өтініштерін қабылдаудан осы Кодексте көзделген негіздер бойынша бас тартқан аукционға өтініш берушілердің кепілдік жарнасы оны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы аукцион қорытындылары бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды аукцион жеңімпазы орындаған жағдайда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады.
Аукцион жеңімпазының осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны аукцион жеңімпазынан қол қою бонусын төленгенін растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Аукцион жеңімпазының, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының өтініші бойынша оның кепілдік жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне аударуы мүмкін.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады, сондай-ақ:
1) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайларда, кепілдік жарна оған қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады;
2) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайларда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна қайтарылады.
96-бап. Аукционға қатысуға арналған өтініш
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінішті көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалану арқылы жібереді.
2. Аукционға қатысуға арналған өтініште:
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), басшылар туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей және (немесе) жанама бақылайтын барлық (кез келген) заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;
3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аукцион өткізу туралы хабарламада белгіленген жер қойнауы учаскесінің аумағына нұсқау;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) өтініш берушінің кепілдік жарнаны төлегені туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Өтінішке қосымша:
1) өтініш иесінің хабарламада көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттемесі;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өтініш иесінің аукционға қатысу үшін жарна төлегендігі туралы құжаттар қоса беріледі;
3) өтініш иесінің осы Кодекстің 93-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісінше куәландырылған құжаттар қоса беріледі.
5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес өтініш иесі айқындаған кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемелер қоса беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
Осы бапта көзделген құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің 99-бабының 5-тармағына сәйкес құзыретті орган айқындайтын тәртіппен ұсынылады.
97-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау тәртібі
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш иесін аукционға қатысуға жібереді не оны қабылдаудан бас тартады.
3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) өтініш аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзімнен кеш берілген болса;
2) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмесе;
3) өтініш иесі осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш иесімен немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса;
5) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш иесінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса;
6) бұрын өтініш иесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса;
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) өтініш иесі анық емес мәліметтер ұсынса;
9) өтініш иесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырланған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырады.
5. Өтінішті қабылдаудан бас тарту, осы баптың 3-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бас тарту себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
98-баптың тақырыбы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия
98-баптың 1-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
98-баптың 2-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже мен оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
3. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
4. Комиссияның отырыстары, егер оларға комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқықты деп есептеледі.
5. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия аукцион жеңімпазын келісімшарт жасасу құқығынан айырады, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша аукционның күшін жояды немесе оны өткізілмеді деп таниды.
99-бап 2020 ж. 1 қыркүйекке дейін 277-баптың 4-тармағының редакцияда қолданылды
99-бап 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 99-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99-бап. Аукцион өткізу
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер аукцион өткізуге арналған өтінішті берген тұлға аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға болса, онда аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционның күші жойылады және мұндай тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген жағдайда, осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен мұндай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аукционға қатысуға жіберілген және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш иелері аукционға қатысады.
3. Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген күнге сәйкес күні өткізіледі.
4. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және ол көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісі пайдаланыла отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы деп құзыретті орган айқындайтын, осы Кодексте көзделген тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға танылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды құзыретті орган бекітеді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы:
1) құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш берушілерді тіркеуді;
2) осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді электрондық нысанда алу мақсатында, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін тиісті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялауды;
3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде тіркеу үшін өтініш берушілерден құжаттар қабылдауды;
4) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі жұмыс бойынша консультация берілуін жүргізуді;
5) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар үшін қол жеткізудің тең жағдайларын;
6) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, аукциондарды қашықтан өткізуді;
7) аукциондар қорытындыларының тізілімін қалыптастыруды;
8) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімін жариялауды;
9) техникалық құралдар кешенін, жүйелік және технологиялық бағдарламалық қамтылымды:
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінің тиісінше жұмыс істеуі;
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы жұмыскерлерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізу процесіне араласуына жол бермеу үшін тұрақты жұмыс жағдайында ұстап тұруды;
10) ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды және аукцион өткізу процесіне бөгде сырттан араласудан қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіне қойылатын техникалық талаптардың сақталуын;
11) аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде жасалған барлық іс-әрекеттердің жазбаларын құзыретті органның сұрау салуы бойынша беруді;
12) аукциондар өткізуді регламенттейтін ішкі техникалық құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;
13) аукциондар өткізу мәселелері бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасауды;
14) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукциондар өткізу туралы хабархатты орналастыруды;
15) аукциондар өткізу бойынша жаңа бағдарламалық қамтылымның әзірленуін және (немесе) қолданыстағысының жаңғыртылуын ұйымдастыруды;
16) құзыретті орган айқындайтын тәртіппен аукциондар өткізуді тоқтата тұруды, ауыстыруды немесе оның күшін жоюды қамтамасыз етеді.
100-бап. Аукцион қорытындысын шығару және көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасау
1. Қол қою бонусының неғұрлым жоғары мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аукцион нәтижелері электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың қорытындылары тізілімінің негізінде аукцион өткізілген күні хаттамамен автоматты түрде ресімделеді, оған құзыретті орган мен аукцион жеңімпазы қол қояды.
Аукцион нәтижелері ол өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде: