ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
соғыс жағдайы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 102-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22- ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
176-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Соғыс жағдайы туралы» және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не ерекше шаралар енгізілген кезеңдерде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерінде және ел қорғанысын, мемлекет қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше ахуалдардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету станцияларында;».
2. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 104-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік алуға;».
3. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
2) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;»;
3) 11-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскерлерді қолдану жоспарларын, жедел жоспарларды, жауынгерлік басқару құжаттарын, мемлекет қорғанысы жоспарының құжаттарын, әскерлерді жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежесіне келтіру жөніндегі құжаттарды ашатын мәліметтер;»;
4) 12-баптың 33) тармақшасындағы «метрополитендер немесе» деген сөздер алып тасталсын.
4. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) интернирлеу - Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасаған мемлекеттің азаматтарын халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес ұстап алу және арнайы бөлінген қоныстандыру орындарына жабу;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесі - соғыс жағдайы кезеңіне құрылатын және әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және арнаулы құралымдарға мемлекет қорғанысы мүдделерінде басшылықты жүзеге асыратын әскери басқару органы.»;
2) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу;»;
3) 7-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілерді күзету;»;
5) тармақшадағы «құқық қорғау органдары мен» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы.»;
4) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері»;
5) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері
1. Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасын құрады, соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы туралы ережені бекітеді;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережені бекітеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді;
5) соғыс жағдайы кезеңіндегі өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттік органдардың келісімді түрде жұмыс істеуін және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
7) соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы шараларды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерін бекітеді;
8) соғыс жағдайы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төтенше мемлекеттік бюджетті қабылдап, енгізеді және бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Парламентіне хабар береді;
10) осы Заңға сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды қолдану тәртібін белгілейді және олардың міндеттерін айқындайды;
11) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуларды немесе шектеулерді белгілейді;
12) әскери қызмет өткерудің ерекшеліктерін айқындайды;
13) көліктің, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілердің ерекше жұмыс режимін белгілейді;
14) қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
15) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы қолданылатын кезеңдегі құрылымын айқындайды;
16) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 10) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі соғыс жағдайы кезеңінде:
1) соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережелерді бекітеді;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық етеді;
3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен басқа да адамдардың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне төтенше мемлекеттік бюджетті ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етеді;
5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасы Парламентінің агрессия жасаған мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) халықаралық шарттардың күшін жоюы үшін оларды өз құзыреті шегінде ұсынады;
7) азаматтық және аумақтық қорғанысқа басшылық етеді, жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс іс-шараларын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар белгілеп береді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды соғыс уақытының құрылымы мен штаттарына көшіруді ұйымдастырады;
9) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдар мен халықты құлақтандыру жүйесін ұйымдастырады;
10) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.»;
6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары соғыс жағдайы кезеңінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдарының соғыс жағдайы шараларын орындауын қамтамасыз етеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесіне тікелей басшылық ету тиісті әкімге жүктеледі.»;
7) 16-баптың 2-тармағындағы «азаматтардың» деген сөз «азаматтар мен басқа да адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары - мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты құжаттардың жинақталымы;»;
47) тармақша алып тасталсын;
2) 4-бапта:
1-тармақтың 7) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) елдің мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, көлігінің, коммуникациялары мен халқының күні бұрын жұмылдыру дайындығын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтитын, бейбіт уақытта жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін;»;
«13) әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мемлекеттің әскери ұйымы шешеді.
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар және ұйымдар Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.»;
3) 5-баптың 2-тармағының 2-1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын бекітеді;»;
4) 7-баптың бірінші бөлігінде:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;
14-1) тармақша алып тасталсын;
5) 8-баптың 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аумақтық қорғаныс іс-шараларына, саланың жұмылдыру дайындығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілерді, қорғаныс мұқтажына қажетті өнімдер әзірлеу, өндіру, шығару және жөндеу жөніндегі қуаттарды құруға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдыру резервтерінің толықтырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және оны іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;»;
«3) саланы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетілуге және қорғалуға жататын ведомстволық бағынысты объектілерді инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі тұрғысынан дайындау, арнаулы құралымдар үшін материалдық-техникалық құралдардың запастарын жасау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;»;
6) 9-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге, аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау іс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;»;
4) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша бекітеді;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады;»;
7) 11-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өз құзыреті шегінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетілуге және қорғалуға жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ құрылатын арнаулы құралымдарды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.»;
8) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету»;
9) 12-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету»;
10) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган болып табылады.»;
2-тармақта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді және бекітуге ұсынады;»;
5-1) тармақша «, сондай-ақ Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
26-16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26-16) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 26-25) тармақшамен толықтырылсын:
«26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;»;
11) 23-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;»;
3) және 6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын әзірлейді;»;
«6-1) Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді;»;
2-тармақтағы «Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарулы Күштердің орналастырылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
13) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;».
6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16,128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72,75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат;№ 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
43-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) білім алушыларды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери қызметке даярлауды;».
7. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-ІІ, 120, 122-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):