2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.
Осы тармақта жазылған талаптар, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий қол қойған, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
3-1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды ұсынады.
7) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқылы емес.
Осы тармақтың талабы:
1) сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
2) сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрлері алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін алып тастай отырып, сондай-ақ лицензиаттың тұрған жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-1. Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін алып тастау сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді.
Сақтандырудың осы сыныптары бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға не сақтанушының келісімі болған кезде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға және (немесе) сақтанушылармен сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды
7-2. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына ғана береді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-3-тармақпен толықтырылды
7-3. Сақтандыру ұйымы бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасауды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді;
4) инвестициялық комитеттің құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы комитет туралы ережені;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидаларды;
6) өтініш берушіде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың немесе өзге де жабдықтың болуын растайтын құжатты ұсынады.
8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) брокерлік қызмет түрлерінің шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін ішкі жұмыс регламентін;
7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Сақтандыру брокері брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерлерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерлерге сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі көзделетін ішкі жұмыс регламентін;
4) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды
8-2. Лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайда, лицензия брокерлік қызметтің осы түрі алып тастала отырып, қайта ресімделуге жатады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-3-тармақпен толықтырылды
8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін сақтандыру брокері уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.
9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған жағдайда сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтанушылармен сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беруді қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі болған кезде жүзеге асыруға міндетті.
Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатарынан соңғы алты ай ішінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзған жағдайда, уәкілетті орган сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сақтанушының келісімін алу жөніндегі осы баптың 1-тармағының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.
Сақтандыру ұйымы сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда(бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздер бойынша:
1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы өтініш берілгенге дейін алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаса;
3) егер өтініш беруші мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбесе;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе;
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) жүргізіледі.
2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны немесе қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына не брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден бас тарту, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтердің сақталмауын болжау (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);
2) пруденциялық нормативтерді өтініш берілген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақтамау (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);
3) өтініш берілген күні сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына немесе сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері үшін) негіздері бойынша жүргізіледі.
39-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялау
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өтініш беруші сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін магистр дипломының көшірмесін;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - жеке тұлғалар үшін - актуарийдің мәртебесін және тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелікті растайтын құжаттардың көшірмелерін;
8) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (болған кезде);