Сақтандыру қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы
(2019.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру
5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы
2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi
7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны
8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
3-тарау. Сақтандыру рыногы
10-бап. Сақтандыру нарығының қатысушылары
10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері
10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары
10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi
11-1-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары
12-бап. Өмірді сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу
15-бап. Трансшекаралық сақтандыру және қайта сақтандыру
15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
15-2-бап. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасқан кезде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
16-бап. Сақтанушыларға ақпарат беру бойынша сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
4-тарау. Сақтандыру делдалдығы
16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру
16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын талаптар
16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын қалыптастыру
17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар
18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар
18-1-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ олардың есебін жүргізу және оқыту тәртібіне қойылатын талаптар
18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
20-бап. Аудит
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
25-1-бап. Субординарлық борыш
26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы
26-1-бап. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi
29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi
30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеу
31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету
32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар
36-бап. Алып тасталды
6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар
36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
7-тарау. Лицензиялау
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беруден бас тарту
39-бап. Алып тасталды
40-бап. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялау
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi
42-бап. Уәкілетті орган
43-бап. Уәкілетті органның құзыреті
44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру
44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу
45-бап. Алып тасталды
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
46-1-бап. Алып тасталды
47-бап. Сақтандыру резервтерi
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау
50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау
51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау
52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы
52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
10-тарау. Қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
53-бап. Ерте ден қою шаралары
53-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
53-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
53-4-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
53-5-бап. Санкциялар
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
54-1-бап. Консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру
55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру
55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды жүргізу туралы шешім
55-4-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде басқару ерекшеліктері. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау
55-6-бап. Консервациялауды тоқтату
56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары
57-бап. Алып тасталды
58-бап. Алып тасталды
59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
60-бап. Актуарийді лицензиясынан айыру
61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
11-тарау. Қайта құру
62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы
63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту
64-бап. Алып тасталды
12-тарау. Тарату
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негіздері
66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
69-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру портфелін беру
70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы
71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану
72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi
73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
13-тарау. Есеп беру және өзге де мәселелер
74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру
74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және сақтандыру холдингтерінің есептілігі
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзiмi
78-бап. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау
14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары
80-бап. Дерекқор
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
84-бап. Ұйымға тіркелу
85-бап. Алып тасталды
15-тарау. Сақтандыру омбудсманы
86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызмет қағидаттары, оны сайлау тәртібі және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
87-бап. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі және оның құзыреті
88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері
90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі
91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі
92-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
1-тарау. Жалпы ережелер
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылады (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) актуарий - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-2) актуарийлер бірлестігі - актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;
1-3) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
2) ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерiнен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) бақылау - заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай:
бiр тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не заңды тұлғаның акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын;
бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған;
бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды;
4) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
5) еншiлес ұйым - өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) заңды тұлғаның iрi қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң немесе дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелiк етушi болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама, дербес немесе, бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы;
9) қайта сақтандыру - өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бiр жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн қайта сақтандыруға беруiне және екiншi жағынан осы тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) қайта сақтанушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлығын, адалдығын растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) - бір мезгілде бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін өздерінің арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жауапкершіліктерін бөле отырып қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты - сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;
14) өздiгiнен ұстап қалу - жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;
15) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) сақтандыру агентi - сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) сақтандыру брокері - сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;»;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) - сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы - қатысушылары арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;
19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
20) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар - өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий;
21) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) сақтандыру портфелi - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
23) сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;