Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2010 жыл 9 желтоқсанда)
(2013.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 85-V Заңымен ратификацияланды
2013 жылғы 23 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және оларды дамыту тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып,
Қазақстан Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты реттеу мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық шарттарын айқындайды.
Мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық өзара мүдделерді қорғауға негізделген және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының мүдделеріне зиян тигізбеуге тиіс.
2-бап
Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптар құзыретті органдарды тағайындайды:
Ресей тарабынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі;
Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.
2013 ж. 24.12. Хаттамамен 3-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады) (бұр.ред.қара)
3-бап
Тараптар мұнайдың және мұнай өнімдерінің өзара саудасында кедендік әкету баждарын (балама әрекеті бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбайды.
Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 27-тобында сыныпталатын, 2014 ж. 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.
4-бап
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан Беларусь Республикасына мұнай жеткізу көлемін, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара жеткізу көлемдерін қоса алғанда, Тараптардың құзыретті органдары жыл сайын Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында мұнайды, мұнай өнімдерін өндіру (өндірісі), тұтыну, жеткізу, импорттау мен экспорттау балансын (бұдан әрі - индикативті баланс) жасайды.
5-бап
Тараптар 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы мұнай жеткізу туралы шарттар (келісімшарттар) негізінде жүзеге асырылатын мұнайды өзара жеткізуді баламалы көлемде жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында мұнай жеткізудің көлемін, бағыттарын, сондай-ақ өзге де шарттарын жыл сайын Тараптардың құзыретті органдары қалыптастырып осы, Келісімге хаттамамен бекітеді және ол индикативті баланста көрсетіледі.
2012 ж. 19.09. Хаттамамен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013 ж. 24.12. Хаттамамен 6-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады) (бұр.ред.қара)
6-бап
Тараптар Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында бекітілген мұнай өнімдерінің индикативтік баланстарына сәйкес көлемде Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу үшін жағдай жасайды.
Қазақстан Тарапы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесімен белгіленеді.
2014 ж. 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына жеткізілген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жүзеге асырылмайды.
2013 ж. 24.12. Хаттамамен 61-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады)
61-бап
Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 2014 ж. 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 2-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынады. Көрсетілген тізбеге Тараптардың құзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан тарапы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 3-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салуды қамтамасыз етеді. Көрсетілген тізбеге Тараптардың құзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан тарапы 2014 ж. 31 желтоқсанға дейін осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген мұнай өнімдеріне кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін көрсетілген мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында белгіленген кедендік әкету мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгілеуді қамтамасыз етеді.
2012 ж. 19.09. Хаттамамен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап
Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда қарауға Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына беріледі.
2013 ж. 24.12. Хаттамамен 8-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады) (бұр.ред.қара)
8-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және оларды дамыту тәртібі туралы келісіммен бір мезгілде күшіне енеді және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 35 шешімімен мемлекеттер басшылары деңгейінде бекітілген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарында қол қою көзделген барлық келісімдер Тараптар мемлекеттерінің аумағында қолданылу шартымен Тараптар мемлекеттерінің арасындағы қатынастарда қолданылады.
Осы Келісім 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады. Осы Келісімнің қолданысын ұзарту туралы шешім осы Келісімге хаттамалармен ресімделеді.
Келісім Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін | Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
2012 ж. 19.09. Хаттамамен қосымшамен толықтырылды; 2013 ж. 24.12. Хаттамамен қосымша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады) (бұр.ред.қара)
2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
1-қосымша
Мәскеу қаласы
Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай
өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу
Әдістемесі
1. Осы әдістеме 2010 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 6-бабына сәйкес әзірленді және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелінетін мұнай өнімдеріне қатысты Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын өтеу тетігін айқындайды.
2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
«тауар» - Ресей Федерациясынан Кеден одағының шегінен тысқары жерлерге шығару кезінде шығарудың кеден баждары белгіленген, мұнай өнімдерінің жыл сайынғы индикативтік балансына енгізілген және оны Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкету кезінде Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізілімі есебінен өтеу міндеттемесі туындайтын мұнай өнімдері;
«қарсы жеткізілетін мұнай көлемі» - Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына есепті тоқсан ішінде жеткізілген тауарлар үшін осы Әдістеменің ережелеріне сәйкес есептелген Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жеткізілетін мұнайдың көлемі.
3. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылатын тауарларға қатысты Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын өтеу 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізілімі арқылы жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылатын тауарларға қатысты есепті кезең үшін Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасының есептемесі шығарылатын тауарларға Ресей Федерациясының кеден органы кедендік декларацияны тіркеу күнінде Ресей Федерациясында қолданыстағы кеден бажы ставкалары негізге алынып жүргізіледі.
Ресей Тарапының құзыретті органы Қазақстан Тарапының құзыретті органын тауарларға шығару кеден баждарының ставкаларын белгілеу және (немесе) өзгерту және оның күшіне ену мерзімдері туралы шешім қабылданғаны туралы ол қабылданған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.
Егер Ресей Федерациясында тауарларға шығару кеден баждары ставкалары АҚШ долларымен белгіленсе, Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасының есептемесін жүзеге асыру үшін шығару кеден баждарын есептеу Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
4. Тоқсан сайын, есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы мен «Транснефть» мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания» ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылған тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді және көрсетілген деректер негізінде Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасын есептеуді жүзеге асырады.
Жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы мен «Транснефть» мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания» ашық акционерлік қоғамы мұнайдың қарсы жеткізілімінің көлемін алдын ала есептеу үшін пайдаланатын еркін нысанда 2 данадағы аралық салыстыру актісіне қол қояды.
Мұнайдың қарсы жеткізілімі көлемінің әр тоқсандағы түпкілікті есептемелері және Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылған тауарлардың көлемі туралы ақпаратты қамтитын есепті жыл үшін жиынтық салыстыру актісі негізінде жүргізіледі.
Есепті жыл үшін жиынтық салыстыру актісіне Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы және «Транснефть» мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания» ашық акционерлік қоғамы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін, еркін нысандағы 2 данаға қол қояды.
Атап санамаланған ұйымдардың қайсы бірі жиынтық салыстыру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Тараптар жағдайды реттеу және соттан тыс тәртіппен уағдаластыққа қол жеткізу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданады.
Қол қойылған аралық және (немесе) жиынтық салыстыру актісінің деректері негізге алына отырып, мұнайдың қарсы жеткізілімі көлемінің есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ресей | Ресей | Ресей |
Федерациясының | Федерациясының | Федерациясының |
Федерациясының | Федерациясының | Федерациясының |
шығару кеден | кеден баждарының | шығару кеден |
баждарының | есепті тоқсанның | баждарының |
есепті тоқсанның | екінші айындағы | есепті тоқсанның |
бірінші | есептемелік сомасы | үшінші айындағы |
айындағы | (АҚШ доллары) | есептемелік |
Мұнайдың | есептемелік | сомасы |
қарсы жеткізілімі | сомасы(АҚШ доллары) | (АҚШ доллары) |
- нің = _______________ + ___________________ + ________________
көлемі Ресей Ресей Ресей
(тонна)*
Федерациясының | Федерациясының | Федерациясының |
шикі мұнайға | шикі мұнайға | шикі мұнайға |
шығару кеден | шығару кеден | шығару кеден |
баждарының | баждарының есепті | баждарының |
есепті | тоқсанның екінші | есепті тоқсанның |
тоқсанның | айында | үшінші айында |
бірінші айында | қолданылатын | қолданылатын |
қолданылатын | ставкасы | ставкасы |
ставкасы | (тонна үшін АҚШ доллары) | (тонна үшін АҚШ доллары) |
(тонна үшін баждарының | | |
* Мұнайдың қарсы жеткізілімінің көлемі жиынтық салыстыру актісінің негізінде нақтылануы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасынан мұнайды қарсы жеткізу көлемінің осы Әдістемеге сәйкес жүргізілген есептемесі негізінде Тараптардың құзыретті органдары ағымдағы тоқсанда мұнайды қарсы жеткізу көлемі туралы ақпаратты есепті тоқсан ішінде Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдардың арасында сол қарсы жеткізілетін мұнай көлемінің үлестірілетіндігі туралы Қазақстан Тарапынан оператор-компанияның («ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетинг акционерлік қоғамының немесе Қазақстан Тарапы тағайындаған өзге ұйымның) және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдардың назарына жеткізеді, олар көрсетілген ақпарат берілгеннен кейін 10 күн ішінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына тиісті көлемде мұнай жеткізуге шарттар жасасады. Шарттардың өзге елеулі талаптарын оператор-компаниялар екіжақты келіссөздер барысында белгілейді.
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына есепті тоқсанда мұнай жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдар арасында қарсы жеткізілген мұнай көлемін үлестіруді Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі есепті тоқсанда Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қарсы жеткізілген мұнай көлемдеріне үйлесімді түрде жүзеге асырады.
Ағымдағы тоқсаннан кейінгі тоқсанда жоғарыда аталған мұнай жеткізу шарттарын жасасқан ресейлік ұйымдарға Ресей Федерациясының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тоқсан сайын тиісті көлемде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі белгіленген тәртіппен бекітетін Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерге магистралдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау кестесінде көрсетілген мұнай тасымалдау көлемінен астам мұнай тасымалдау қызметтеріне рұқсат беріледі.
Ресейлік ұйымдар қарсы мұнай жеткізудің бағасын белгілегенде, аталған ұйымдар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнайды жеткізу кезіндегі сондай баға белгілеу тәртібі қолданылады.
Шарттардың елеулі өзге де жағдайлары Тарап мемлекеттердің шаруашылық субъектілерімен келіссөздер барысында белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жыл сайын Қазақстан Тарапынан оператор-компанияға мұнай жеткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін бекітеді.
7. Тоқсан сайын қарсы жеткізуге тиіс мұнай көлемі анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі осы Әдістеме шеңберінде Қазақстан Тарапынан оператор-компанияға жеткізуге тиіс көлемді әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін бекітеді.
8. Мұнайдың қарсы жеткізілімі кезінде:
компания-оператор және Қазақстан Тарапынан жер қойнауын пайдаланушылар осы Әдістемеге сәйкес жеткізілетін мұнайдың бекітілген көлемінен экспортқа рента салығын төлемейді;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары осы Әдістемеге сәйкес сатылатын мұнай көлеміне Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды сату және (немесе) беру кезіндегідей төмендетілген 0,5 коэффициентін қолдана отырып пайдалы қазбалар өндіруге салық төлейді;
осы Әдістемеге сәйкес берілетін тауар мен мұнайдың бағасы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасымен реттеуге жатпайды.
Осы шарттар Қазақстандық Тараптың мұнайды оператор-компанияларға және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыларға осы ұйымдардың қарсы жеткізу бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
9. Қазақстан Тарапы мұнай өнімдерінің индикативтік балансымен бекітілген нормалардан тыс тауарларды жеткізуден бас тартып, аталған шешім туралы Ресей Тарапына хабарлауға құқылы.
Келісім және осы Әдістеме шеңберінде тауар жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
Тауар жеткізіліміне бақылау мен мониторингті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мұнай өнімдерінің жылдық индикативтік балансы негізінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісілген тауарлар жеткізу кестелері негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы Қазақстан Республикасының тиісті үкіметтік органдарының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының межелі станциясына тауар жеткізу көлеміне шектеу енгізуге құқылы.
2013 ж. 24.12. Хаттамамен 2-қсымшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады)
2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
2-ҚОСЫМША
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым
салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ
КО СЭҚ ТН* коды | Позицияның атауы |
2710 19 480 - 2710 19 680 | ауыр дистилляттар |
2710 20 310 - 2710 20 390 | |
2710 19 510 1 | мазуттар |
2710 19 550 1 | |
2710 19 620 1 | |
2710 19 640 1 | |
2710 19 660 1 | |
2710 19 680 1 | |
2710 20 310 1 | |
2710 20 350 1 | |
2710 20 370 1 | |
2710 20 390 1 | |
2710 91 000 0 | өңделген мұнай өнімдері |
2710 99 000 0 | |
2712 | вазелин және парафиндер |
2710 19 710 0 | жағар майлар, өзге майлар |
2710 19 750 0 | |
2710 19 920 0 | |
2710 19 980 0 | |
2902 20 000 0 | бензол |
2902 30 00 0 | толуол |
2902 41 000 0 - 2902 44 000 0 | ксилолдар |
2713 20 000 0 | мұнайлық битум |
2713 90 900 0 | мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған, битуминозды жыныстардан алынған (жылына 280 мың тоннаға дейінгі көлемдегі мұнайлық гудроннан басқа) өзге қалдықтар |
_____________
* Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.
2013 ж. 24.12. Хаттамамен 3-қсымшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады)
2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан
тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ
КО СЭҚ ТН* коды | Позицияның атауы |
2710 12 110 0 - 2710 12 250 | тура айдалатын бензиндер |
2710 12 900 9 | |
2710 20 900 0-ден | |
2710 12 900 1 | пропиленнің тримерлері мен тетрамерлері |
2710 12 310 0 | жеңіл дистилляттар; |
2710 12 700 0 | орташа дистилляттар; |
2710 19 110 0 - 2710 19 460 0 | дизель отыны; |
2710 20 110 0 - 2710 20 190 0, | газойлдар |
2710 20 900 0-ден | |
2710 12 410 0 - 2710 12 590 0, | тауарлық бензиндер |
2710 20 900 0-ден | |
2710 19 820 0 | мотор майлары |
2710 19 860 0 | ақшырайлы майлар |
2710 19 880 0 | тегершік үшін майлар |
2710 19 840 0 | гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтар |
2710 19 940 0 | электр изоляциялық майлар |
______________
* Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.