«еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қорға өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін МӘС бөлімшесі белгілеген күннен бастап;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі. Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықтың құрылымдық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
6) 21-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды және белгілеуді МӘС бөлімшесі Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
7) 22-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
8) 23-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
9) 23-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
10) 23-2-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;»;
«9) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді Орталықтың бөлімшесіне немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
3) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тиісті уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Орталықтың бөлімшесінде немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.».
8. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 12), 16), 17), 24), 34) және 39) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) зейнетақы - уәкілетті ұйымнан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;»;
«16) зейнетақы төлемдері: уәкілетті ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
17) зейнетақылар алушы (бұдан әрі - алушы) - уәкілетті ұйымнан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға;»;
«24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;»;
«34) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
«39) уәкілетті ұйымнан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;»;
2) 4-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi бюджет қаражаты есебiнен беріледі.»;
3) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар туындаған кезде Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік берілген.»;
4) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен мерзімі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) беріледі.
Адамдар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалуы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган өтініш берілген күннен бастап жүргізеді.
4. Өтініш пен қажетті құжаттардың Орталықта немесе ХҚО-да тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.»;
5) 15-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасалған күнге уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспайды.
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, прокуратура, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлеріне және зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдарға төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан асыруға болмайды.»;
6) 17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауды Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
3. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде көмек көрсетуге міндетті.»;
7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Орталықта тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Орталықта тіркелген күні Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган бас тартудың себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарын қайтаруға міндетті.
4. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.»;
8) 19-бап алып тасталсын;
9) 20-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемді тағайындауы үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;»;
10) 21 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайлар ескеріле отырып, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
3. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
4. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
22-бап. Өткен уақыт үшін Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін алу
1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасау алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
2. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның, сондай-ақ Орталықтың немесе ХҚО-ның кінәсінен уақытында алынбаған, Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.»;
11) 28-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.»;
12) 57-бапта:
2-тармақтағы «халыққа қызмет көрсету орталықтарының» деген сөздер «ХҚО-лардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық органдарына - адамның міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жатқызуға) байланысты мәселелер бойынша;»;
12) тармақшадағы «халыққа қызмет көрсету орталықтарына» деген сөздер «ХҚО-ларға» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының он екінші абзацын, 3-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын, 6-тармағы 3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы наурыздың 17-і.
№ 293-V