68-бап. Тауарлардың кедендік құнына түзету жүргізу
1. Тауарлардың жарияланған кедендік құнын түзету туралы шешім, егер кеден органымен немесе декларантпен, тауарлардың кедендік құны туралы жалған мәліметтер жарияланғаны, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анықтаудың әдісі дұрыс таңдалмағаны және (немесе) тауарлардың кедендік құнының дұрыс анықталмағаны анықталса, тауарларды шығарғанға дейінгі және кейінгі кедендік құнға бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде кеден органымен қабылданады. Кеден органымен қабылданған тауарлардың жарияланған кедендік құнын түзету туралы шешім негізден және оны орындаудың мерзімінен тұруы қажет.
2. Оларды шығарғанға дейінгі тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешімді кеден органымен қабылдау кезінде, декларант жалған мәліметтерге түзету жүргізуді жүзеге асыруға және осы Кодекстің 196-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде есептелген түзетілген мәліметтердің көлеміндегі кедендік баждарды, салықтарды төлеуге міндетті.
Егер декларант тауарларды шығарған мерзімнен аспайтын мерзімде жалған мәліметтерге түзету жүргізуді жүзеге асырмаса және қоса алынған кедендік баждар, салықтар төленбесе, кеден органы тауарларды шығарудан бас тартады.
3. Кедендік құнға түзету жүргізу туралы шешімнің кеден органымен қабылдануы кезінде тауарларды шығарғаннан кейін декларант жалған мәліметтерге түзету жүргізуді жүзеге асырады және түзетілген мәліметтердің көлеміндегі кедендік баждарды, салықтарды төлейді. Декларант осы шешіммен келіспеген жағдайда тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзетуді және төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеуді кеден органы жүзеге асырылады.
4. Тауарлардың кедендік құнын түзету және төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеу, сондай-ақ оларды төлеудің мерзімі Кедендік одақ комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
69-бап. Қосымша тексеріс жүргізу
1. Кеден органы тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің жалған болуы мүмкіндігін немесе жарияланған жарияланған мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін белгілердің оларды шығарғанға дейінгі тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізген кезде кеден органы мерзімі және өткізу тәртібі Кедендік одақ комиссиясының шешімімен орнатылатын осы Кодекске сәйкес қосымша тексеріс жүргізеді.
Бұл жағдайда кеден органы декларанттың назарына жеткізілетін қосымша тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдайды. Кеден органының шешімі негізді және тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің жалғандығын немесе жарияланған мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін нақты белгілердің тізімінен тұруы қажет. Жүргізілген қосымша тексерістің тәртібі, мерзімі, және нысаны Кедендік одақ комиссиясының шешімімен орнатылады.
Кеден органымен қосымша тексерістің қорытындысы бойынша тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім қабылданғанға дейін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу аяқталмаған болып саналады.
2. Егер қосымша тексеріс тауарларды шығару үшін осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде жүргізіле алмаса, онда қосымша тексеріс жүргізу туралы шешім тауарларды шығарудан бас тартуға негіз бола алмайды. Тауарларды шығару декларанттың осы Кодекстің 88-бабына сәйкес кеден органы айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен жүзеге асырылады.
3. Тауарлардың кедендік құны туралы жарияланған мәліметтерге қосымша тексеріс жүргізу үшін, кеден органы декларанттан қосымша құжаттарды және мәліметтерді сұрауға және осы үшін жеткілікті болуы тиіс осы Кодекстің 170-бабында белгіленген белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімде оларды ұсынудың мерзімін орнатуға құқылы.
Декларант кеден органы сұрап отырған қосымша құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға не олар бойынша ұсыну мүмкін болмайтын себептерді жазбаша нысанда ұсынуға міндетті.
Декларант тауарлардың кедендік құнын анықтаудың олармен таңдап алынған әдістерін қолданудың құқыққа сай екендігін және олармен ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқығы бар.
4. Егер декларант кеден органымен сұралған олар бойынша ұсыныла алмайтын құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) себептерді түсіндіруді ұсынбаса немесе осындай құжаттар және мәліметтер осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосымша тексерісті жүргізу үшін негізді жоймаса кеден органы қосымша тексерістің қорытындысы бойынша өзінің өкіміндегі ақпараттардың негізінде және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтаудың мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарлардың жарияланған кедендік құнына түзету жүргізу туралы шешім қабылдайды.
5. Егер қосымша тексерістің қорытындысы бойынша кеден органымен декларантпен жарияланған тауарлардың кедендік құнын қабылдау туралы шешім қабылданса, онда қамтамасыз етудің сомасын қайтару (есептеу) осы Кодекстің 90-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2-бөлім. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР
9-тарау. Кедендік төлемдер туралы жалпы ережелер
70-бап. Кедендік төлемдер
1. Кедендік төлемдерге мыналар жатады:
1) кеден әкелу бажы;
2) кедендік әкету бажы;
3) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;
4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, арнайы, демпингке қарсы бажды немесе орны толтырылған баждар осы Кодексте көзделген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес орнатылады.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 49-тарауында және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.
71-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері
Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) адвалорлық - салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген;
2) айрықша - табиғи көріністегі (саны, салмағы, көлемі және басқа да сипаттамалары) жеке сипаттамаға байланысты белгіленгендер;
3) аралас - осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерден тұрады.
72-бап. Кедендік алымдар
1. Кедендік алымдар, тауарларды шығаруға, тауарларды кедендік ілесіп алып жүруге, сондай-ақ осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын белгіленген басқа да іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органымен өндіріп алынатын міндетті төлемдер болып табылады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген кедендік алымдардың түрлері және ставкалары.
3. Кедендік төлемдердің мөлшері кедендік алым белгіленген, іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шығындарының жобаланған құнынан аса алмайды.
4. Кедендік алымдарды төлеушілер, кедендік алымдарды төлеудің мерзімдері, оларды есептеудің, төлеудің, қайтарудың (есептеу) және өндіріп алудың тәртібі, сондай-ақ кедендік алымдардың төлеуге жатпайтын жағдайлары осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
73-бап. Аванстық төлемдер
1. Егер мұндай төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, алдағы кедендік әкету баждарын, салықтарды, кедендік алымдарды төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын, салықтардың, кедендік алымдардың нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша қаражаты (ақша) аванстық төлемдер деп танылады.
2. Аванстық төлемдер, кедендік төлемдерді төлеу мақсатында бұл төлемдерді қолдану ұсынылатын аумақта кеден одағына мүше мемлекеттің валютасымен төленеді.
3. Аванстық төлемдер есебінде төленген ақша қаражаты (ақша) аванстық төлемдерді төлеген тұлғаның мүлігі болып табылады және тұлғаның бұл туралы кеден органына өкім жасамайынша немесе өндіріп алуды аванстық төлемдерге айналдырмайынша, кедендік төлемдер есебінде немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражаты (ақша) ретінде қарастырыла алмайды. Аванстық төлемдерді төлеген тұлғаның есебінен, кедендік декларацияның онымен және оның атынан жазылған ұсыным, кедендік төлемдер немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебінен бұл тұлғаның өзінің ақша қаражатын (ақша) қолдануға білдірген ықыласы туралы куәландыратын өзге де іс-әрекеттерді жасауы қарастырылады.
4. Төлемшінің талабы бойынша кеден органы аванстық төлемдерді қайтару үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзімнен асырмай аванстық төлемдер есебінен төленген ақша қаражатын (ақша) шығандау туралы есепті ұсынады.
Есеп жазбаша түрде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынылады.
5. Аванстық төлемдерді қайтару осы Кодекстің 90-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Аванстық төлемдердің талап етілмеген сомаларына өкім жүргізу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
6. Аванстық төлемдерді төлеу нысандары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
74-бап. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Осы Кодекстің мақсаты үшін кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер ретінде мына жайлар түсініледі:
1) тарифтік артықшылықтар;
2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);
3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;
4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
2. Тарифтік артықшылықтар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық келісім-шарттарына сәйкес ұсынылады.
Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, тәртібі және оларды ұсынудың жағдайы осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.
Салықтарды төлеу бойынша және кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.
10-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу
75-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база (салық базасы)
1. Кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі, кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарлар болып табылады.
2. Тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларға қарамастан, кедендік баждарды есептеуге арналған база, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, оны пайдалануға дейінгі тауардан ажырамайтын оның алғашқы орамасын есепке алғандағы және тауардың бөлшектік сауда үшін ұсынылатын салмағы, көлемі немесе басқа да сипаты) жеке сипаты болып табылады.
3. Салықтарды есептеуге арналған салық базасы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.
76-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу
1. Кедендік баждар, салықтар осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық келісім-шарттарымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, өздігімен кедендік баждарды, салықтарды төлеушілермен есептеледі.
2. Кеден баждарын, салықтарды өндіріп алу кезінде, төлеуге жататын кеден бажы, салықтардың сомасын есептеу, онда кеден баждарын, салықтарды төлеуге жататын, кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органымен жүзеге асырылады.
3. Төлеуге жататын кеден бажының, салықтардың сомасын есептеу, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясы берілген кеден органына, кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасында жүзеге асырылады.
4. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кеден баждарының сомасы, егер өзгесі осы Кодексте айқындалмаса, кеден баждарын және кеден баждары мөлшерлемесінің тиісті түрін есептеу үшін базаны қолдану жолымен анықталады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы, аумағында тауарлар кедендік рәсімге орналастырылатын, немесе аумағында тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізудің фактісі айқындалған, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталады.
5. Осы Кодекстің 84-бабының 2-тармағының екінші бөлігімен белгіленген жағдайларда, кеден баждарының, салықтардың сомасы, олар төлеуге жататын, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.
6. Шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының, салықтардың жалпы сомасы, егер шетелдік тауарлар осы Кодекстің 74-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктерді (бұдан әрі - кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер), өсімпұлдарды және кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік салықтардың, баждардың ставкаларының өзгеруі салдарынан ұлғаятын Жадайларды қоспағанда, шетелдік тауарларға осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсім мәлімделген кезде кеден органы кедендік декларация қабылдаған күні қолданыстағы кедендік баж, салық ставкалары қолданылатын жағдайларды қоспағанда пайыздарды есептеместен ішкі тұтыну үшін шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
77-бап. Кеден баждарының, салықтардың ставкасын қолдану
1. Кеден баждарын, салықтарды есептеу мақсаты үшін, егер өзгесі осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен көзделмесе, кеден органының кедендік декларацияны тіркеу күніне қолданыста болатын ставкасы қолданылады.
2. Кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаты үшін, егер өзгесі осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен көзделмесе, кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкасы қолданылады.
Кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаты үшін, үшінші елдерге қатысты әкетілім кеден баждарын қолдану мәселесін реттейтін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының Комиссиясымен құралатын, тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген ставкалар қолданылады.
Салықтарды есептеу мақсаты үшін, егер өзгесі осы тармақпен көзделмесе, тауарлар оның аумағында кедендік рәсімдерге орналастырылатын немесе оның аумағында тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізудің фактісі айқындалған, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген ставкасы қолданылады.
Салықтарды есептеу мақсаты үшін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленген тәртіппен кедендік транзит рәсімі бойынша белгіленген (расталған) тауарлар кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің аумағында болса кеден одағына қатысушы осы мемлекеттің заңнамасымен белгіленген ставкалар қолданылады.
78-бап. Кеден баждарын, салықтарды есептеу мақсаты үшін шетел валютасын қайта есептеу
Егер кеден баждарын, салықтарды есептеу мақсаты үшін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін, кедендік декларация ұсынылған кеден органына, кеден одағына мүше мемлекеттің валютасына шетел валютасын қайта есептеу талап етілген жағдайда, егер де өзгесі осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен көзделмесе, кеден одағына қатысушы бұл мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген және кеден органының кедендік декларацияны тіркеу күніне қолданыста болған валюта курсы қолданылады.
79-бап. Кеден баждарын, салықтарды төлеушілер
Осы Кодекспен, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер жүктелген декларант немесе өзге де тұлғалар кеден баждарын төлеушілер болып табылады.
80-бап. Кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді қалпына келтіру және тоқтату. Кеден баждарын, салықтарды төлемеу жағдайлары
1. Кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 81, 161, 166, 172, 197, 211, 214, 227, 228, 237, 250, 261, 274, 283, 290, 300, 306, 360-баптарына сәйкес туындайды.
2. Кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мына жағдайларда тоқтатылады:
1) осы Кодексте белгіленген мөлшерде кеден баждарын, салықтарды төлеу немесе өндіріп алу;
2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған, кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді ұсына отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру;
3) авария салдарынан немесе ырық бермейтін күштің әрекеті салдарынан немесе тасымалдаудың бірқалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде шетел тауарларын жою;
4) егер кеден баждарының, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері, кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындау сәтіне қолданылатын кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған аумақта, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта курсы бойынша бес евро эквивалентінің сомасынан аспайды;
5) егер де кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер, тауарларды мемлекет иелегіне бас тартудың кедендік рәсіміне орналастыруға кедендік декларацияны тіркегенге дейін туған жағдайда, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыру;
6) кеден одағына қатысушы бұл мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің меншігіне айналдыру;
7) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, тауарлардың құнын есебінен, өндіріп алуды тауарларға айналдыру;
8) мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыруға кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты тауарларды шығарудан бас тарту;
9) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте оны өндіріп алуға үмітсіз деп табу және есептен шығару кезінде;
10) осы Кодекс кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатуды байланыстыратын жағдайлардың туындауы.
3. Кеден баждары, салықтар:
1) тиісті кедендік рәсім шартын сақтаған кезде осындай төлеуді көздемейтін, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде;
2) кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындайтын сәтіне қолданылатын, кеден органдарымен осындай тауарларды шығару жүзеге асырылатын, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жалпы кедендік құны белгіленетін валюта курсы бойынша 200 (екі жүз) евро эквивалентінің сомасынан аспайтын, жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, бір көлік құралы( тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының адресіне тауарларды әкелу кезінде;
3) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалған жағдайларда тауарларды жеке пайдалануға өткізу кезінде;
4) егер осы Кодекске, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тауарлар кеден бажын, салықтарды салудан босатылса (кеден баждары, салықтар салынбаса) және осындай босату ұсынылуына байланысты шарттарды сақтау кезінде төленбейді.
4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
осы Кодекстің 202-бабының 2-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес;
осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік рәсімдер белгіленген кезде туындайды және тоқтатылады.
81-бап. Кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы және тоқтатылуы және тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде оларды төлеу мерзімдері
1. Тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу кезінде туындайды.
Тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде әкетілім кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды кеден одағының кеден аумағынан әкету кезінде туындайды.
2. Тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, тауарларды заңсыз өткізетін тұлғаларда да, тауарларды заңсыз өткізуге қатысатын тұлғаларда ортақ, егер олар осындай өткізудің заңсыздығын білсе немесе білу керек болса ортақ туындайды, тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу кезінде - егер олар сатып алу сәтіне әкелудің заңсыздығы туралы білсе немесе білу керек болса, заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне алған немесе иелігіне алған тұлғаларда туындайды.
3. Тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларда тоқтатылады.
4. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарлар кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген кезде тауарлардың кедендік шекарадан өткізілген күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, - тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін анықталған күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Тауарлар кедендік шекара арқылы дұрыс декларацияланбай заңсыз өткізілген жағдайда, кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, кеден органының тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кеден баждары, салықтар мына жағдайда төлеуге жатпайды:
1) кеден органымен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жүзеге асырылатын және кедендік шекара арқылы тауарлармен қиып өту күнінде әрекет ететін, ал егер осындай күн орнатылмаса, кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтар және валютаның курстарының ставкаларынан шыға отырып, тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алусыз, ішкі пайдалануға шығару кедендік рәсімі арқылы осындай тауарларды тасымалдау кезінде төлеуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтардың тиісті сомаларының мөлшерінде кедендік аумаққа тауарларды әкелу кезінде;
2) кеден органымен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жүзеге асырылатын және кедендік шекара арқылы тауарлармен қиып өту күнінде әрекет ететін, ал егер осындай күн орнатылмаса, кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтар және валютаның курстарының ставкаларынан шыға отырып, тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алусыз, ішкі пайдалануға шығару кедендік рәсімі арқылы осындай тауарларды тасымалдау кезінде төлеуге жататын кедендік әкелу баждар, салықтардың тиісті сомаларының мөлшерінде кедендік аумаққа тауарларды шығару кезінде.
Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, тауарлар кедендік шекара арқылы дұрыс декларацияланбай заңсыз өткізілген жағдайда, кедендік баждар, салықтар кеден органы тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні осындай тауарларды өтінім берілген кедендік рәсімге орналастырған кезде дұрыс мәліметтер негізінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына сәйкес мөлшерде төлеуге жатады. Бұл ретте кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал кедендік баждардың, салықтардың артық төленген (өндіріп алынған) сомалары осы Кодекске сәйкес қайтаруға жатады.
6. Тауарлардың кедендік шекара арқылы заңсыз тасымалдануы кезінде кедендік баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледі.
Төлеуге жататын кедендік баждар, салықтардың сомасын анықтау, тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары, саны, шыққан елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді кеден органына ұсыну мүмкін болмай отырса, кедендік баждардың, салықтардың сомасы, кедендік баждардың ставкаларының ең көптігімен, сондай-ақ қолда бар мәліметтердің негізінде анықталуы мүмкін тауарлардың саны және (немесе) құнының көптігімен анықталады.
Тауарлар туралы нақты мәліметтердің салдарын анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару немесе осы Кодекстің 13 және 14 тарауларына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүргізіледі.
11-тарау. Кеден баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері мен тәртібі
82-бап. Кеден баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері
1. Кеден баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 81, 161, 166, 172, 197, 211, 214, 227, 228, 237, 250, 261, 274, 283, 290, 300, 306, 344 және 360-баптарымен айқындалған.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері:
кедендік рәсімдер осы Кодекстің 202-бабының 2-тармақшасына сәйкес белгіленген кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына;
кедендік рәсімдер осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.
3. Осы Кодекстің 194-бабына сәйкес кедендік декларациялау ерекшеліктері анықталған тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады, кеден одағына қатысушы осындай мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
83-бап. Кеден төлемдерін,салықтарды төлеу мерзімін өзгерту