2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын деректерге осы Кодекстің 8-бабының ережесі таралады.
6-тарау. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы.
Тауарларды жіктеу
50-бап. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің шараларын, кедендік статистиканы жүргізуді жүзеге асыру үшін қолданылады.
51-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімді кеден қызметтерінің ұсыныстары негізінде белгіленген тәртіппен Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.
4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізуді оның ішінде:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізінің өзгерісіне, осы негізге түсініктеме беру және оны түсіндіру бойынша басқа шешімдеріне мониторингті;
2) Кеден одағының комиссиясына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізуді;
3) Кеден одағының комиссиясына оның халықаралық негізінің кезекті нұсқасына көшу кезінде тауар позициясы, қосалқы позициясы және кіші қосалқы позициясы деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкестік кестесін құруды және жіберуді;
4) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жариялауға дайындауды және оған түсініктемелерді Кеден одағының комиссиясына жолдауды;
5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу үшін қажетті өзге де функцияларды Ресей Федерациясы атқарушы билігінің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
52-бап. Тауарларды жіктеу
1. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктелуге жатады.
2. Тауарларды жіктеу дұрыстығын тексеруді кеден органдары жүзеге асырады.
3. Тауарлардың дұрыс жіктелмегені анықталған жағдайда кеден органы тауарларды дербес жіктеуді жүзеге асырады және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған нысан бойынша шешім қабылдайды.
Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдеріне осы Кодекстің 9-бабына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
4. Осы Кодекстің 180-бабының 4-тармағында айқындалған жағдайлардан басқа, коммерциялық, көліктік (тасымалдаушылық) және (немесе) өзге құжаттарда, сондай-ақ сарапшылық мекемелер беретін қорытындыларда, анықтамаларда, сараптама актілерінде көрсетілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтары тауарларды жіктеу үшін міндетті болып табылмайды.
5. Кеден органдары осы тарауға сәйкес тауарлардың жіктелуі бойынша алдын ала шешімдер қабылдайды.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған кеден органдары олардың жариялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша шешім қабылдауы және түсініктеме алуы мүмкін.
Мұндай шешімдер немесе түсініктемелер оның кеден органы қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды декларациялау кезінде міндетті болып табылады.
7. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын бірыңғай түсіндіруді қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағының комиссиясы кеден органдарының ұсыныстары негізінде тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер мен түсініктемелер қабылдайды және жариялайды.
Тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу, оларды қарау және кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарымен тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөніндегі шешімдер мен түсініктемелердің жобаларын келісу туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөніндегі шешімдер мен түсініктемелерді қабылдағаннан кейін осы тауарларға қатысты осы баптың 6-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған шешімдер мен түсініктемелер олардың күшін жоюға немесе өзгерістер енгізуге жатады.
53-бап. Алдын ала шешім қабылдау тәртібі
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы баппен, осы Кодекстің 54-57-баптарымен, ал көрсетілген баптармен айқындалмаған бөлігінде - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешімді кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталған кеден органдары қабылдайды.
3. Алдын ала шешімді тауарларды шығару жүзеге асырылатын кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органы қабылдайды. Алдын ала шешім кеден органы алдын ала шешім қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды декларациялау кезінде міндетті болып табылады.
4. Алдын ала шешім тауардың белгілі бір маркасын, моделін, артикулы мен модификациясын қамтитын әрбір атауына қабылданады. Алдын ала шешімнің нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
5. Алдын ала шешімнің нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
6. Өтініш беруші алдын ала шешімді жоғалтқан жағдайда, кеден органы өтініш беруші бұдан бұрын алған алдын ала шешімнің телнұсқасын ұсынады.
7. Кеден органдары осы Кодекстің 124-бабына сәйкес алдын ала шешімдерді қабылдауға қатысты ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
54-бап. Алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш
1. Алдын ала шешімді тұлғаның жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде берген өтініші (бұдан әрі осы тарауда - өтініш беруші) негізінде кеден органы қабылдайды.
2. Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін өтініште мынадай ақпарат: толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары және тауарларды нақты жіктеуге мүмкіндік беретін өзге де ақпарат. Қажет болған жағдайда алдын ала шешім қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың төлқұжаттары, тауарлардың сынамалары және үлгілері болуы тиіс.
3. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, өтініш беруші ұсынған мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден органы өтініш берушіге кеден органына өтінішті берген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күнінен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы қажет. Егер ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаса, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш қабылданбайды.
55-бап. Алдын ала шешімді қабылдау және оның қолданылу мерзімдері
1. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бұдан аз мерзім белгіленбесе, алдын ала шешім өтініш кеден органында тіркелген күнінен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Осы Кодекстің 54-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген мерзім уақыты тоқтатыла тұрады және кеден органы сұрау салынған мәліметтері бар соңғы құжатты алған күнінен бастап қайта есептеледі.
2. Алдын ала шешім өзгертілмеген, қайтарылмаған, не осы Кодекстің 56-бабына сәйкес оның қолданылуы тоқтатылмаған жағдайда оны қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жыл ішінде әрекет етеді.
56-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару
1. Кеден органы өзі не төмен тұрған кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім қабылдай алады.
Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім өтініш берушіге алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі.
2. Егер кеден органы өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдау үшін жалған құжаттар, дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаса алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданады.
Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім осындай алдын ала шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
3. Алдын ала шешімді өзгерту мынадай жағдайларда жүргізіледі:
кеден органы немесе өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдаған кезде жіберілген кемшіліктерді анықтағанда;
кеден органдары осы Кодекстің 52-бабының 6-тармағына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер немесе түсініктемелерді қабылдағанда.
Кеден органының алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімі алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген мерзімде күшіне енеді.
4. Алдын ала шешім мынадай жағдайларда кері қайтарылады:
тауарлардың жіктелуіне әсер ететін, оларға қатысты алдын ала шешім қабылданған Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізілгенде;
Дүниежүзілік кеден ұйымы кеден одағына мүше мемлекеттер қолданылатын тауарларды жіктеу жөнінде шешімдер қабылдағанда;
Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер мен түсініктемелер қабылдағанда.
Алдын ала шешімді кері қайтару туралы шешімді кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешімдері мен түсініктемелері жарияланғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылдайды және осындай шешімдермен бір мезгілде күшіне енеді.
5. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару туралы шешім алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей кеден органдардың назарына жеткізіледі.
57-бап. Алдын ала шешімдердің жариялылығы
Алдын ала шешімдер, мемлекеттік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты не мүдделі тұлғаға қатысты басқа да құпия ақпаратты қоспағанда, Интернет желісінде Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында орналастырылады.
7-тарау. Тауарлардың шығарылған елі
58-бап. Тауарлардың шығарылған елі туралы жалпы ережелер
1. Тауар толық өндірілген немесе кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел тауарлардың шығарылған елі болып есептеледі. Бұл ретте тауарлардың шығарылған елін анықтау мақсаты үшін оларды бөлу қажеттілігі бар болса, тауарлардың шығарылған елі ретінде елдер тобы не елдердің кеден одақтары не елдің өңірі немесе бір бөлігі қарастырылуы мүмкін.
2. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тауарлардың шығарылған еліне тәуелді болған барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған елін анықтау жүргізіледі.
3. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кеден одағына мүше мемлекеттердің тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелерін реттейтін халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау кеден одағына осындай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен тауардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдауы мүмкін.
59-бап. Тауарлардың шығарылған елін растау
1. Тауарлардың шығарылған елін растау үшін кеден органы тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.
2. Тауардың шығарылуы туралы декларация немесе тауардың шығарылуы туралы сертификат тауардың шығарылған елін растау құжаттары болып табылады.
60-бап. Тауардың шығарылуы туралы декларация
1. Тауарлардың шығарылуы туралы декларация онда тауарлардың шығарылған елін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілген жағдайда тауарларды шығаруға байланысты дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші жасаған тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімдемені білдіреді. Осындай декларация ретінде тауарларға қатысы бар коммерциялық немесе кез келген басқа да құжаттар қолданылады.
2. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтер олардың қолданылуы тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелерінің мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше өлшемдерге негізделген болса, тауарлардың шығарылған елі осы халықаралық шарттарда анықталған өлшемдерге сәйкес анықталады.
61-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат
1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат - тауарлар шығарылған ел туралы нақты куәландыратын және егер әкету сертификат тауарлардың шығарылған елінен алынған мәліметтер негізінде берілсе, аталған елдің уәкілетті органдары немесе ұйымдары немесе әкету елі берген құжат.
Егер тауарлардың шығарылуы туралы сертификатта тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтер олардың қолданылуы тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелерінің мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше өлшемдерге негізделген болса, тауарлардың шығарылған елі осы халықаралық шарттармен анықталған өлшемдерге сәйкес анықталады.
2. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шығарылған кезде тауардың шығарылуы туралы сертификатты, егер аталған сертификат келісім-шарттың талаптары бойынша, тауарларды әкелу елінің ұлттық ережелері бойынша қажет болса немесе егер аталған сертификаттың бар болуы халықаралық шарттарда көзделген болса, кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары немесе ұйымдары береді.
Тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген уәкілетті органдар мен ұйымдар, олардың негізінде тауарлардың шығарылуы куәландырылған расталатын оның көшірмесін және өзге де құжаттарды ол берілген күнінен бастап кемінде 3 (үш) жыл сақтауға міндетті.
3. Тауардың шығарылуы туралы сертификат кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кезінде ұсынылатын кедендік декларациямен және басқа да құжаттармен бірге ұсынылады. Сертификат жоғалған жағдайда, оның ресми расталған телнұсқасы қабылданады.
4. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификат кеден одағының кедендік заңнамасында оны ресімдеуге және (немесе) толтыруға қойылатын талаптарды бұзып ресімделген болса кеден органы тарифтік преференцияларды ұсыну үшін негіз ретінде осындай сертификатты қарастырудан бас тарту туралы шешімді дербес қабылдайды.
5. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген уәкілетті органдарға немесе ұйымдарға қосымша құжаттарды немесе нақтылайтын мәліметтерді ұсыну өтінішімен жүгінуге құқығы бар. Мұндай өтініш тауарларды кедендік рәсімге орналастырған кезде мәлімделген, олардың шығарылуы туралы мәліметтердің негізінде тауарларды шығаруға кедергі келтірмейді.
62-бап. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды ұсыну
1. Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде, егер кеден одағының аумағындағы осы тауарлар шығарылған елінде кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтік преференциялар ұсынылатын жағдайда тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ұсынылады. Аталған жағдайда, тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат, кеден органына кедендік декларацияны ұсынумен бірге ұсынылады. Бұл ретте тарифтік преференцияларды ұсыну кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес анықталған нысан бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсыну қажеттілігіне негізделуі мүмкін.
Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын және (немесе) тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға әсер ететін тауарлардың шығарылу елі туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес болып табылатын белгілер анықталған кезде кеден органдары тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты ұсынуды талап етуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерінен тыс тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат:
1) егер кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тауарлардың шығарылған елі тауарлары кеден органы кеден одағының кедендік заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе оның аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған ел болып табылатын белгілері анықтаған жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатумен кедендік транзит кедендік рәсіміне немесе уақытша әкелу кедендік рәсіміне мәлімделген кезде;
2) егер жеке тұлғалар тауарларды осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес кедендік шекара арқылы тасымалдаса;
3) егер кедендік шекара арқылы өткізілетін, бір уақытта және бір тәсілмен, және бір жөнелтуші бір алушының атына жөнелткен тауарлардың жалпы кедендік құны Кеден одағының комиссиясы бекіткен сомадан аспаса;
4) кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.
63-бап. Тауарларды олардың шығарылған елін анықтау кезінде кедендік рәсімге орналастырудың қосымша шарттары
1. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, егер оларды ұсыну тарифтік преференцияларды ұсыну үшін міндетті болып табылатын болса, осындай тауарларға қатысты аталған баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер топтарына) ұсынылатын режимнен өзге (бұдан әрі - неғұрлым қолайлы ұлттың режимі), одан кем емес қолайлы режимді ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелері бар шетел мемлекеттерінің аумағынан шығарылған (шетел мемлекеттерінің топтары) тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждар төлеуге жатады.
2. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмауының өзге де жағдайларында не ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеген белгілері табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды немесе нақтылайтын мәліметтерді ұсынғанға дейін жалған мәліметтері бар болған жағдайда:
1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі неғұрлым қолайлы ұлттың режимін ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шетел мемлекеті (шетел мемлекеттерінің топтары) болып табылатын белгілерін анықтаса, ұлттың ең қолайлы тәртібін ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шетел мемлекетінің аумағынан шығарылған (шетел мемлекеттерінің топтары) тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуге жататын, не көрсетілген ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылған тауарларға қатысты;
2) кедендік рәсімге тауарларды орналастыру, егер кеден органы одан тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел екенін көрсететін белгілерді анықтаса, декларант белгіленген шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынған немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы бажды не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз ету, кедендік әкелу баждардың төленуін қамтамасыз ету үшін осы Кодекспен көзделген тәртіпте жүргізіледі;
3) кедендік ресімдеуге тауарларды орналастыру, егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі, оның тауарлары кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған елді көрсетуі мүмкін белгілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін осы тауарлардың шығарылған елі расталатын жағдайда, тарифтік артықшылықтарды ұсыну режимі немесе неғұрлым қолайлы ұлттың режимі қолданылады (орнына келтіріледі). Бұл жағдайда әкелу кедендік баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 13-тарауына сәйкес қайтаруға (есептеуге) жатады.
8-тарау. Тауарлардың кедендік құны
64-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер
1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес анықталады. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны кеден органына тауарларды кедендік декларациялау жүргізілетін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталады.
2. Егер тауарлар кедендік шекарадан іс жүзінде кесіп өтсе және осындай тауарлар кедендік шекарадан кесіп өткеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, алғашқы рет кедендік рәсімге орналастырылса, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың кедендік құны анықталады. Кедендік рәсім өзгертілген кезде тауарлардың кедендік құны егер кеден одағының кедендік заңнамасында өзге де белгіленбесе, олар кедендік шекараны іс жүзінде қиып өткеннен кейін кедендік рәсімге олар бірінші орналастырылған кезде кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталған тауарлардың кедендік құны болып табылады.
3. Тауарлардың кедендік құнын декларант немесе декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы анықтайды.
4. Аталған тараудың ережесі кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға таралмайды.
5. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде оны есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты олардың кедендік құнының нақты көлемін айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларантта бар құжаттар мен мәліметтердің негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
65-бап. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
1. Тауарлардың кедендік құнын декларациялауды, осы Кодекстің 27-тарауымен және осы тарауға сәйкес тауарларды кедендік декларациялаудың шеңберінде декларант жүзеге асырады.
2. Әкелінетін тауарларды декларациялау, тауарлардың кедендік құнын анықтаудың әдісі туралы, тауарлардың кедендік құнының көлемі туралы, тауарлардың кедендік құнын анықтауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәмілелердің жағдайлары және шарттары туралы мәліметтерді жариялау, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер кедендік құнының декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсатқа қажетті мәліметтер болып табылады.
Кедендік құнды декларациялау нысандары мен оларды толтыру ережесі Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітіледі.
Кедендік құн декларациясы тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда кедендік құн декларациясы толтырылмаса әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің дұрыс еместігін, не жарияланған мәліметтер тиісті дәрежеде расталмағанын көрсететін белгілер анықталған кезде, кеден органы кедендік құн декларациясын ұсынуды дәлелді түрде талап етуге құқылы.
4. Тауарлардың мәлімделген кедендік құны және оны анықтауға қатысты ұсынылатын мәліметтер, дұрыс, сандық жағынан анықталатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуі тиіс.
5. Декларант, немесе декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, кедендік құн декларациясында дұрыс емес мәліметтерді көрсеткені және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, осы Кодекстің 188-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жауап береді.
66-бап. Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасау
Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасау, тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен, кедендік бақылауды жүргізу аясында кеден органымен жүзеге асырылады.
Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасауды жүзеге асырудың тәртібі Кедендік одақ комиссиясының шешімімен орнатылады.
67-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім
Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасауды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша кеден органы Кеден одағының комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен және нысанда декларанттың назарына жеткізілетін, осы Кодекстің 68-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың жарияланған кедендік құнын қабылдау туралы шешім не тауарлардың жарияланған кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.