Өсімдіктер карантині туралы
1999 ж. 11 ақпандағы № 344-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;
1-1) бөтен текті түр Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;
3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;
4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі;
5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
6) карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
9) карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;
9-1) қарап-тексеру карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау;
9-2) құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау — карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттарында карантинді объектілерді әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат беруге өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру;
9-3) құқық шектеу шарасы өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданатын карантиндік шара;
9-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
9-5) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
13) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
15) фитосанитариялық бақылау бекеті уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттерінің (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жерлерде орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағын шет елдерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұpy және мүлікті сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөніндегі шараларды орындауға белсене қатысуы;
5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері бар ведомствосымен қоса алғанда уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен ; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар;
жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер;
республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;
4) фитосанитариялық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
5) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган кіреді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
2) өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрады;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Уәкілетті органның құзыретi
1. Уәкiлетті орган:
1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және iске асырады;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
3) үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
4) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
5) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;
6) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
8) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
9) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді әрі олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
12) өздеріне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
13) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады және мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;
14) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi әзірлейді және бекiтедi;
15) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;
16) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалардың талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi және жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
18) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
19) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды;
20) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
21) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
22) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
23) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
24) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
25) әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда - үлгiлерiн алу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;
26) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
27) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
28) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
29) мынадай:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;
30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
31) интродукциялық-карантиндiк питомниктерде импорттық себетін материал және отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлер және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
32) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;
33) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
34) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
35) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
37) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
Ведомствоның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшелерінің басшылары тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
3. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
4. Уәкілетті органның өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімі лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндеттерді шешуіне жәрдемдесуге міндетті.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-1-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды.
2. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.
3. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-2-баппен толықтырылды; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 7-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк монополия
1. Карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою мемлекеттік монополияға жатады және оны өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болып табылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.