Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 893 қаулысы
(2008.12.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
мәтіндегi:
«Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі», «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің», «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі», «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігімен», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгiмен», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi» деген сөздермен ауыстырсын;
9-тармақтың 2) тармақшасында "экспорт пен импортқа лицензия алуға негiз беретiн" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақтың 1), 6) тармақшалары алынып тасталсын;
44-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің келісім-хаты (дәрі-дәрмек құралдары болып табылмайтын прекурсорларды әкелу жағдайында)";
47-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) "есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға) лицензияны;";
48-тармақта:
«Импорт/экспортты жүзеге асыру құқығына» деген сөздер «есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға)» деген сөздермен ауыстырсын;
«алушы елге жiберiледі» деген сөздер «алушы елдiң уәкiлетті органына жiберіледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетi туралы ережеде:
11-тармақтың 2) тармақшасында «, сондай-ақ экспорттық және импорттық операциялар туралы шешімдерді келіседі» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |