Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 695 қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
11-тармақтың 21) тармақшасы «лицензиялауды» деген сөзден кейін», соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою» деген сөздермен толықтырылсын;
3) «Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесінде:
3-тармақта:
жетінші абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі»;
9-тармақтың 2-тармақшасында «есірткі құралдары,»деген сөздердің алдынан «денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі»;
2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:
өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады;
өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.».
20-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.»;
22-тармақтың 5) тармақшасында «есірткі құралдары» деген сөздердің алдынан «денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа» деген сөздермен толықтырылсын.»;
47-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
55-тармақтың 1) тармақшасында «өндіруші кәсіпорын» деген сөздердің алдынан «дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда» сөздермен толықтырылсын:
63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«медициналық ұйымдарға.»;
119-тармақтың бірінші абзацында «пайдалану-»деген сөзден кейін «соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарындағы қосымшаларда:
«Берілді» деген жолдағы «лицензиаттың» деген сөзден кейін «филиалының, өкілдігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
қосымшаларға сәйкес Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия нысанымен және оған қосымшамен толықтырылсын;
4) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
11-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
ҚР елтаңбасы
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
Мемлекеттік лицензия
_______________________________________________________ берілді
лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы, Е-mail
Лицензия кімге берілген, Т.А.Ә. _______________________________
Қоса беріліп отырған Қосымшаға сәйкес _________________________
____________________________________________________ айналысуға
(«Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар
және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуын
іс-әрекет шаралары туралы» ҚР Заңына сәйкес түрінің атауы)
Лицензияны қолданудың ерекше шарттары ________________________
Лицензиар-орган ______________________________________________
(лицензиар органының толық атауы)
Басшысы _______________________________________ _____________
(лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Лицензия берілген күн 200__жылғы»___»_______________________
Лицензияның нөмірі ___________________________________________
Лицензияның қолданылу мерзімі ________________________________
Мөр орны ___________ қаласы
№ 00000
Түсі күңгірт-жасыл
12-қосымша
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
мемлекеттік лицензияға
қосымша
200__жылғы»___"_____№
(лицензиясыз жарамсыз)
_________________________________________________________________
лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы
Мекен-жайында орналасқан ____________________________ объектісіне
дәріхана ұйымының түрі
_________________________________________________ берілді
Олардың шегінде 200__ жылға арналған айналым жүзеге асырылатын,
құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
бар дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі мен саны
_________________________________________________________________
Атауы Саны
_________________________________________________________________
1 2
_________________________________________________________________
1.
_________________________________________________________________
2.
_________________________________________________________________
3. және т.б.
_________________________________________________________________
Қосымшаны берген орган __________________________________________
(лицензиялайтын органның толық атауы)
Басшысы __________________________________________ _____________
(лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Берілген уақыты 200___жылғы»__"_________
________________
Қосымшаның нөмірі _______________________________________________
Қолданылу мерзімі _______________________________________________
Мөр орны __________ қаласы
,