Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 17, 91-құжат):
178-2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi өткенге дейiн табыс етіледі.
Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын ұсынады.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкасы», «ставкаларының», «ставкаларын», «ставкасынан», «ставкасымен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемесімен» деген сөздермен, «проценттік», «проценті», «процент», «процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызы», «пайыз», «пайызынан», «пайыздан», «пайызбен», «пайыздар», «пайызына», «пайызды» деген сөздермен, «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) мазмұны мынадай мазмұндағы 39-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар»;
3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 62-2) тармақшамен толықтырылсын:
«62-2) өңірдің салықтық әлеуеті - бұл үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерлерін белгілеу кезінде өңірдің кіріс көлемдерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы;»;
4) 33-баптың 1-тармағы сегізінші абзацындағы «салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлiнедi.» деген сөздер «салуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«нысаналы аударымға бағытталған бағдарламалар болып бөлiнедi.»;
5) тармақша 2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық бюджеттерге және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мынадай түсімдер:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер болып табылады.»;
«6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;
6) 39-1-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.»;
«4. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.
Дербес бiлiм беру ұйымдары бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.»;
7) мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:
«39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
1. Қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.
2. Нысаналы аударым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
3. Нысаналы аударым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.
4. Нысаналы аударым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.
5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.
6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;
8) 52-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;»;
9) тармақша 2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
9) 54-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
10) тармақша 2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
10) 56-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен қаржыландырылатын елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қоспағанда, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;»;
11) 67-баптың 12-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
12) - 14) тармақшалары 2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
12) 72-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;»;
13) 73-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;»;
14) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді аударуды ай сайынғы негізде, осы Кодекстің 35-бабының 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың нақты түсімін және артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) ескере отырып, жүзеге асырады.
Осы Кодекстің 35-бабының 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомаларынан артық, өткен қаржы жылындағы түсімдері ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде ескеріледі.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат, № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларды», «ставкалар», «ставкасы», «ставкаларын», «ставка», «ставканың», «ставканы», «ставкалары», «ставкасының», «ставкасын», «ставкамен», «ставкасынан», «ставкаларының», «ставкадан», «Ставка», «Ставкалар», «ставкаларға», «ставкасына», «ставканың», «ставкасының», «ставкалардың», «ставкаларына», «Ставкасы» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлеме», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемені», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемемен», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемеден», «Мөлшерлеме», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерге», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелеріне», «Мөлшерлемесі» деген сөздермен, «резидент еместің», «резидент емеске», «резидент емес», «Резидент емес», «Резидент еместің», «резидент еместер», «резидент еместердің», «Резидент еместердiң», «резидент еместi», «Резидент еместер», «резидент емеспен», «резидент еместен», «Резидент еместермен», «резидент еместе», «резидент еместен», «Резидент емеске», «резидент емесі», «Резидент еместі», «резидент еместерге»,«резидент еместерді» деген сөздер тиісінше «бейрезиденттің», «бейрезидентке», «бейрезидент», «Бейрезидент», «Бейрезиденттің», «бейрезиденттер», «бейрезиденттердің», «Бейрезиденттердiң», «бейрезиденттi», «Бейрезиденттер», «бейрезидентпен», «бейрезиденттен», «Бейрезиденттермен», «бейрезидентте», «бейрезиденттен», «Бейрезидентке», «бейрезиденті», «Бейрезидентті», «бейрезиденттерге», «бейрезиденттерді» деген сөздермен, «проценттік», «процентпен», «процентінен», «проценті», «процентін», «процентсіз», «процент», «процентті», «процентімен», «процентке», «процентіне», «проценттің», «проценттердің», «проценттен», «процентінен» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызбен», «пайызынан», «пайызы», «пайызын», «пайызсыз», «пайыз», «пайызды», «пайызымен», «пайызға», «пайызына», «пайыздың», «пайыздардың», «пайыздан», «пайызынан» деген сөздермен, «жиынтық жылдық» деген сөздер «жылдық жиынтық» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгендiгi» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша «ресми сайтында», «сайтына», «сайтында», «сайттарының», «сайт», «сайттарында», «сайттары» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурстарының», «интернет-ресурс», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
24 және 42-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»;
«42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы»;
мынадай мазмұндағы 43-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«43-1-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату»;
20-тараудың 2-параграфының тақырыбы, 181, 241, 276-20, 276-21-баптардың тақырыптары, 81-тараудың 2-параграфының тақырыбы, 565, 566, 567 және 622-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы»;
«241-бап.Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын айналым»;
«276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі»;
«§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»;
565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою
566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту
567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару»;
«622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу»;
3) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
«20-2) кәсіби медиатор - Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес кәсіби негізде қызметін жүзеге асыратын медиатор;»;
24) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) қайырымдылық көмек - өтеусіз негізде:
жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;
коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында;
әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;
осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік;»;
«31) салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) туроператордың көрсетілетін қызметтері - Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері;»;
4) 14-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың, тұрақты мекеменің, бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына (осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;»;
8) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 20-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:
салық берешегі бар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған;
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеуші (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;»;
6) тармақшаның бірінші - үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 24-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»;
6) тармақшаның төртінші абзацы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
6) тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлігінде айқындалады.»;
7) 39-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада - қосылған құн салығын төлеушіде қайта ұйымдастырылу күніне қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн салығы оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады.
Бұл ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жататын, асып кеткен қосылған құн салығы құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың қалдық құнының үлесіне барабар айқындалады.
Негізгі құралдардың қалдық құны бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады.
Осы тармақ бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайда қолданылады.»;
8) 41-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.»;
«10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 8-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
9) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы
1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде: