Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, № 18-II, 92-бап; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша:
«салық органына», «салық органдарына», «салық органдарының», «салық органында», «салық органының», «салық органы», «салық органдарындағы», «салық органын», «салық органдарын», «салық қызметі органдары», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі органының», «салық қызметі органы», «салық қызметі органдарына»,«салық қызметінің органдары», «салық қызметінің органы» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органында», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарындағы», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органдарын», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеден органынан», «кеден органының», «кеден органын», «кеден органына», «кеден органы», «кеден органдары», «кеден органдарының» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс органынан», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
282, 283 және 288-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
283-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
«288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау»;
20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
320 және 356-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу»;
«356-бап. Мұнай операцияларын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бұзу»;
23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
409, 442, 443 және 519-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу»;
«442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау»;
«519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту»;
629-баптың тақырыбы алып тасталсын;
652-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу»;
652-1, 652-2, 652-3-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
660, 689, 695, 698, 706 және 721-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау»;
«689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган»;
«695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган»;
«698-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган»;
«706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган»;
«721-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет»;
3) 5-баптың бірінші бөлігіндегі «заңды күшiне енбеген» деген сөздер «орындалмаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 32-бапта:
бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 652 және 680-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
«3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен әскери және арнайы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Әкімшілік жазаны қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдарға әкімшілік жазалар қолданудың орнына кінәлілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылықтар туралы материалдарды беруге тиіс.»;
5) 50-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік қамаққа алу — отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.»;
6) 52-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзған адамды осы Кодекстің 64-бабында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылуы мүмкін.»;
7) 58-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген, үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, ал әкiмшiлiк қамаққа алу үшін осы Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асыруға болмайды.»;
8) 172-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -»;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату -»;
9) 200-баптың үшінші бөлігінің бірінші, екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:
сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу -»;
10) 274-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы -»;
11) 278-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
12) 282-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну қағидаларын, этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ұсынбау -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын:
1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткiзу;
2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
3) алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайыздан кем градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
7) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы және олардың орнын ауыстыру түрінде жасалған бұзушылық - құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық -
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы шарттарын:
1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен алкоголь өнiмiн өндiру түрiнде жасалған бұзушылық -
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу -
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды лияцензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзім ішінде жоймау -
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды өндіру кезінде өндіріс қуатын пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемін сақтамау —
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Алкоголь өнiмiн денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сақтау және өткізу -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
13) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы -
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы -
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 285-бапта:
бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өз клиентінде осы банкте ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;»;
үшінші бөліктің 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамын жібермеу;»;
«8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбау түрінде орындамауы -»;
15) 288-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редацияда жазылсын:
«3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру -»;
16) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
16) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
17) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
17) 320-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу»;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«5. Кондоминиум объектісін басқару органының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда, екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне арналған ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Кондоминиум объектісін басқару органының кондоминиум объектісін басқару жөніндегі тоқсан сайынғы есеп беру мерзімдерін бұзуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаға - он, заңды тұлғаға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
18) 356-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мұнай операцияларын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргiзу қағидаларын бұзу»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген мұнай операцияларын жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған іздестіру, бағалау жұмыстары жобаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, бағалау жұмыстарының жобасынсыз және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжатынсыз іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан, ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз және (немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда, теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңіздегі қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғада мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның бекітілген жоспарының болмауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.