Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржылық ұйым және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын жағдайда, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.
5. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерiн және тауарлар өткiзу көлемiн белгiлеуге құқылы.
6. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен табыстың (түсiмнің) сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Егер нарық субъектiсi қызметiн бiр жылдан кем мерзiмде жүзеге асырған жағдайда, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.
7. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттар беретiн тұлғалар
1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.
2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларын), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды сатып алатын тұлға бередi.
3. Егер осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.
52-бап. Өтінішхатты беру тәртібі
1. Өтінішхат осы Заңның 53-бабында аталған құжаттар мен мәліметтер қоса тіркеле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жазбаша түрде жасалады.
2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса тіркелген құжаттар дәйекті және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған тұлға өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігі мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.
3. Өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және өтінішхат беруші тұлғаның мөрімен расталады.
Жеке тұлға табыс ететін өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолымен расталады.
4. Табыс етілетін құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Заңның 53-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып табыс етіледі. Тармақтың және тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі.
Толық ақпарат табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалау немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі.
5. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен табыс етіледі.
6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін табыс етіледі.
Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін табыс етіледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілгеннің алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзім ішінде жұмыс істеген жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісінің қызметті жүзеге асыруы басталғаннан бергі уақыт үшін табыс етіледі.
7. Нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасында тауарлар өндіру көлемдері туралы, өткізу туралы, тауарлар экспорты мен импортының көлемі туралы мәліметтері өтінішхат берілген жылдың алдындағы екі қаржы жылы үшін, жыл басынан бастап ағымдағы кезең үшін табыс етіледі, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен кейінгі үш жылға арналған болжам табыс етіледі.
Егер нарық субъектісі қызметін өтінішхат берілген кезге қарай екі жылдан аз уақытта жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруы басталғаннан бергі уақыт үшін табыс етіледі.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8-тармағының бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді
8. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Заңмен қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарауға қатысуға құқылы.
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарауға үшінші тұлғаларды тарту мәселесін монополияға қарсы орган шешеді, ол туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатқа қоса берiлетiн құжаттама
1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға ұсыну үшiн қажеттi құжаттамада:
1) тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;
2) қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
6) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
9) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы қамтылады.
2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-қимылдар жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
3. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
4) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;
5) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;
6) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
4. Шетелдiк заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды:
1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;
2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;
3) егер сатып алушының - шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді.
5. Осы Заңның 49-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты осы Заңның 54-2-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсына отырып, тиісті құқықтарды сатып алатын тұлға береді.
6. Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергi келтiретiн болса, монополияға қарсы орган оларды нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттiк органдардан сұратуға құқылы.
Монополияға қарсы орган ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн мерзiм күнтiзбелiк он күннен кем болмауға тиiс.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхаттарды қарау мерзiмдерi
1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхатты берушi тұлғаны өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк елу күннен аспауға тиiс.
3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхатты берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
6. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, ол жөнінде өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 54-1-баппен толықтырылды
54-1-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi
Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасасқан нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Заңның 50-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.
Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.
Монополияға қарсы органды:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерiнің, байқаушы кеңестерiнің немесе басқарудың басқа да органдарының құрамына кіретін жеке тұлғаның олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындауы жағдайында аталған жеке тұлға;
2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiнiң орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденіп алатын (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарттың, бiрлескен қызмет туралы шарттың, тапсырма шартының негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 54-2-баппен толықтырылды
54-2-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
1. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) өздерiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын болса, оған тыйым салынады.
56-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат бойынша шешім
1. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;
2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға, ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де жіберіледі.
3. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестікке теріс ықпалын жоятын немесе бәсеңдететін белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін. Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.
4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішхат береді.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған дәйексіз ақпарат негізінде қабылданса, мұның өзі заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары монополияға қарсы органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе оған тыйым салу туралы шешімін қайта қарауы мүмкін.