Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 Қаулысы
(2013.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі;
2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 630-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 329-құжат);
3) «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 492-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 969 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 451 қаулысымен
бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің
тізбесі
Р/с № | Әмбебап қызметтердің атауы | Қолжетімділік деңгейі |
1 | 2 | 3 |
1. | Жергілікті телефон байланысы қызметтері | Елді мекендерде* жеке** және/немесе ұжымдық*** қолжетімділік ұйымы |
2. | Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке** сымсыз қолжетімділік қызметтері (01.01.2015 жылдан бастап кемінде 1536 Кбит/с) | Елді мекендерде*: 2013 жылы аудан орталығы мәртебесі бар және одан жоғары; 2014 жылы тұрғындар саны 3000 және одан да көп; 2015 жылға қарай барлық елді мекендерде* |
3. | Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық*** қолжетімділік қызметтері | Елді мекендерде*: 2013 жылы тұрғындар саны 3000 және одан да көп; 2014 жылы тұрғындар саны 1000 және одан да көп; 2015 жылға қарай барлық елді мекендерде* |
Ескертпе:
* Елді мекен «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес айқындалады.
** Жеке қолжетімділік:
1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін абоненттік желіні телефон желісіне қосу арқылы іске асырылады;
2) Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметін көрсету үшін абоненттік құрылғыны ұсынумен сымсыз арнайы ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
*** Ұжымдық қолжетімділік:
1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін мынадай тәсілдердің бірімен іске асырылады:
таксофондарды орнату;
осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады);
2) Интернет желісіне ұжымдық қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру арқылы (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес айқындалады) іске асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 451 қаулысымен
бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету кезінде әмбебап қызмет көрсету операторы (бұдан әрі - Оператор) шеккен шығындарды өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау тәртібін (бұдан әрі - Субсидиялар) анықтайды.
2. Селолық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар, егер бұл конкурс нәтижелерімен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді осы аумақта ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілерінің үстем байланыс операторына шарт негізінде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, субсидиялануға тиіс.
3. Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар субсидияланбайды.
4. Субсидиялар мөлшерін айқындау кезінде Оператор қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін (бұдан әрі - бөлек есеп) жүзеге асыруға міндетті.
5. Қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, субсидиялар мөлшері конкурстың нәтижелері бойынша немесе үстем байланыс операторына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу талаптарымен анықталады.
6. Субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Оператордың бөлек есебінің деректерін ескере отырып айқындайды.
Бөлек есептің деректерін нақтылау үшін уәкілетті орган Оператордан ол тиісті сұрауды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынатын ақпаратты сұрайды.
2. Субсидиялар төлеу тәртібі
7. Операторға төленетін субсидиялар мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауы қажет және телекоммуникацияның залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден болған шығыстар мен нақты кірістер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Нақты кірістер шығыстардан асып түсетін телекоммуникацияның әмбебап қызмет түрлерінің кірісі субсидияланбайды.
8. Операторларға субсидиялар уәкілетті орган мен Оператор арасында ағымдағы жылға арналған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуге жасалған шарттың (бұдан әрі - Шарт) негізінде тоқсан сайын нақты көрсетілген телекоммуникацияның әмбебап қызметтері көлеміне төленеді.
9. Телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы деректер осы Ережеге 1-қосымша түрінде ресімделеді және оны Оператор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін ұсынады. Төртінші тоқсандағы деректер есепті жылдың 15 желтоқсанына дейін ұсынылады.
10. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін Операторға залалдарды өтеу үшін Уәкілетті орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес субсидиялар мөлшері туралы ведомость жасайды.
11. Уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына Операторға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеу үшін субсидиялар мөлшері туралы ведомость пен төлем шотын ұсынады. Төртінші тоқсандағы деректер есепті жылдың 20 желтоқсанына дейін ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 969 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Телекоммуникацияның әмбебап
қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне
1-қосымша
Телекоммуникацияның жеке қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы
20__жылғы____тоқсандағы деректер
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Нақты кірістер, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Жергілікті телефон байланысы қызметтері | | |
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері | | |
Барлығы: |
Оператор _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ___________________
Телекоммуникацияның ұжымдық қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы
20___жылғы_______тоқсандағы деректер
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Нақты кірістер, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Жергілікті телефон байланысы қызметтері | | |
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық қолжетімділік қызметтері | | |
Барлығы: |
Оператор _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ______________________
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 969 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Телекоммуникацияның әмбебап
қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне
2-қосымша
Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін
көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
20__жылғы_____тоқсанға арналған ведомость
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны, теңге | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Шығыстар, мың теңге (3*4) | Нақты кірістер, мың теңге | Субсидиялар мөлшері, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Жергілікті телефон байланысы қызметтері | | | | | |
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығы мен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері | | | | | |
Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге |
Уәкілетті орган _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә.______________
Операторға ұжымдық қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін
көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
20__жылғы____тоқсанға арналған ведомость
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны, теңге | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Шығыстар, мың теңге (3*4) | Нақты кірістер, мың теңге | Субсидиялар мөлшері, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Жергілікті телефон байланысы қызметтері | | | | | |
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығы мен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері | | | | | |
Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге |
Уәкілетті орган _______
Уәкілетті адамның Т.А.Ә.__________