2) 10-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында тізбесі айқындалған құжаттар негізінде беріледі.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер болып табылады.»;
3) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Иемденіп алынған қару оны иемденіп алған күннен бастап бір апта мерзімде тиісті ішкі істер органында тіркелуге тиіс. Қару тіркелген кезде қаруды иемденіп алудың заңдылығын растайтын құжаттардың негізінде осы қаруды сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзімге рұқсат беріледі.»;
4) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту
1. Ішкі істер органдары, егер адамның:
1) тұрақты тұрғылықты жері болмаған;
2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаған жағдайларда, қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттарды тоқтата тұрады.
Адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданысы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзім тағайындалады.
2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ішкі істер органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Рұқсаттың қолданысын қайта бастау және тоқтатылуына бастамашылық жасау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданысын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.
Рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсат беру органы осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.
4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылсын:
1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;
2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 111, 111-1, 112, 298, 330, 330-1, 332, 333, 334, 335, 336, 336-1, 336-2, 336-3, 336-4, 338, 340, 341, 341-1, 344, 355, 356, 356-2, 357, 362, 362-1, 363, 365, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 374, 374-1, 375, 377, 378, 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалған;
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-1, 79-5 және 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;
7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;
8) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қарудың және оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистiк талаптарға сәйкес келмеген;
9) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған жағдайларда тоқтатады.
Ішкі істер органының қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне сотқа шағым жасауға болады.
Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, ішкі істер органдары қаруды иемденіп алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беруден бас тартады.»;
5) 20-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгіленген тәртіппен көрсетілген лицензиялар мен рұқсаттардың қолданысы тоқтатыла тұрғанда немесе одан айырылғанда;»;
6) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаруды, оның негізгі бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.».
20. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;».
21. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бап алып тасталсын;
3) 10-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе шарап материалының импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
1-1. Алкоголь өнімінің импортына осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.
Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес болуға тиіс.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.»;
4) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндіруші:
1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.»;
5) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
2, 3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы лицензия, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, иеліктен шығарылмайтын, лицензиаттың оны басқа жеке және заңды тұлғаларға беруіне болмайтын болып табылады.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензия иеліктен шығарылатын болып табылады.
3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.
Лицензия құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.
4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмай этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.
Алкоголь өнімін өндіруге лицензия өндірушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада өткізуге құқық береді.
Алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткiзу жөнiндегі, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялануға жатпайды.»;
«6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
7) 20-бап алып тасталсын.
22. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 770-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерімен немесе әрекеттермен (операциялармен) селолық тұтыну кооперациясы рұқсаттың не хабарлама жіберудің негізінде ғана айналыса алады.».
23. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат):
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою кезiнде өзге рұқсат беру талаптарын қоюға тыйым салынады.».
24. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күзет қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып лицензиялануға жатады. Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.»;
2) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 18-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге жатады. Қаруды тiркеу кезiнде қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге рұқсат берiледi.
Рұқсаттың нысанын және оның қолданыс мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Жеке күзет ұйымының күзетшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаруды және арнаулы құралдарды сақтау мен алып жүру құқығына рұқсат алуға тиіс.»;
4) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте:
1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылдарды тойтару үшiн;
2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн;
3) құқық бұзушыларды ұстап алу үшін, оның ішінде егер олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткіліктi негiздер болса;
4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
5) дабыл сигналдарын беру немесе көмекке шақыру үшiн;
6) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжаттарының күшiн жоюға әкеп соғады.».
26. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 1-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;
2) 9-2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, қалпына келтіруге және оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;»;
3) 15-3-бап алып тасталсын;
4) 21-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәжді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда рұқсаттардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсаттар беруге;».
27. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бағалаушы жеке тұлғалар бағалау қызметімен осы Заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензия негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес айналысуға құқылы.
3. Бағалаушы заңды тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензия негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.»;
2) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
28. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 11-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
2) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін келісу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және қаржы өнімдерінің тізбесіне (түрлеріне) сәйкес қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын жазбаша хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.»;
3) 32-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 33-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «көшірмесін;» деген сөз «көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
29. «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауылшаруашылық серiктестiгiнiң айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсат алған кезден бастап пайда болады.».
30. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензия алуға құқылы.».